Әлем • 21 Қазан, 2020
«Egemen Qazaqstan» басылымы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент дайындайтын Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялауды жалғастырады. Оқырман назарына ұсынылып отырған екі мақала да қазіргі таңда өзекті. Бүкіл әлемді әуре-сарсаңға салған коронавирус індетімен күрес әр елде түрлі бағытта жүріп жатқаны белгілі. Тұманды Альбиондағы беделді саналатын University College London университетінің профессорлары Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонның «Айды ату операциясы» (Moonshot operation) деп аталатын бағдарламасын сынға алады. Мақала авторларының пайымдауынша, күнделікті тестілеу санын көп мөлшерде жүргізгенімен, нақты шаралар қабылданбаса, ондай қадам өзінің жемісін бермейді. Керісінше медицина қызметкерлерін шатастырады. Осы орайда, коронавирус пандемиясымен күресіп жатқан қазақстандық саясаткерлер де мақалада айтылған сындарды ескеріп, сабақ алады деп үміттенеміз. Таяуда ғана, 7 қазанда жарық дүниемен қоштасқан ғалым, Нобель сыйлығының лауреаты Марио Молина бүкіл әлемге төніп тұрған қатер – жаһандық жылыну туралы ой қозғайды. Автордың пайымдауынша, Арктиканың еруі – жер-жаһанның дәл төбесінде тұрған бомба секілді. Солтүстік полюстегі әр мұздық еріген сайын бомбаның жарылатын уақыты жақындап келе жатқандай. Бұл мәселеге халықаралық қоғамдастық та бей-жай қарамайтыны түсінікті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебатында сөйлеген сөзінде климаттың жылынуына ерекше мән берген еді. «Климаттың өзгеруі – өркениетімізге қатер төндіріп отырған тағы бір экзистенциалды дағдарыс. Бұл мәселе қауіп төндіріп қана қоймай, сонымен қатар басқа қатерлер үшін «қозғаушы күш» қызметін де атқарады. Адамзат баласы бұл жаһандық сын-қатерге төтеп беруге әлі де қауқарсыз», деген Президент БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді климатты жақсартудың алты оң қадамы атты жоспары аясында күш біріктіруге шақырды. Ендеше, М.Молинаның мақаласы Мемлекет басшысы айтқан мәселемен үндесетіні сөзсіз.
Қоғам • 21 Қазан, 2020
Жыл құстарының ерекшелігі неде?
Жыл құстары наурыз айында ұшып келіп, өніп-өсіп, қараша айында жылы жаққа ұшып кетеді. Құстардың қоныс аударуының басты себебі – ауа-райының суытып, қыс мезгілінің келуі.
Экология • 21 Қазан, 2020
«Адамзаттың ақыл-ойы табиғат заңымен үйлеспесе, онда ол бақытсыздыққа ұшырайды», деген екен Анахарсис. Бүгінде әлемде адамзатқа ортақ проблема көп. Соның бірі әрі бірегейі – қоршаған ортаны қорғау. Кейінгі кезде оның жағдайы туралы дүние жүзіндегі аты шулы ғалымдар, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар аз дабыл қағып жатқан жоқ.
Аймақтар • 21 Қазан, 2020
Ерте кезден Қожа Ахмет Ясауи тұлғасы мен кесенесі Түркі дүниесінің киелі рухани құбылысы болғанмен, тарихи шаһардың тағдыры да, жөні де бөлек. Кесене ХІІ ғасырдағы ақын, ойшыл, ағартушы, сопылық ілімінің негізін қалаған Қожа Ахмет Яcауидің құрметіне салынған. Ел арасында дәстүрлі атауы – «Әзірет Сұлтан». Қала ныспысына келсек, ХVІ ғасырдан бастап құжаттарда «Түркістан» деп жиі қолданылады.
Білім • 20 Қазан, 2020
Coursera платформасында онлайн оқуға мүмкіндік бар
Қазірдің өзінде 8,6 мың қазақстандық қазіргі заманның ең талап етілетін дағдыларын меңгеру үшін Coursera онлайн-білім беру алаңындағы тегін курстарда оқу мүмкіндігін пайдаланды. Бүгінгі таңда тіркелген қатысушылар 10 мыңнан астам сабақ өтті.
Пікір • 20 Қазан, 2020
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты биылғы Жолдауы еліміздің дамуының жаңа міндеттерін айқындап берді. Жолдау жүктеген маңызды міндеттердің ішінде халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыруға, ұлт сапасын арттыруға баса мән беру керектігі ерекше аталып өтті.
Оқиға • 20 Қазан, 2020
Екі күнде 154 құқықбұзушылық анықталды
Тараз қаласында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілген екі күн ішінде 154 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.
Қоғам • 20 Қазан, 2020
Республикалық жолдың 90 пайызы орташа жөндеуден өтті
Елімізде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жалғасып жатыр. Бүгінге дейін жолшылар жолдың 90%-ын қалыпқа келтірген.
Қоғам • 20 Қазан, 2020
Әлеуметтік мекемелер қуат үнемдейді
Бүгінде Петропавл және Көкшетау қалаларында «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ іске асырып жатқан «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» жобасының нысандары бойынша Дүниежүзілік банктің тұрақты өкілі Жан-Франсуа Мартоның екі күндік сапары аяқталды.
Президент • 20 Қазан, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқеав «Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.