Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21629 материал табылды

Оқиға • 29 Сәуір, 2021

Аймақтағы Азаматтық альянс көшбасшылары Қостанайда бас қосты

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қостанай қаласында Қазақстанның барлық аймақтарынан келген Азаматтық альянстардың қатысуымен өткен үкіметтік емес секторды дамытудың проблемалары мен перспективаларын талқылауға қатысты, деп хабарлайды Еgemen.kz.

Пікір • 29 Сәуір, 2021

Елдің сенімді тірегі

2001 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы тақыры­бы­на шығарма жазғаным есімде. Онда мектеп түлегінің қара­пайым ғана арманы баяндалған еді. Адамдар бір-біріне құрмет­пен қарайтын, бейбітшілік салтанат құрған қуатты әрі үлкен мемлекетте өмір сүру жайлы ойымды қағазға түсіргенмін.

Пікір • 29 Сәуір, 2021

Дана шешім

Еліміздегі ынтымақ пен берекені ту еткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында ұлы шешімнің қабылданғанына куә болдық. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблеяны басқару құқығын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа беру туралы шешім қабылдады.

Оқиға • 29 Сәуір, 2021

Киіктердің әуе есебі жүргізілуде

Қазақстанда ел аума­ғындағы киіктердің санын анықтау үшін арнайы әуе есебі жүргізілуде. Ес­ке сала кетейік, 2020 жы­лы карантиндік шектеу­лерге байланысты әуе есебі жүргізілмей қалған болатын.

Қоғам • 29 Сәуір, 2021

Зайсанды зиянды аудан тазартты

Жуырда Зайсан көлінің жағалауын мекендеген балықшы ауылдарда айта қаларлықтай игі іс-шара өтіп, шалғайда томаға-тұйық тірлік кешіп жатқан бейнетқор қауымды дүр сілкінтіп кетті. Бұл осы өңірдегі барша тұрғындардың бір кісідей атсалысып, ауылдарының маңын, көл жағалауын бей-берекет шашылып жатқан тұрмыстық қалдықтардан, сондай-ақ көл айдынын соңғы уақытта нағыз толғақты мәселеге айналған қытай өндірісі шығарып, тыйым салынғанына қарамастан толассыз саудаланып келе жатқан полиамидті моножіпті құрма аулардан тазартуға жұмылуы болатын.

Әлем • 29 Сәуір, 2021

Қазақстан Covid-19-ға қарсы төл вакцинасын тарата бастады

Қазақстан QazVac атты Covid-19-ға қарсы өз вак­­ци­­на­сын жет­кізуді бастады. Денсаулық сақ­тау министрі Алексей Цой Нұр-Сұлтандағы ем­ха­­­на­да дүйсенбі күні вакци­на­ның алғашқы екпесін алды.

Әлем • 29 Сәуір, 2021

Қазақстан коронавирусқа қарсы ұлттық вакцинасын енгізді

Қазақстан қазіргі кезде кли­ни­калық зерттеулердің ІІІ са­ты­­сындағы QazVac атаулы ұлт­тық вакцинасының көмегімен коро­на­вирусқа қарсы вакциналау нау­қанын бастады.

Пікір • 29 Сәуір, 2021

Ұлт көшбасшысына тән ұлағат

Биылғы сессия өз басым үшін ерекше болды. Елбасымыз өз сөзінде мен туралы да айтты. Бұл – қарапайым жас азамат үшін зор мәртебе, үлкен қуаныш және керемет қанаттандыру.

Руханият • 29 Сәуір, 2021

Қазақ ғылымының ардагері

Қазақ білімі мен ғылымының әз ұясына айнала білген Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бұған дейін 12 ректор қызмет атқарған екен. Әрқайсысы атағы Алашқа белгілі тұлғалар. Әйгілі оқу ордасының беделі мен белесін биікке көтерген қайраткерлер. Солардың арасында 2001-2008 жылдары еліміздегі көшбасшы жоғары оқу орнын басқарған Төлеген Әбдісағиұлы Қожамқұлов ағамыздың да абыройлы атағы көпке мәлім, жастарға үлгі.

Пікір • 29 Сәуір, 2021

Тағы бір тарихи сәт

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясында осы ұйым Төрағасы өкілеттігін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды. Біз осы тарихи сәтке тебірене куә болдық. Өйткені бұл Тұңғыш Президентіміздің еліміздің ішкі-сыртқы саясатын сабақтастықты сақтай отырып, лайықты жалғастырып келе жатқан ізбасары – бүгінгі Мемлекет басшысына деген сенімі мен құрметінің айғағы деп білеміз.