Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21629 материал табылды

Руханият • 17 Наурыз, 2021

Мерғалым қажы

Павлодар облысындағы Ақсу қаласына таяу №6 ауылда шағын мұсылман зираты бар. Оның аумағында құлпытастар орнатылған ескі молалар жатыр. Солардың ішінде ерекше маңызы бар бір қабір – Павлодар-Ертіс өңірінен шыққан алғашқы қажылардың бірі Мерғалымдікі.

Таным • 17 Наурыз, 2021

Қазақ даласындағы аштық және онымен күрес туралы

Қазақ халқы Кеңес өкіметінің тұсында бірнеше алапат аштықты бастан кешірді. Соның бірі – 1921-1922 жылдардағы аштық еді. Бұл аштық – тек Қазақстанның 5 губерниясын ғана емес, Ресейдің 30-дан астам губерниясын қамтыды. Әсіресе, Ресейдің Самара, Саратов, Поволжье, Оңтүстік Украина, Қырым, Башқұртстан, Приуралье және Батыс Сібір аймақтары аштықтан қатты зардап шекті. Аштық жайлаған осы 35 губернияны мекендеген 90 миллион халықтың 40 миллионы (ресми мәліметтерде 28 млн) аштықтың ауыр зардабын тартса, оның 5 миллионнан астамы алапат аштықтың құрбаны болды. 1920 жылғы 28 тамызға дейін жүргі­зілген демографиялық санақ пен осы жылдың күз айларында аяқталған ҚАКСР ауыл шаруашылығы санағының нәти­желеріне сәйкес жасалған ҚАКСР Ста­тистика басқармасының қоры­тын­дысы бойынша 1920 жылы ҚАКСР-де барлығы 4.938.383 адам тіркеуге алын­са (сол кездегі Түркістан АКСР-іне қарасты Сырдария және Жетісу об­лыстарының халқын қоспағанда), 1923 жылы ҚАКСР-дегі халық саны – 3.786.910 адам болған. Бұдан 1920-1923 жылдар аралығында ҚАКСР-де халық санының 1.151.473 адамға кемігенін байқаймыз (Осы мәліметке қарай отырып, шамамен алғанда азайған 1,151 мың халықтың қаншасының аштықтан, қаншасының жұқпалы ауру­лар мен індеттерден қайтыс болғанын және қан­шасының көршілес республикаларға босып кеткенін терең зерттеп, нақтылау қа­жет деген қорытынды жасаймыз). Аштық басталған соң-ақ, В.И.Ленин бастаған большевиктер партиясы шұғыл дабыл қағып, аштыққа қарсы күрес жұмыс­тарын бастады. Осы жұмыс ая­сында, 1921 жылы 18 маусымда Бүкіл­ресейлік ОАК декреті бойынша Ашық­қандарға көмектесетін Орталық комиссия (ЦК Помгол) құрылып, оны БОАК төрағасы М.И.Калинин басқарды. Мұн­дай комиссиялар РКФСР-ға қарасты бар­лық автономиялы ұлттық республикалар мен облыстарда, губерниялар мен уездерде түгел құрылды. Соның бірі – 1921 жылы 8 шілдеде құрылған ҚАКСР ОАК жанындағы Ашыққандарға көмек­тесетін төтенше комиссия (АКТК) еді. Комиссияны Қазатком төрағасы С.Меңдешев басқарса, оның алғашқы құрамына мүше болып Азық-түлік (И.О.Шлейфер), Жер-су (В.Н.Харлов), Әлеуметтік қамсыздандыру (Ә.Т.Жангелдин) халық комиссарлары және ЖШИ халкоматының өкілі кірді. Барлық губаткомдар мен уаткомдардың және ауаткомдардың жанынан ашыққандарға көмектесетін жергілікті комиссиялар құрылды. Болаткомдардың, ауылдық және селолық кеңестердің жанынан ашық­қандарға көмектесетін өзара кө­мек комитеттері мен ұяшықтар ұйым­дастырылды. 1921 жылы 6 қазанда өткен ҚАКСР Кеңестері ІІ съезінің 4-ші мәжілісінде Азық-түлік халкомының міндетін ат­қа­рушы И.О.Шлейфер «Аштықпен күрес туралы» баяндама жасады. Съезд Шлейфердің баяндамасын талқылап, «Аштықпен күрес туралы мәселе жөніндегі қарар» қабылдады. 1921 жылы 25 қазанда ҚАКСР ОАК Президиумы АКТК құрамын кеңейтіп, оны Ашыққандарға көмектесетін ор­талық комиссияға (АКОК) айналдырды (Комиссия 1922 жылдың 26 қыр­күйегінде таратылып, оның орнына Аштық салдарымен күресетін орталық комиссия құрылды). АКОК құрамына ашыққандарға көмектесуге ықпал жасай алатын барлық мемлекеттік билік органдарының өкілдері енгізілді. 1922 жылы 12-17 ақпан аралығында аштыққа ұшыраған губерниялар өкіл­дерінің қатысуымен Орынборда өт­кен Ашыққандарға көмектесетін комис­сиялардың І бүкілқырғыздық (бүкіл­қазақтық) съезінде АКОК төраға­сының орынбасары С.Д.Сергеев аштықпен кү­рес туралы баяндама жасады. Ал арада 2 күн өткен соң Орынборда басталып 27 ақпанға дейін созылған Екінші облыстық партконференция делегаттарының алдында С.Меңдешев «ҚКСР-дегі аштық және онымен күрес туралы» баян­дама жасады. Біз бүгін Қазаткомның тұң­ғыш төрағасы болған С.Меңдешевтің сте­но­гра­фиялық есепке түскен осы баяндамасын (ҚРПА, 139-қор) орыс тілінен ауда­­рып, редакцияға ұсынған Сәбит Шілдебайдың материа­лын жариялап отырмыз.

