Коронавирус • 15 Қазан, 2020
Биылғы індеттің кесірінен шекаралар жабылып, мемлекеттер арасындағы сауда, транспорттық байланыс үзілді. Жоспарланған шаралар мен жобаларды жүзеге асыру мүмкін болмай отыр. Бұл өз кезегінде экономика, білім, әлеумет секілді өзге де салаларға коронадағдарыс тудырды. Әр мемлекеттің індетпен күресте енгізген шаралары да алуан болды. Бірі індет бой көтере бастаған сәттен-ақ қатаң тәртіп енгізсе, енді бірі жағдайдың әбден ушығып, бақылаусыз кеткенін күтті. Нәтижесінде, қоғамда осыған дейін «тұншығып» келген түрлі мәселелердің шеті шықты. Осылайша бұл қиындықтар ел үкіметтері үшін нағыз сынаққа айналды. Жағдай енді дұрысталды ма дегенде кей мемлекеттер коронавирустың қайта өршіп жатқанын мәлімдеді. Індеттің әлем бойынша таралуына есеп жүргізетін Johns Hopkins университеті бүгін Жер шарында 38 миллионнан астам адамның коронавирус жұқтырғанын айтады. Солардың ішінде 1 млн 86 мың науқас қайтыс болған. Ал 26,4 млн адам індеттен құлан-таза айыққан. Қазақстанда да вирус жұқтырғандар саны 100 мыңдық межеден асып кетті. Жазбен салыстырғанда еліміздегі жағдай біраз тұрақталғанымен, денсаулық сақтау өкілдері екінші толқын қаупін айтып дабыл қағуда. Сол себепті де оқу орындары жыл соңына дейін қашықтан білім беруді жалғастыра бермекші. (Тақырыптың жалғасын төменнен оқисыздар)
Руханият • 15 Қазан, 2020
Ақ қауырсын жырларында парасат тұнған ақын Қабдыкәрім Ыдырысовтың мұрасына насихат керек
Бір кездері ұлы тұлғалар көш түзеген Кереку-Баян өңірінің тумасы, қазақ әдебиетінің жарқын өкілі, 1960-1970 жылдардағы қазақ поэзиясында өзіндік өрнегімен, қайраткерлік болмысымен танылған ақын, журналист, көркем аудармашы Қабдыкәрім Ыдырысов туралы әр кез айтып, жас ұрпақ жадында естеліктерді жаңғырту – біздің қасиетті парызымыз.
Экономика • 15 Қазан, 2020
Агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту маңызды
Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің отырысы болып өтті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.
Саясат • 15 Қазан, 2020
Экология • 15 Қазан, 2020
Қалдық полигонының зиянды әсерін азайтады
Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті Семей қаласының Восход кенті тұрғындарының Бабинск карьерінің аумағында орналасқан қалдықтар полигонының зиянды әсері және қолайсыз коммуналдық ахуал туралы бейнесюжеті негізінде 2020 жылғы 28 тамыз – 10 қыркүйек аралығында жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Ең қысқа әңгіме • 15 Қазан, 2020
Ел шебін күзеткен шекарашылар үшін 28 қыркүйек – қаралы һәм ерлік күні саналады. Себебі 1994 жылдың 28 қыркүйек күні батыр шекарашы Раджан тәжік-ауған шекарасындағы күші тең емес жаумен болған қақтығыста ерлікпен қаза тапқан болатын. Ең бастысы, шекарашы сол жолы патриоттық рухтың нағыз үлгісін көрсетті.
Қоғам • 14 Қазан, 2020
"Ар-намысты арқалаған рухты батыр Бауыржан" тақырыбында адалдық сағаты өтті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Ар-намысты арқалаған рухты батыр Бауыржан» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сағаты өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Қазан, 2020
Антропогендік факторлардың әсері тыйылмай тұр
Антропогендік факторлар, бұл – адамның іс-әрекеті және тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болып, қоршаған ортаға және осы ортадағы ағзаларға әсер ететін факторлар. Табиғи факторлармен салыстырғанда антропогендік факторлар биосфераның жағдайын аз уакыттың ішінде өзгерте алады. Осы процестердің өзгеруін бақылауды дүние жүзіндегі барлық экологиялық тұрғыдан қызмет атқаратын (гидрометеорологиялық, сейсмикалык, ионосфералық және басқа) жүйелер жүргізеді.
Медицина • 14 Қазан, 2020
163 млрд теңге медициналық көмекті қаржыландыруға бағытталды
Осы жылдың 8 айында әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС пакетіндегі медициналық көмекті төлеуге 163,6 млрд теңге жіберді, деп хабарлады ӘМСҚ баспасөз қызметі.
Экономика • 14 Қазан, 2020
Тарифтердің күрт көтерілуіне жол берілмейді
Жуырда бірқатар ақпарат құралдарында сумен жабдықтау тарифтері 300%-ға өсетіні туралы ақпарат жарияланған болатын.