Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21629 материал табылды

Қоғам • 21 Наурыз, 2021

Асыға күтетін мерекем

Тәуелсіздігімізбен бірге босағамызға еніп, төрімізге нық орныққан Наурыз мейрамы бүгінде барша қазақстандықтың жалпыхалықтық мерекесіне айналды. Ал Қостанай өңірінде Наурызды қарсы алудың ерекше дәстүрі қалыптасқан. 22 наурызда орталықтағы Достық үйінің маңындағы алаңда өз ұлттық киімдерін киген түрлі этнос өкілдері бас қосып, Ұлыстың ұлы күні – Наурызды мерекелейді.

Қоғам • 20 Наурыз, 2021

Жорамалдар бүй дейді...

Руханият • 20 Наурыз, 2021

Қызықты мәліметтер

Қоғам • 20 Наурыз, 2021

Ұлттық халық санағы: ұпай түгенделетін тарихи сәт

Алдағы күз айларында тұтас бір мемлекеттің ішкі болмыс-бітімі, халықтың тыныс-тіршілігі таразыға тартылатын тарихи сәт күтіп тұр. Олай дейтініміз, он жылда бір рет өткізілетін Ұлттық халық санағы еліміз егемендік алғалы бері осымен үшінші мәрте ұйымдастырылғалы отыр. Үш он жылдықта жеткен жетістігіміз болса, жіліктеп жіпке тізетін, кеткен есеміз болса, кері бұрылып кем-кетігін айқындап алатын сәт бұл. Әрине, халқымыздың барын бағамдайтын бұл санақ өз дәстүрінен жаңылмағанда осыдан тура екі жыл бұрын қолға алынып, нәтижесі сарапталуы тиіс еді. Алайда түрлі себептерге байланысты бұл жұмыс алдымен 2020 жылға, кейін пандемияның кесірінен 2021 жылға шегерілді. Осылайша, ұпайымыз түгенделетін Ұлттық санақты өткізудің сәті биыл келген секілді. Жалпы, халық санағы – белгілі бір уақыт шеңберінде халықтың демог­ра­­фиялық, экономикалық, әлеу­мет­тік си­паттағы ақпаратын жинау, өңдеу, жа­риялау, тарату мақсатындағы жал­пы­ұлт­тық статистикалық сараптау са­нал­­ғанымен, оның ауқымы әлдеқайда кең. Себебі санақтың қорытындысы есеп-қисап үшін ғана емес, ең алдымен мемлекеттің алдағы даму бағытын айқындау, басқарушылық шешімдер шығару үшін қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің үшінші отырысында Ұлттық санақты ұйымдастыру мәселесін айта келе, халық санағы тұр­ғын­дардың нақты санын, оның жас және гендерлік құрамын, урбанизация деңгейін, табыс көлемі мен басқа да маңызды талдау деректерін анық­тап, тексерілген әрі дәйекті бас­қа­ру­шылық шешімдер қабылдауға мүм­кін­дік беретінін атап өткен болатын. Сон­дық­тан мәнге де, мазмұнға да бай бұл науқанға біржақты қарауға болмайды.Келелі іске дайындық барысы да кеңі­нен қолға алынып жатыр. Ел Прези­денті­­нің тапсырмасы бойынша осы Ұлт­тық санақты ұйымдастыру және өткі­зу жұмыстарымен айналысатын арна­йы комиссия құрылды. Бұл ретте «Egemen Qazaqstan» газеті елді елең еткізген енді­гі науқан алдында дөңгелек үстел ұйым­дастырған еді. Оған Премьер-Министр­дің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статис­тика бюросы басшысының орынбасары Нияз Көшкімбаев, Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Экономика институтының ғылыми қызмет­кері, әлеуметтанушы Айсұлу Молда­бекова, БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілді­гінің баспасөз хатшысы Эльнара Байна­зарова қатысып, орамды ой-пікірлерін ортаға салды.

Қоғам • 20 Наурыз, 2021

Бұлақ көрсең көзін аш!

Ұлы далада жарық дүние есігін ашып, Ұлы далада небір ықылым заманнан бері ұлт болып, ел болып қалыптасқан халқымыз табиғаттың әрбір құбылысының қабағына қарап, дүлейімен алысып, күнгейімен қуана қауышып күн кешкен. Яғни табиғаттың төл перзенті болған. Аспандағы Күннің де, астындағы Жердің де қадірін білген.

Қазақстан • 19 Наурыз, 2021

Жастардың дебат қозғалысы қайта жаңғырады

Пікірсайыс -  ұжымдағы әр түрлі көзқарастың, ой-пікірдің ортаға салынып, көпшіліктің талқысына түсуі.

Қоғам • 19 Наурыз, 2021

27 млн теңге: БЖЗҚ мен МӘСҚ басшыларының табысы талқыға түсті

Әлеуметтік желілерде БЖЗҚ мен МӘСҚ басшыларының айлық және жылдық еңбекақысы талқыға түсіп жатыр. Қоғам белсенділері мен әлеуметтік желі қолданушылары екі қор басшыларының «шамадан тыс» көп жалақы алатынына наразы, деп жазады Egemen.kz Lada басылымына сілтеме жасап.

Парламент • 19 Наурыз, 2021

Заңнамалық қолдау қамтамасыз етіледі

Сенатта Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысында сот жүйесі туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды. Оған Жоғарғы соттың басшылығы мен судьялары қатысты, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.

Саясат • 19 Наурыз, 2021

Өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Бүкілқытай­­лық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төраға­сы Ли Чжаншумен бейнеконференция байланысы ар­­қы­лы кездесу өткізді, деп хабарлады Палатаның баспа­сөз қызметі.

Саясат • 19 Наурыз, 2021

Тарихи қадам

2019 жылдың 19 наурызы – тәуелсіз мемлекет тарихының жаңа тарауы, даму даңғылындағы тағы бір белесі ретінде тарихқа енді. Бұл – жас қазақ мемлекетінің іргесін қалап, оны жаңа заманға сай қуатты ел болып қалыптасуы жолына бар қажыр-қайраты мен өмірін арнаған Елбасының өз өкілеттігін саясаттағы сенімді серігі Қасым-Жомарт Тоқаевқа сеніп тапсырған, жұрттың жадында мәңгі сақталатын айрықша күн.