Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21629 материал табылды

Парламент • 28 Қаңтар, 2021

Архивтер мәселесіне арналды

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері еліміздің Мәдениет және спорт министрімен кездесті. Ел Пре­зидентінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жол­дауын іске асыру аясында архив­тер мен кітапхана қорының жай-күйі, қолжазбаларды, сирек кез­де­сетін кітаптар мен құнды құ­жат­тарды цифрландыру күн тәрті­біндегі басты мәселе болды, деп ха­барлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Пікір • 28 Қаңтар, 2021

Заманауи заңдар дамуға серпін береді

Биыл еліміздің заң шығару билігін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы Қазақстан Парламентіне – 25 жыл. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары бұрынғы КСРО құрамында болған республикалармен экономикалық байланыстардың үзілуі салдарынан елімізде орын алған дағдарысты еңсеру және төл экономикамызды қалыптастырудың алғашқы кезеңі болды. Бұл көптеген өнеркәсіп орындары жұмысын тоқтатып, жұмыссыздық көбейген, халық үшін ауыр соққан уақыт еді. Дәл осы кезде Қазақстанның алғашқы кәсіби Парламенті Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Ә.Назарбаев қолға алған түбегейлі экономикалық реформалардың заңнамалық негізін қалауда аса маңызды рөл атқарды.

Технология • 28 Қаңтар, 2021

TLab өнімі вирусқа қарсы талдау жасайды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық инфрақұрылымының қауіпсіздігін қам­тамасыз ету үшін 2020 жылдың тамыз айынан бас­тап Network Sandbox (желілік құмсалғыш) – tLab өнімі пайдалануға енгізілді.

Оқиға • 28 Қаңтар, 2021

Экспорттаушыларға электронды шот-фактуралар қажет

Еліміздің Қаржы министрлігінің Мем­лекет­тік кірістер комитеті 2021 жылдың 20 қаң­тарынан бастап Дүниежүзілік сауда ұйымының алып қою тізбесіне енгізілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспорттау кезінде электронды шот-фактураларды (ЭШФ) жазып беру проблемасы туындағанын хабарлайды.

Аймақтар • 28 Қаңтар, 2021

Ақтаудың ажарына көлеңке түсірген ескі үйлерді неге жаңғыртпаймыз?

Қайта құрылымдау, жаңғырту немесе күрделі жөндеу – кез келген үйде болатын табиғи құбылыс. КСРО кезінде жаңа құрылысқа бөлінетін қаражаттың жартысына тең қомақты сома осы мақсатқа бөлінетін. Қош, ол заман келмеске кетті, бірақ мәселе қалды.

Таным • 28 Қаңтар, 2021

Шәрбану шығармаларындағы нарратология мәселелері

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Шәрбану Бейсенованың туындылары бесіктегі баласының болашағына алаңдаған Ана табиғаты арқылы бүкіл адамзаттық құндылықтарды, ұрпақ пен ұлт, өмір мен өлім арасындағы экзистенциалдық мәселелерді қозғайды. Әрине, мұндай кең мағыналы, терең тамырлы ой толғау үшін авторға қазақтың ғана емес, әлемдік руханияттағы арғы-бергі асыл қазыналарды ақтарып-төңкеретін, оларды игеретін ынта мен мақсат, ең бастысы телегей-теңіз білім керек. Әлем әдебиетінің үздік үлгілерімен жете танысқан жазушы Ш.Бейсенова отбасымен қатар қоғамда әйел затының өз жаратылысы мен болмысына сай қасиетті де киелі орны бар екендігін әрбір әңгімесінің темір қазығы етіп, Әйел-Ана табиғатының тылсым сырларын, құпия қалтарыстары мол болмыс-бітімін шебер бейнелеуге бейім.

Пікір • 28 Қаңтар, 2021

Өзекті мәселеге назар аударды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында жайылымдар мәселесіне арнайы тоқталды. Ауыл адамдарының байлығы – жайылым. Сол арқылы олар өздерінің өрісін кеңейтіп, табысын арттырып, жағдайын жақсартып отыр. Малын жаятын жер таба алмау – үлкен проблема.

Пікір • 28 Қаңтар, 2021

Ұтымды ұсыныс жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында ел дамуына серпін беретін маңызды мәселелер көтерілді. Бұл ретте Президент экономикалық қылмыстармен күрес мәселесін де назарға алып, ұтымды ұсыныс жасады.

Пікір • 28 Қаңтар, 2021

Полиция қызметіне серпіліс әкелетін модель

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында құқық қорғау органдары жұмыстарының озық әдістерін пайдалануының маңыздылығын атап өтті. Осы орайда «Полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидатын енгізу оның модульдік бекеттері желісін дамыту, полицияның жаңа учаскелік пункттерінің орналасуын оңтайландыру, бейнебақылау жүйесін дамыту, сондай-ақ «икемді» патрульдеу әдісін енгізу арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта бұл бағытта өте белсенді жұмыс жүргізілуде.

Руханият • 28 Қаңтар, 2021

Кібісе жылдың көктемі

– Лыкен, көтер қазанды, әкел ба­рыңды! Құтты қонақ кеп қалды!.. Үйге кіре сөйлеген Мұқа­ғали­дың даусы жарқын шықты. Лашын оның сыйлы біреуді ертіп келгенін түсіне қойды. «Онысы кім болды екен?»