
Спорт • 24 Тамыз, 2021
Ұлттық спорт жампоздарының жарысы
Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында ұлттық спорт түрлерінен республикалық «Ұлы дала рухы» фестивалі өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Тамыз, 2021
Тоқтар Әубәкіров ауруханаға түсті
Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 24 Тамыз, 2021
Ғылым • 24 Тамыз, 2021
Соңғы онжылдықта барлық дамыған елдерде нанотехнологиялық үдерістердің екпінді дамуы мен экономиканың көптеген саласында қолданылуы байқалды. Қазақстанда бірқатар ғалымның бәсекеге қабілетті нанотехнологияларды белсенді зерттеп, жасап жатқанын атап өту қуанышты.
Қазақстан • 24 Тамыз, 2021
Резиденцияда жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын
«Ақорда» резиденциясы ғимаратының шатыры жоспарлы жөндеуден өтіп жатыр. Жұмыстар мамыр айында басталса, қыркүйекте аяқталады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының баспасөз қызметі.
Саясат • 24 Тамыз, 2021
Қатармен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтеді
Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ә.Смайылов бастаған қазақстандық делегация Қатар мемлекетіне жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Қоғам • 23 Тамыз, 2021
БҰҰ-да Семей сынақ полигоны жөнінде алғаш айтылған сөз
Семей полигонындағы ядролық сынақтар мәселесі алғаш рет 1990 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 45-сессиясында айтылды.
Өнер • 23 Тамыз, 2021
Халыққа белгілі ғажайып ән «Бүркітбайды» білеміз де, ал оның иесі кім екенінен мүлде хабарымыз жоқ. Арқада классикалық әндердің туын тіккен Баянаулада бұл әнді әншінің әншісі дерлік үздік өнерпаздар шырқаған. Қазақ радиосының алтын қорында «Бүркітбай» атақты әнші Жүсіпбек Елебековтің орындауында сақталған. Бұл әншінің замандастары, кейбір шәкірттерінің репертуарында «Бүркітбай» әні жоқ. Орындалу мәнері өте күрделі кесек бітімді әнді игере алмаған болулары керек.
Тарих • 23 Тамыз, 2021
Дәстүрлі дала өркениетінің дәріпті ғылыми шежіресі
Ұлттық әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың кез келген саласында іргелі жетістіктерге қол жеткізу үшін өз басым, ең алдымен, қазақ этнографиясын игерудің қажеттілігін айрықша атап айтар едім. Ғылымдағы, соның ішінде этнографиямен етене байланысты әдебиеттану, әсіресе, фольклортану салаларындағы жарты ғасырдан астам уақыт бойы жинақталған іс-тәжірибем осыны айғақтайды. Расында да, ұлтымыздың этникалық «жан дүниесінің» ғылыми негізделген түзіліс-моделі іспеттес қазақ этнологиясының (этнографиясының), әсіресе, оның тарихи саласының негізгі жетістіктерін зерделемеген әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар өкілдерінің тағылымды зерттеу жұмысын жүргізе алуы неғайбыл ғой.
Тарих • 23 Тамыз, 2021
Асылдың сынығы еді аңызы көп...
Өткен дәуірдегі Кеңес өкіметінің коммунистік идеологиясының құрсауынан құтылып, өз алдымызға егеменді ел болғалы, арғы-бергі тарихымызды таразылау үшін архивтерде буулы жатқан құжаттарды парақтағанда, небір сорақы сұмдық жағдайларды оқып жүрміз. Кеңес өкіметі есімдері күллі түркі жұртына танымал тұлғаларды айтпағанда, орталықтан шалғай шеттегі шағын ауылдардың бірлі-жарым арқасүйер, маңдайалды азаматтарын да еркімен жүргізбеген екен.