Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21629 материал табылды

Оқиға • 18 Наурыз, 2021

Шекара маңындағы аудандарды аралады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған жұмыс тобы Түркістан облысының шекара маңындағы аудандарын аралады. Жұмыс сапары барысында Е.Тоғжанов Түркістан облысы Сарыағаш ауданының Бағыс және Хиябон ауылдарының әлеуметтік нысандарының жағдайымен танысып, тұрғындарымен кездесті.

Білім • 18 Наурыз, 2021

Өзгеше боламын десең...

Соңғы онжылдықта болған алапат өзгерістер адамзат баласын да өзгерткен сыңайлы. Дәлірек айтқанда, адам­дар­­дың ойлау қабілетіне, көшбасшылық және де өзге­лер­мен бә­се­келес болу қабілетіне өз ықпалын тигізді. Осыған сай адам миы­ның функциясы мен іс-әрекетіне қатысты тұжырымдар жа­ңа­ша дәйектермен толықты.

Білім • 18 Наурыз, 2021

Silkway халықаралық университетіндегі түркологиялық зерттеулер: мақсат-міндеттері мен нәтижелері

Біздің университеттегі түркология бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының қолға алынып, зерттеу тақырыптарына айналуы оқу орнының алғашқы ректоры болған филология ғылымдарының докторы, профессор Мейірбек Оразұлының есімімен тікелей байланысты. Академик Ә.Қайдармен бірлесіп, алғаш рет қазақ тілінде «Түркологияға кіріспе» оқулығын жазған, қазақ тілінің семантикасы, грамматикасы жайындағы зерттеу еңбектерін түркі жазба ескерткіштерінің және қазіргі түркі тілдерінің материалдарымен салыстырмалы-тарихи тұрғыда зерттеу нысанына айналдырып, құнды монографиялар жариялаған М.Оразовтың түркітануға қосқан үлесі мол еді. Ғалым өзінің аз ғұмырында қазақ тілінің тарихы, жазба ескерткіштердің тілі, кітаби тіл бо­йынша бірнеше шәкірт тәрбиелеген болатын. Олар қазір еліміздің жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінде еңбек етуде.

Қоғам • 18 Наурыз, 2021

Ауылда тұрса да – ақсаусақ

Көршіммен күнара таңертең далада кездесіп қаламыз. Мен жұмысқа, ол әдеттегідей сүт дүкеніне асығып бара жатады. Біздің жақтағы жалғыз сүт дүкеніне Тайынша ауданынан ақтың төресі жеткізіледі. Дүкен ашылғанша, есігінің алдында теңселіп біраз жүреді. Сатушыны күтіп алып, керегін ала сала үйіне қарай асығады. «Сүтті ішесіз бе?» десем: «Кемпірім сүт ұйытады, ірімшік пісіреді. Ауылдан қалған әдет қой», дейді. Балалары үшін облыс орталығына көшіп келген бұл қария ауылдың ағын аңсайды.

Туризм • 18 Наурыз, 2021

Үлгі алатын үрдіс

Мыңдаған жыл бойы ұлы өркениеттердің мекені болған қаншама орталық жермен жексен болды. Әрине, соның дені адам озбырлығынан. Әлемнің білім ордаларына айналған Бағдат, Шам сынды мәдени ошақтардың да күлі көкке ұшты. Солардың сақталып, бүгінге дейін жеткендері ірі туризм орталықтарына айналды. Соның бірі – Анадолы, қазіргі Түркия жері.

Елбасы • 17 Наурыз, 2021

Тәуелсіздікті тұғырлы еткен тұлға

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту аясында оның негізін қалаудағы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлін көрсетіп, Елбасы саясатының сабақтастығын өткізілетін барлық іс-шараның идеологиялық өзегіне айналдыруға ерекше мән беріп отыр. Бір қарағанда, бұл әлем мойындаған және ел аузында жүрген факті болғанымен, оны өз көзіммен көріп, құлағыммен естігеніме қарамастан, шын мәнісіне келгенде, Елбасы туралы сөз қозғаудың маған да оңай болмасы анық. Өйткені тәуелсіз Қазақ елінің Тұңғыш Президентінің осы жылдардағы мол саяси мұрасы мен тәжірибесінің «ішкі дүниесіне» үңіліп, түйсіну және оған баға беру біздің ғана емес, келесі жас буын елбасытанушылардың да еншісіне тиіп, одан әрі тереңірек зерттеп, толыққанды сараптауларын қажет етері сөзсіз.

Спорт • 17 Наурыз, 2021

Алмас балуан

Қазақ самбошыларының ішінде КСРО-ның ересектер чемпио­натында олжаға ең көп кенелген жамбылдық балуан Алмас Мұсабеков екен. Кеңес Одағының екі дүркін чемпионы, алты мәрте жүлдегері. Оның бұл рекордын қазақ самбошыларынан ешкім өзгерте алған жоқ. Қадірлі оқырман, Алмастың ұстазы – Кеңес Одағының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Марат Жақыттың тамыры тереңге бойлаған бапкерлік білігінің бір ұшын осы жерден іздеу керек.

Пікір • 17 Наурыз, 2021

Мәселеге кеңінен қарау керек

Жалпы «жауапкершілік принципі» деген ұғым бар. Әр адамның жауапкершілігі әртүрлі. Ал саяси жауапкершіліктің ауқымы кең, ауыртпалығы да көп.

Пікір • 17 Наурыз, 2021

«Командамен жұмыс істеудің» кесірі көп

Құрамына 50-ге жуық мемлекет кіретін Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сала­сында арнайы конвенциясы бар. Бұл құжатта да жемқорлыққа қатыс­ты жауапкершілік екі жаққа – қол ас­тындағы қызметкер мен басшы­лыққа теңдей қарас­ты­рылады.

Экономика • 17 Наурыз, 2021

Жүкті контейнермен тасымалдауға көшеді

Қазақстандық экспорттаушылар контейнер­лік тасымалдарға қызығушылық танытуда. Тасымалдаудың бұл нұсқасы жүктерді ҚХР-мен шекаралық өткелдер арқылы өткізуді тездетуге мүмкіндік береді.