Әлем • 29 Қаңтар, 2021
Шекарадан дрон арқылы тапанша өткізбек болғандар ұсталды
Қазақстан – Өзбекістан шекарасынан Макаров тапаншасын өткізбек болған екі өзбек азаматы ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы UZnews сайты мәлімет таратты.
Әлем • 29 Қаңтар, 2021
Ресейдің ЖОО-дары дәстүрлі оқу форматына оралады
Ресей университеттері 7 ақпаннан бастап Роспотребнадзордың аумақтық органдарымен келісе отырып, күндізгі оқуға оралады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 29 Қаңтар, 2021
LRT ісі: Басты күдіктілер іздестірілуде
Іздеуде жүрген Т.Ардан мен Қ.Сұлтанбековтің орналасқан жері туралы болжамды ақпарат белгілі екені анықталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бөлім басшысы Сергей Перов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 29 Қаңтар, 2021
Мәңгілік алауда кәуап дайындаған дағыстандық қамалды
Дағыстанның Дербент қаласы саябағында Мәңгілік алауда кәуап дайындаған жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 29 Қаңтар, 2021
Экологиялық білімсіз табиғатты сақтау қиын
Пандемия басталғалы бері еліміздің табиғатына түскен жүктеме бірнеше есеге артты. Өкінішке қарай, ішкі туризмнің әлеуеті көтерілгенімен, адамдардың қоршаған ортаны қорғау мәдениеті ақсап тұр. Бұл – мән беруге тұрарлықтай мәселе.
Пікір • 29 Қаңтар, 2021
Аумақтарды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, цифрландыру және адами капитал – 2021 жылға арналған еліміздің экономикалық күн тәртібінің басты бағыттары. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.
Пікір • 29 Қаңтар, 2021
Қоршаған ортаға мән беруі тегін емес
2020 жылы экологияға қатысты жаңалықтар аз болған жоқ. Айталық, «Көкжайлау» тау-шаңғы аймағындағы құрылыс жұмыстары қоғамда резонанс тудырып, Мемлекет басшысының пәрменімен ондағы жұмыстар тоқтатылды. Экология мәселесіне келгенде, Президенттің ұстанымы қоғам тарапынан қолдау тауып отырғаны белгілі.
Руханият • 29 Қаңтар, 2021
Қап-қараңғы аспаннан бір жұлдыз ағып түсті, бірақ сөнбейтін жарқыраған жарығы қалды. Әлия Молдағұлова қазақ бесігінде тербеліп, қара домбыраның күйін қанына сіңіріп, елдің өткен-кеткен тарихымен сусындаған, өлмейтін қазына қайнарын томашадай жүрегіне шырағдандай жағып еді. Жиембет жыраудың ержүрек жары Есенқыздың ерлігін ұқты ма? Дала дауылпазы Махамбеттің көтерілісіне он бес жасынан қатысып, құралайды көзінен ататын мерген әрі ақын Алмажанның батырлық қасиетін кеудесіне ұялатып, берік тұтты ма? Тарих қойнауындағы қанды қырғындарда қазақ қыздары ерлермен бірге туған жерін қорғай білді. Олардың есімдері қап-қараңғы түндерде де жұлдыз болып жанып, ерлік пен елдіктің киесін ұқтырды.
Пікір • 29 Қаңтар, 2021
Саналы ғұмырын заңгерліктің қыр-сырын терең зерттеуге арнап, отандық құқық саласының дамуына орасан зор еңбек сіңірген Салық Зимановтың Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік механизмін қалыптастыруға қосқан үлесі ұшан-теңіз.
Таным • 29 Қаңтар, 2021
Қазақ халқының қаһарман перзенттері Ұлы Отан соғысының қан майдандарында ерліктің ғажайып үлгісін көрсетті. Сол үшін 104 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Салыстырар болсақ: саны қазақтардан екі есе көп өзбек халқынан бұл атаққа 67 адам, ал бауырлас түрікмен, тәжік және қырғыз халқынан шыққан барлық батырлар санын қосып есептегенде Ұлы дала ерлеріне жете алған жоқ. Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылып, бірақ ол түрлі себептермен берілмей қалған қаһармандарымыз да болды. Ұлы Отан соғысының даңқты сұрмергені – Ыбырайым Сүлейменов осындай ерлердің бірі еді. Батырдың биік тұлғасы да, ғажайып ерлігі де туған халқымен мәңгі жасайтын болады. Редакциядан