Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21629 материал табылды

Таным • 29 Қаңтар, 2021

Ғалым ғибраты

XX ғасыр басындағы ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген сөзі арада бір ғасыр өтсе де маңыздылығын жоймағандығын көріп отырмыз. Тіпті бұл сөздің қазіргі таңдағы қазақ қоғамы үшін өзектілігі күннен-күнге арта түскенін білеміз. Тұлға бойында мінез бен білімнің қатар болуы міндетті түрде оны ұлты үшін адал, пайдалы еңбек етуге итермелейтіні ақиқат. Қай салада болмасын олар еңбегінің нәтижесі арқылы еліне орасан зор пайда әкеледі. Олардың бойындағы барлық адамгершілік қасиеттері, жасаған іс-әрекеттері, айтқан сөздері және ғылыми мұралары, яғни барлық адами болмысы оның көзі тірі замандастарына, шәкірттеріне, кейінгі ұрпақтарына ұлылықтың белгісі ретінде көрініп тұрады. Біздің бұл сөздеріміздің үлкен ғалым, ғылымды ұйымдастырушы, ұлағатты ұстаз әрі педагог, сондай-ақ ардақты ана, немерелеріне мейірімді әже бола білген қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш тарихнамашы ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дина Исабайқызы Дулатоваға тікелей қатысы бар.

Әлем • 28 Қаңтар, 2021

БҰҰ Бас хатшысы ресейлік вакцинаның мүмкіндіктерін атап өтті

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш коронавирус инфекциясына қарсы күресте Ресей вакцинасы өте маңызды рөл атқаратынын айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС ақпарат порталына сілтеме жасап.

Аймақтар • 28 Қаңтар, 2021

Емханаларда 4 вакцинация кабинеті ұйымдастырылды

Шымкент қаласында осы жылдың басынан бері COVID-19 ауруының 314 жағдайы тіркелді. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын 13 адам жұқтырған, деп хабарлайды Еgemen.kz

Коронавирус • 28 Қаңтар, 2021

Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Шымкент қаласында ағымдағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Алайда коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында сақтық шаралары күшейтіліп, алдын алу жұмыстары атқарылуда, деп хабарлайды Еgemen.kz

Оқиға • 28 Қаңтар, 2021

Шекарашылар кезекті рет есірткі тасымалдаушыларды әшкереледі

Шекарашылар есірткі құралдарын контрабандалық жолмен алып өтудің алдын алды, деп хабарлайды Еgemen.kz

Әлем • 28 Қаңтар, 2021

Дәрігер коронавируспен ауырған науқастарды өлтірді деген күдікке ілінді

Италияда Монтикьяри қаласының дәрігері Карло Моска төсек-орындарды босату үшін коронавируспен ауырған науқастарды өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz

Спорт • 28 Қаңтар, 2021

Қуат Хамитов соттағы соңғы сөзін айтты

Алматы қаласында Қуат Хамитовтың сот процесі әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Пікір • 28 Қаңтар, 2021

Жоғары оқу орындарына талап қатайтылады

1948 жылы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы қабылданған кезеңнен бастап, білім алу – артықшылық ретінде танылуын тоқтатып, құқықтар санатына «қоныс аударды». Соңғы 70 жылда білім де, оған деген көзқарас та айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Бұл ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында нақ осы білім саласына қатысты кейінге қалдыруға болмайтын бірқатар мәселеге тоқталды.

Пікір • 28 Қаңтар, 2021

Ресейлік вакцинаға сұраныс көп

2021 жылғы 1 ақпаннан бастап ел аумағында Ресейде шығарылған Гам-КОВИД-Вак («Спутник V») вакцинасын пайдалана отырып, КВИ-ға қарсы вакциналау басталады. Одан әрі 15 ақпаннан бастап вакциналау процесіне Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында өндірілген Гам-КОВИД-Вак вакцинасы қосылады. 2021 жылдың 2 тоқсанынан бастап вакциналауға отандық өнім – QazCovid-In препаратын қосу жос­пар­ланып отыр. Отандық вакцина қазіргі уақытта клиникалық сынақтардың 3-кезеңінен өтуде.

Коронавирус • 28 Қаңтар, 2021

QazCovid-in сенімді компоненттерден тұрады

Отандық QazCovid-in вакцинасын әзірлеу барысында жылдар бойы жақсы нәтиже беріп келген технология қолданылды. Вакцинаның барлық құрамдас бөлігі басқа да вакциналарды әзірлеу кезінде пайдаланылып келеді, сондықтан сенімді компоненттерден тұрады.