Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19855 материал табылды

Саясат • 21 Тамыз, 2020

Барлық іс ашық әрі әділ жүргізілуі керек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде кеңесте деректер қорын одан əрі интеграциялау жəне мемлекеттік қызметтерді цифрландыруды жеделдетуге баса мəн беруді тапсырды. Ел Президентінің бұл тапсырмасы ел экономикасы үшін аса маңызды дер едім. Себебі жемқорлықты жеңудің бірден-бір жолы – мемлекеттік қызметтерді цифрландыру.

Экономика • 21 Тамыз, 2020

Контейнерлік пойыз Қазақстан арқылы өтеді

KTZ Express ұлттық мультимодальдық операторы «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобына тиесілі терминалды қолдана отырып, жүктерді тиеу мен өңдеуден бастап, меншігіндегі контейнерлерін ұсынуға дейінгі қызметтердің толық спектрін ұсынатын Қытай-Өзбекстан бағытындағы пойыз жөнелтілімін ұйымдастырды.

Саясат • 21 Тамыз, 2020

Праймериз: мүмкіндікті мүлт жібермеу маңызды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам» партия жұмысын қайта жаңғырту бағдарламасы халықтың бастауыш партияға деген сенімін нығайта түсті. Әсіресе, Тұңғыш Президентіміздің тапсырмасы негізінде бастау алған Nur Otan праймеризі арқылы ел тағдырына бейжай қарай алмайтын белсенді отандастарымыздың белін бууға мүмкіндік пайда болды. Мұндағы мақсат – алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына партиялық тізімдерге енгізу үшін қоғамның сенімі мен қолдауына ие болған беделді партия көшбасшыларын анықтау.

Тарих • 21 Тамыз, 2020

Жазықсыз жапа шеккендер қасіреті ұмытылмайды

Өткен күндерде болған әділетсіздік­терді, қаншама халықтың кінәсіз жапа шегуін, қорлануын, кедейшілікте өткен өмірін ұмытуға болмайды... Кеңес өкіметі кезінде болған қуғын-сүргінді жылдар халқымызды есеңгіретіп тастады. Бұл ауыр кезең менің анамның отбасын да айналып өтпеді. Ата-анасынан көз жазып қалған кезде анам екіге де толмаған екен.

Қоғам • 21 Тамыз, 2020

«Ауыл» партиясы болашақ кәсіпкерлерге семинар өткізді

«Ауыл» Халықтық-демо­кра­тиялық патриоттық партиясының Қызылорда облысы бойынша филиалы кәсібін жаңа бастаған фермерлер үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуы­мен «Нәсіптің кілті – кәсіпте» та­­қы­рыбында семинар-тренинг ұйымдастырды.

Аймақтар • 21 Тамыз, 2020

Тарифтер төмендетілді

Табиғи монополияларды реттеу комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Атырау облысының Бөдене, Өрлік ауылдарында суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне тариф төмендетілді.

Парламент • 21 Тамыз, 2020

Медициналық қызмет көрсету мәселелеріне назар аударды

Сенаторлар Н.Төреғалиев Батыс Қазақстан облысына сапары аясында Қаратөбе ауданында болды.

Кино • 21 Тамыз, 2020

Сәкен жайлы кино түсіруге не кедергі?

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев­тың 30 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жасаған үндеуінде тарихи әділдікті қалпына келтіру үшін арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырғаны мәлім. Президент еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі нәубет құрбандарын мәңгі есте қалдыру мақсатында жасалған көптеген шараны атай келе «...Біз жазықсыз жаза­ланғандардың әрқайсысын есте сақтау арқылы ғана кемел келешекке жол ашамыз. Болашақтың берік негізі Тәуелсіздіктен бастау алады. Өткен ғасырдың ең қилы кезеңінің бірінде жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым ету – баршамыздың перзенттік борышымыз» деген еді.  

Әдебиет • 21 Тамыз, 2020

Таласбек пен «Талтүс»

Тәкен тұрпаттас бір кейпі, Мағауин мазмұндас бір кейпі, бұл Таласбек Әсемқұлов деген қаламдасымыздың өз кейпі де осал емес-тұғын. Қоңыр да мұңды бір кейпі, діңді де дүмді бір кейпі, бір өзі бірегей тұлға да болып қалған кезі еді.

Әлем • 20 Тамыз, 2020

Facebook денсаулыққа несімен қауіпті?

Facebook-тің алгоритмдері қолданушыларға медицина туралы жалған ақпараттың мазмұнын 3,5 миллиард рет көруге мүмкіндік берді, - деп хабарлайды Egemen.kz Рейтер агенттігіне сілтеме жасап.