Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19855 материал табылды

Саясат • 01 Қыркүйек, 2020

Екі күнде 8,5 мың тұрғынға кеңес берілді

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясын ұзартуды тапсырды. Акцияның алғашқы екі күні ішінде 8,5 мың адам кеңес алды.

Саясат • 01 Қыркүйек, 2020

Ата Заң және қазақстандық патриотизм

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Ұлттық сананы сақтау және оны заман талабына сай бейімдеу мемлекеттік маңызы бар мәселеге айналды. Өйткені сананы жаңғырту арқылы ХХІ ғасырда еліміздің тың серпінмен дамуына жол ашамыз», деп атап өтті. Осы пайымдардың қазіргі жағдайда өзектілігі айрықша екені айқын. Ұлттық сананы сақтау мен жаңғырту қазақстандық патриотизм ұстанымын шынайы қалыптастыру мен оны нығайту мәселелерімен ұштасып жатқаны анық.

Спорт • 01 Қыркүйек, 2020

Марафоншы қария

Соңғы жылдары саламатты өмір салтын ұстанған солтүстікқазақстандықтардың саны артуда. Ресми мәліметке қарағанда бұқаралық спортпен шұғылданатын жерлестеріміздің саны биыл 176 мыңға жеткен. Олардың қатарында зейнет жасына жетсе де, кәрілікке бой алдырмай жүрген қарттар да баршылық. Солардың бірі – Петропавл қаласының тұрғыны, марафоншы Қазыбек Бекеев.

Оқиға • 01 Қыркүйек, 2020

Тіл курстарының жемісі

«Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» заңның 4-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мем­лекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қаты­нас­тар­дың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік бас­қару, заң шы­ғару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі. Қазақстан хал­қын топтастыру­дың аса маңызды факторы болып табылатын мем­ле­кеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір аза­ма­тының парызы» деп біздің алдымызға нақты міндет қойып отыр.

Парламент • 01 Қыркүйек, 2020

Шешімін күткен мәселелер бар

Сенат депутаты Н.Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік нысандарын аралады. «Қазсушар» кәсіпорнының аймақтық филиалының басшылығымен кездесуде депутатқа Жайық өзеніндегі су дең­гейі­нің төмендегені айтылды. Депутат «Жа­йық өзеніндегі су деңгейінің төмендеуі Шаған өзені ағысындағы су көлемінің азаюына алып келеді. Ал Шаған өзенін бұру облыстың оңтүстік бөлігін сумен қамтамасыз ететін Жайық-Көшім ирри­гациялық жүйесінің негізгі көзі ретінде үлкен шаруашылық маңызға ие. Сондықтан Жайық өзеніндегі жағдайды өңірлік деңгейде емес, мемлекетаралық дең­гейде шешу қажет», деді.

Саясат • 01 Қыркүйек, 2020

Бастапқы кәсіптік даярлауға іріктеу жарияланды

Бас прокуратура, Сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Қаржы министрлігінің Қаржы мони­торингі комитеті құқық қор­ғау қызметіне алғаш рет кіре­тін адамдар үшін алғаш­қы кәсіби даярлыққа іріктеу жариялады.

Қазақстан • 01 Қыркүйек, 2020

Онжылдықтың басты трендтері

Қазақстанда форсайт сессиялары аяқталды. Сарапшылар қазақстандықтардың қазіргі басты трендтерін зерттеп, үш бағыт бойынша 2030 жылға дейінгі сценариін ұсынды.

Білім • 01 Қыркүйек, 2020

Онлайн vs офлайн оқу жүйелерінің қайсысы озық?

Пандемияға байланысты еліміздегі оқушылар сабақты қашықтан оқуға мәжбүр. Мұғаліммен тікелей байланыста бол­маған­нан кейін білімді айтарлықтай жетілдіру оңайға соқпасы анық.

Абай • 01 Қыркүйек, 2020

Ұлы ойшыл әлемін Тәкенше пайымдау

Абайтануға көп жылын арнап, індете зерттеген көрнекті жазушы, сыншы Тәкен Әлімқұлов 1972 жылы «Жазушы» баспасынан «Жұмбақ жан» атты әдеби сын кітабын шығарған еді. Еліміз зиялы қауымы арасында ерекше құбылыс болған бұл құнды еңбек 1993 жылы Абайдың 150 жылдығына орай қайта басылды.

Руханият • 01 Қыркүйек, 2020

«Аттың сыны» Ұлы Абайды қайта оқығанда

Қазақтың ертеректегі сөз өнерінде «жақсы қыз», «жақсы әйел», «жақсы жігіт», «қыран құс», «жүйрік ат» дегендер тұрақты тақы­рыпқа айналған еді. Өйткені бұлардың байырғы тұрмыс-салт дәстүріндегі орны ерекше болды. Абай да осы тақырыптардың біріне қалам бұрып, ойға арқау, тілге тиек етті. Сондағы айтайық дегеніміз, баршамызға белгілі аттың сы­нын сипаттаған өлеңі.