Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21629 материал табылды

Таным • 26 Наурыз, 2021

Қазақ хандығын кімдер басқарды?

Осыдан алты жыл бұрын Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығы елімізде  кеңінен аталып өтіп, бағзыдағы бабалар тарихы туралы әңгіме тереңнен қозғалды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты жиында сөйлеген сөзінде атақты Мұхаммед Хайдар Дулатидің деректеріне сүйене отырып, 1465 жылы Қозыбасы тауының етегінде болған тарихи оқиғаға да тоқталды. «Керей мен Жәнібек хандар Әбілқайыр ұлысынан бөлініп, Шу мен Таластың арасында Қазақ хандығының шаңырағын көтерді. Алты Алаш анттасып, айырылмасқа сөз байласып, Ұлытауға таңбаларын қашап жазды. Осылайша, тарих сахнасына Қазақ деген халық шығып, ұлан-ғайыр өлке Қазақ жері деп атала бастады. Одан соң қасқа жолды Қасым хан хандықтың іргесін бекітіп, керегесін керді. Хақназар хан шекарасын Еділдің бо­йына дейін кеңейтсе, Тәуекел хан Түркістан өлкесін түгелдей Қазақ хандығына қаратты. Еңсегей бойлы ер Есім елдің іргесін бекіту жолындағы күресте қолбасшылығымен танымал болды. Салқам Жәңгір хан Орбұлақ түбіндегі шайқаста жоңғарларға ойсырата соққы берсе, Әз Тәуке «Жеті Жарғыны» енгізді», деді Н.Назарбаев. Бүгін Елбасының сол сөзіне арқау болған Қазақ хандығына билік жүргізген хандар туралы деректерді  ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай оқырман назарына ұсынып отырмыз.  

Әлем • 26 Наурыз, 2021

Азия отқа оранбаса екен

АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхиты әскери қолбасшысы қызметінен кетіп жатқан адмирал Филип Дэвидсон 9 наурызда өткен сенат комитетінің жиыны барысында Қытайдың алдымыздағы алты жыл ішінде Тайваньға шабуыл жасап, ол елді жаулап алуды көздеп отырғаны жайлы айтқан болатын.

Пікір • 26 Наурыз, 2021

Барлығы ел мүддесіне бағытталуы қажет

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 25 ақпанда жер дауына қатысты мәселеге нүкте қойғанын үлкен тарихи жетістік деп айтар едім. Себебі «жер жекеменшікте болуы керек» деген нарықтық экономиканың құйтырқы шарттарына бағынбайтын, жерді сатуды ананы сатумен тең көретін арлы ел екенімізді дәлелдей білдік. Ендігі кезекте жер реформаларынан туындайтын өзгерістер мен толықтырулардың тек қана халық мүддесіне бағытталуын қамтамасыз етуіміз қажет. Ол үшін Жер реформасы жөніндегі комиссия жұмысының күн тәртібіне бірнеше мәселені енгізу керек.

Руханият • 26 Наурыз, 2021

Кеңес мемлекетінің ең үлкен құпиясы

ХХ ғасырда КСРО-ның түрлі аймақтарында болған ашаршылық көбінесе билеуші большевиктік жүйенің кінәсінен орын алды. 30-шы жылдардың басында өз халқын күштеп жарылқау мақсатындағы социализм орнату салдары осындай болды. Қазақстан, Украина, Солтүстік Кавказ, Поволжье және басқа да негізгі ауыл шаруашылығы өңірлері тұрғындарының елеулі бөлігі аштан қырылды және елінен ауып қашуға мәжбүр болды.

Коронавирус • 25 Наурыз, 2021

Маңғыстау облысында 12 оқушы және 4 мұғалім коронавирус жұқтырды

17-25 наурыз аралығында Маңғыстау облысында мектеп оқушылары арасында коронавирус инфекциясын жұқтырған 12 жағдай, мұғалімдер арасында 4 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz

Спорт • 25 Наурыз, 2021

Михаил Кукушкин Майами турнирін жеңіспен бастады

Қазақстандық Михаил Кукушкин Майами ATP 1000 турнирін жеңіспен ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экономика • 25 Наурыз, 2021

Сауда министрлігі бағаны тұрақтандыру жөніндегі жол картасының негізгі шараларын түсіндірді

Сауда және интеграция министрлігі Бағаны тұрақтандыру жөніндегі жол картасының негізгі шараларын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап

Таным • 25 Наурыз, 2021

Баукең айтқан естелік

Тіршілік иірімдері адам баласын сан арнаға салады. Өмірден көргенің мен түйгенің жолыңда кездескен ғибратты ғұмыр иелерінің өлмес өнегесімен өлшеніп, өмірің сонымен арайлана түсетіндей. Тағдыр менің маңдайыма ел басқару ісіне ерте араласып, халықпен үндесе еңбек етуді жазыпты. 1976-1983 жылдар аралығында Алматы облысы Жамбыл ауданында аупарткомның бірінші хатшысы болып қыз­мет атқардым. Сол тұста көңіліме өшпестей із қалдырған бір ғала­мат кездесу күні бүгінге дейін көз алдымнан кетпейді. Бұл қазақ­тың маң­дайына біткен батыр ұлы Бауыржан Момышұлымен болған жүздесу еді.

Әлем • 25 Наурыз, 2021

Исландияның табысты жобасы

Бүгінгідей климаттың өзгеруі секілді қоршаған ортаға төнген қауіп әлем елдеріне ой салғалы біраз болды. Өркениетті елдер жаңартылатын энергия көздерін дамы­тып, табиғатты қорғау мәселесін күн тәртібіне шы­ғар­ды.

Пікір • 25 Наурыз, 2021

Әлихан Бөкейханның экономикалық көзқарасы

Алаштың ардақтысы, көрнекті мемлекет қай­раткері Әлихан Бөкейхан − қазақтың дәстүрлі халық шаруашылығын жан-жақты жүйелі зерттеген тұңғыш экономист-ғалым. Ол – жоғары экономикалық білім алған алғашқы қазақтардың бірі. Соның бір дәлелі, 2018 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік орман институтының бас ғимаратында «Әлихан Бөкей­хан 1890-1894 жж. оқыған» деген естелік тақта орнатылды.