Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21629 материал табылды

Пікір • 28 Сәуір, 2021

Өткеніміз де, болашағымыз да ортақ

Мамыр мерекелерінің басында тұратын Қазақстан халқының бірлігі күні – 1 мамыр да жақындап қалды. Осы күнді әлемнің 142 елі мереке ретінде атап өтеді. Соның ішінде көптеген елде ол – әлі де еңбекшілердің халықаралық ынтымақтастық күні. Ресей мен Тәжікстанда – Көктем мен еңбек күні, Беларусь, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан және Шри-Ланкада – Еңбек күні ретінде атап өтіледі.

Руханият • 28 Сәуір, 2021

Тәуелсіздік және ұлттық мәдениет

Биыл 30 жылға толып отырған қастерлі Тәуелсіздігіміздің тағы­лымы мол тарихына үңіліп қара­сақ, алтын әріппен жазылатын жетіс­тіктеріміз, мақтанатын тұс­тары­мыз өте көп. Әсіресе спорт пен туризм салаларын қоса алған­да ұлт руханиятының негізі – әде­биет, мәдениет және өнер саласында қол жеткізген табысымыз толайым.

Таным • 28 Сәуір, 2021

Ғұлама ғалымның ғибраты

«Сүйер ұлың болса, сен сүй, Сүйенерге жарар ол» Абай

Пікір • 28 Сәуір, 2021

Қазақ детективін қашан оқимыз?

Детектив деп аталатын, шым-шыты­рық оқиғалар желісіне құрылған әдебиет­тің ерекше жанрының дүниеге келуі Эдгар Аллан По есімімен тікелей байланыс­ты екені көпшілікке мәлім. Осыдан 160 жыл бұрын әйгілі қаламгердің «Морг көше­сіндегі өлім» шығармасы детективтің ба­ғын ашып, уақыт өте келе Артур Конан Дойль, Агата Кристи, Джеймс Хедли Чейз, Уил­ки Коллинз, Чарльз Диккенс секілді талант­ты жазушылар оны одан әрі дамыта түсті.

Елбасы • 28 Сәуір, 2021

Келісім мен татулық ұйытқысы

Батыс Қазақстан облысы аумағында 82 этнос өкілдері тату-тәтті тұрып жатыр. Өзімен өзі болып, томаға-тұйық жүрген ешқайсысы жоқ. Кейінгі жылдары облыста этносаралық негіздегі кикілжің де тіркелмеген. Облыстағы этностық топ өкілдері, негізінен, Орал қаласы аумағында және аудандарда қазақтармен аралас мекен етеді. 2021 жылғы 1 қаңтардағы статистикалық мәліметке қарасақ, өңірімізде 656 300 адам тұрады екен. Оның 76,3%-ы – қазақтар, 19,3%-ы – орыстар, 1,4%-ы – украиндар, 1,3%-ы – татарлар, қалған 1,7 пайызы – өзге этнос өкілдері.

Тарих • 28 Сәуір, 2021

Орта ғасырдағы Отырар (Қорық-музейдің дербес экспедициялары ашқан жаңалықтар)

Іргесі өткен ғасырдың екінші жартысында қаланған Отырар қорық-музейінің өңір тарихын зерттеуде, тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау мен насихаттау­да алатын орны ерекше.

Қоғам • 28 Сәуір, 2021

Атауларды «тірілту» – өз қолымызда

Ел газеті «Егемен» Қостанай облысындағы тарихи жер атаулары туралы өте орынды мәселе көтеріп отыр. Өзім Алтынсарин ауданына қарасты Силантьев ауылында тұрамын. Тың игеру жылдары сол кездегі билік бұл ауылды қалай атасақ екен деп ешкімнен ақыл сұраған жоқ, барлық елді мекеннің атауын белден басып әкімшілік жолмен қойды.

Қоғам • 27 Сәуір, 2021

Жүйені жетілдірген өміршең өзгерістер

Еліміздің тәуелсіздігі жылдарында мемлекеттік аппарат Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған маңызды міндеттер мен азаматтардың сұраныстарына сай қызмет ете отырып, өзінің жаңа келбеті мен мәдениетін қалыптастырды. Республикалық референдумда қабылданған Конституцияда азаматтардың мемлекеттік қызметке қол жеткізу құқығына алғаш рет кепілдік беріліп, ресми қолданысқа «мемлекеттік қызмет» термині енгізілді.

Қоғам • 27 Сәуір, 2021

Жер атауы жаңармай, ел жаңармайды

«Жұтылған» жер атаулары қайта «тіріле» ме?» деп аталатын мақаласында автор Тобыл жеріндегі жер-су атауларының тарихи негізін қозғаған екен. Мақалада айтылған Аманжол Күзембайұлы экспедициясының құрамында мен де болдым. Меңдіқара, Ұзынкөл, Федоров, Қарабалық, Қостанай аудандарындағы елді мекендерді аралап, жергілікті тұрғындармен әңгімелесіп, далалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге қатыстым. Содан бері 13 жыл уақыт өтсе де көп дүние өзгермепті.

Пікір • 27 Сәуір, 2021

Айтудай-ақ айтып келеміз

«Egemen Qazaqstan» газетінің 20 сәуірдегі санында жарияланған Нұрқанат Құлабайдың «Жұтылған» жер атаулары қайта «тіріле» ме?» деп аталатын мақаласы көптің көкейіндегі өзекті мәселені қозғаған. Жер-су атауларының бұрмалануы туралы айтудай-ақ айтып келеміз. Мен облыстық «Қазақ тілі» қоғамын басқарып тұрған кезімде ел азаматтарының қолдауымен бұрынғы Семиозер (Әулиекөл), Комсомол (Қарабалық), Ленин (Ұзынкөл), Боровской (Меңдіқара), Джетыгара (Жітіқара) секілді аудан орталықтарының тарихи атаулары қайтарылған болатын. Өкінішке қарай, қазір бұл игі қозғалыс саябырлап қалды.