Оқиға • 27 Қаңтар, 2021
Былтыр Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының құрылғанына 75 жыл толды. Институт Кеңес Одағының фашизмге қарсы екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жетуі тұсында құрылды. Бұл соғысты Кеңес халықтары фашистік Германияға қарсы «Ұлы Отан соғысы» деп атаған еді. Соғыстан тұралап шыққан елдің, күйреген экономиканың, миллиондаған адамдардың өмірі қиылған трагедияның орын алуына қарамастан Қазақстанда 1945 жылы Тарих, археология және этнография институты құрылды. 1941 жылдан бері бұл ғылыми ұжым Тіл, әдебиет және тарих институты құрамында болып келген еді. Жаңа институттың ашылуына 1944 жылғы 6 желтоқсандағы КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысы және 1945 жылғы 14 тамыздағы КСРО ҒА Қазақ филиалының Президиумының қаулысы негіз болды. 1961 жылы қаңтар айында институтқа қазақ академиялық ғылымының негізін қалаушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың есімі берілді. 1991 жылдың қыркүйегінен бастап институт Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты болып аталды. Мен осы өзгерістердің куәсі болдым.
Оқиға • 27 Қаңтар, 2021
Ғылыми-технологиялық дамуға инвестиция құяды
ҚазҰУ ІТ, инновациялық және медико-биологиялық кластерлерді қамтитын «Әл-Фараби» ғылыми-технологиялық алқабын (ҒТА) құру жөніндегі ірі инвестициялық жобаны іске асыруға кірісті.
Таным • 27 Қаңтар, 2021
Мәскеу фестиваліне барғанда...
1985 жылы кешегі келмеске кеткен Кеңес Одағының айдай әлемге әйгілі астанасы – Мәскеу қаласында жастар мен студенттердің дүниежүзілік XII фестивалі өткенін бүгінде біреу білсе,біреу білмейді.Жер шарының түкпір-түкпірінен жиналған жалындап тұрған жас жүрек иелерінің аталған басты бас қосуына, әрине, күн сәулетті Қазақстаннан да (о тұста осылай деп жиі айтушы едік) үлкен делегация қатысты.
Аймақтар • 26 Қаңтар, 2021
Алматы облысында оқушыны жүк көлігі қағып кетті
Алматы облысының тас жолында жол апаты болып, жүк көлігі 8 жастағы баланы қағып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 26 Қаңтар, 2021
Шатырдағы мұз сүңгілері құлап, 11 жастағы бала көз жұмды
Шатырдағы мұз сүңгілері құлап, 11 жастағы бала көз жұмғанын Зауыт ауданындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Саратова Татьяна Загородняя мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 26 Қаңтар, 2021
Байден трансгендерлерге әскерде қызмет етуге рұқсат берді
АҚШ президенті Джо Байден Дональд Трамп енгізген Қарулы Күштердің трансгендерлік қызметке қатысты тыйым салу туралы үкімін жойды, деп хабарлайды Egemen.kz BBC.com сайтына сілтеме жасап.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2021
Балаға ат қою – өмірде бір-ақ рет болатын рәсім әрі сүннет амалдың ең мүкәммәл берігі. Қазақ халқы бұл рәсімге аса құрметпен, бірақ сақтықпен қараған. Он ойланып, мың толғанып, бір ұйықтап, бір түс көріп, тіпті аянмен балаға есім берген.
Қаржы • 26 Қаңтар, 2021
Мемлекеттік қызметпен қоштасқандар декларация тапсыра ма?
2021 жылдан бастап мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған адамдар кірістер мен мүлік туралы декларацияны мемлекеттік кірістер органдарына тапсыра ма?
Экономика • 26 Қаңтар, 2021
Тауарларды сыныптауға түзетулер енгізілді
Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдер уақыты екі есеге қысқарды. Бұл ЕАЭО Сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасына сәйкес тауарларды жіктеу туралы шешім қабылдауға өтінімді электронды түрде беруге жағдай жасайтын нормалар арқылы мүмкін болды. Мұндай өзгертулер «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Кодекстің ережелеріне енгізілді, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.
Медицина • 26 Қаңтар, 2021
QazCovid-in сәуірде дайын болады
Коронавирусқа қарсы қазақстандық QazCovid-in белсенділігі жойылған (инактивтелген) вакцинасы – Білім және ғылым министрлігіне қарасты Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бағдарламалы-мақсатты қаржыландыру аясында әзірлеген өнімі. Аталған екпе клиникалық сынақтың бірінші және екінші кезеңінен сәтті өтті.