Пікір • 17 Наурыз, 2021

Ендігі мәселе – сапалы заң дайындау

«Қазақстан Республикасының Президентi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы №2733 Конституциялық заңының 9-бабы – Республика Президентiнiң Парламентке қатысты өкiлеттiгi деп аталады.

Пікір • 17 Наурыз, 2021

Қай халық үшін де жер қадірлі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жерді шетелдіктерге сатпау және жалға бермеу жөніндегі шешімін қолдаймыз. Жер – ата-бабаларымыздан ұрпаққа мирас болып қалған асыл мұра.

Әлем • 17 Наурыз, 2021

Еуропаның цифрлы онжылдығының маңызы жоғары

Таяуда Еуропалық комиссия «цифрлы онжылдық» құжатын қабылдады. Онда 2030 жылға дейінгі цифрлы технология саласындағы өзекті мәселелер қамтылған. Project Syndicate жобасы аясында «Egemen Qazaqstan» жариялап отырған мақалалардың біреуі осы мәселеге арналған. Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Хосеп Боррел мен Еуропалық одақтың Бәсекелестік жөніндегі комиссары Маргрет Вестагер бірлесіп әзірлеген мақалада қарт құрлықтың цифрландыру саласындағы көзқарасының маңызы жайлы сөз қозғалады. Автор­л­ардың сөзіне сүйенсек, Еуропалық одақ әлемдегі цифрлы технология саласын дұрыс бағытқа бұруға қабілетті. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін қарт құрлықтың ше­неу­ніктері тиісті шараларды іске асырып, халықаралық ынтымақтастық орнатуы қажет. Принстон университетінің биоэтика профессоры Питер Сингер АҚШ-тағы мынадай қызық оқиғаға тоқталады. Тұрғындарға вакцина салуға жауапты Хасан Гокал артық қалған екпелерді басқа адамдарға егеді. Кейінірек осы әрекеті үшін жұмыстан шыға­рылып, жауапқа тартылған. Автор осы оқиғада дәрігерді қудалағандарды сынға алады. Естеріңізге салайық, әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасының мақалалары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.  

Руханият • 16 Наурыз, 2021

Эмигранттар: Түркі зиялылары туралы құжаттарды жинақтау, ғылыми зерттеулер аясын кеңейту мәселелері хақында

Архив – адамзаттың ғасырлар бойы жинақталған тарихи жады, бүгін де, ертең де ұрпақтар мүддесіне қызмет ететін мәңгілік мұра. Кеңестік билік тұсында қазақ халқының өткен тарихының талай кезеңі, аумалы-төкпелі оқиғалары, олардың себеп-салдары, елі үшін, жері үшін жанпида тірлік кешкен даңғайыр тұлғалар, хандар мен билер, батырлар, ғұламалар, репрессия құрбандары және тағы да басқалар жайында көп нәрсе күңгірт, «жабулы қазан жабулы» күйінде келгені, тіпті оларды халық жадынан мүлде өшіру әрекеттері болғаны бәрімізге мәлім.

Руханият • 16 Наурыз, 2021

Адамдықты, ерлікті айтқан ерен ақын

Ақын Жамбыл тағдырының алғашқы кезеңі, дәлірек айтсақ, Кеңестік дәуірге дейінгі өмір жолы «қар қауып, мұзға түскен», қоқандық отарлаудың ойранынан пайда болған аса ауыр жағдайда өтті.

Әдебиет • 16 Наурыз, 2021

Ақ бұлттар арасындағы арман

Іркес-тіркес жөңкіген ақша бұлттар арасында ұшып бара жатыр екен дейді. Қайда барады? Жерге қашан түседі? Пән­дәуи тірлікпен күнде аралас-құ­ралас жүрген ауылдастарына қашан қайтады? Бұл арасын ажыратып алуға ынтасы да, ықыласы да жоқ, өн бойын белгісіз бір көгілдір әлемге еніп кетсем-ау деген құштарлық билеген Ақтоты ақ торғындай осы жұмбақ әлемнен кері қайтқысы келмеді. Жанының сыңсыған күйі жүрегін беу-беулеткен бей­нетті күндерінің барлығы осы­мен бітсе екен деп тілейді. Жеңілдеп қалыпты, тұла бойында өкініштің табы да, сызы да білінбейді. Тек бір ғана уайымы бар сияқты. Ол ненің уайымы?

Әлем • 16 Наурыз, 2021

АҚШ-та індеттен қайтыс болғандар саны күн санап өсіп келеді

Нью-Йорк мэрі Билл Де Блазио COVID-19-дан қайтыс болғандарға арналған салтанатта пандемия құрбандарының саны Екінші дүниежүзілік соғыста, Вьетнамдағы қақтығыста, Сэнди дауылында және 2001 жылғы 11 қыркүйектегі террорлық шабуылдар кезінде қаза тапқан қала тұрғындарының санынан асып түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Әлем • 16 Наурыз, 2021

Қытай Alibaba-дан медиа активтерінен бас тартуды талап етті

Қытай билігі компаниядан медиа активтерін азайту мақсатында алдағы уақытқа жоспар құруды сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz Wall Street Journal сайтына сілтеме жасап.