Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21629 материал табылды

Пікір • 13 Қаңтар, 2021

Ел ынтымағынан асқан береке жоқ

Мемлекет басшысы өзінің «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған мақаласында «Шын отансүйгіштік – жалаң ұран тастау емес, халқыңа қызмет ету» деп атап көрсетті.

Сайлау • 13 Қаңтар, 2021

«Ақ жол» партиясы: депутаттық мандаттар бөлінді

«Ақ жол» ҚДП Орталық кеңесінің пленумы өтті.

Саясат • 13 Қаңтар, 2021

Ұлт және тәуелсіздік

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрі­нен қымбат» бағ­дар­ламалық ауқым­­дағы мақаласы – ел Тәуел­сізді­гінің 30 жылдығына орай жүзеге асырылатын шараларды жүйелеп, міндеттерді айқындап берген туынды дер едік.

Аймақтар • 13 Қаңтар, 2021

Маңғыстауға жыр мектебі қажет

Қазақтың салт-дәстүр, ұлттық таным негіздерін, күллі болмысын, тілдік мәйегін бағзылық бояуымен сақтап қалуда Маңғыстау жыраулық мектебінің орны айрықша.

Қоғам • 13 Қаңтар, 2021

Демографиялық дүмпу немесе келешекте санымыз қанша болмақ?

1959 жылы Бүкілодақтық халық санағы өтіп, нәтижесінде, Қазақстанда 9 309,8 мың адам тұратыны, оның ішінде қазақтар 2 795,0 мың, орыстар 3 950,4 мың адам екені анықталды, үлес салмақтары тиісінше 29,8 және 43,2 пайыз болды. Бұдан бөлек жүздеген мың, украин, неміс, беларусь және басқа ұлт өкілдері тұрып жатты. Өз жерінде осындай азшылыққа айналған бұл күй қазақ ұлты үшін демографиялық тоқырау, апаттық жағдай еді. Қазақ мектептері жаппай жабылып, іс жүргізу орыс тіліне көшірілді. Ежелгі жер-су аттары бұрмаланып, жүздеген елді мекеннің атаулары орысшаға өзгертілді.

Таным • 13 Қаңтар, 2021

Заманының заңғар заңгері

«Ең алыс нәрсе – өткен күн, оны ешкім қайтармас, Ең жа­қын нәрсе – келер, күн ол келмей қоймас» деген тәмсіл­дің растығына көзімізді тағы бір жеткізгендей, отан­дық заң ғылымның атасы, Қазақстан Республикасының Мемле­кеттік, Президенттің бейбітшілік және рухани келісім сый­лық­тарының иегері С.Зимановтың бұл фәнидің есігін ашқа­нына биыл ақпан айын­да жүз жыл толады.

Тарих • 13 Қаңтар, 2021

Қуғын-сүргін және күн тәртібі

Кеңестік тоталитарлық режімнің зорлық-зомбылығын әшкерелеу және салдарын жою Сталин өлгеннен кейін басталды. Әлі жалғасып келеді. Бұл түсінікті де. Біріншіден, кеңестік билік 74 жыл өмір сүрді. Сонша уақыт бойы өзі қабылдамаған, қатерлі санаған кез келген құбылысты, ой-пікірді, тұтас таптар мен топтарды, олардың рухани-материалдық қазынасы мен мұрасын аяусыз таптаумен, қуғындаумен, жоюмен айналысты. Діттеген мақсаттарына жетті де. Кулактарды, байлар мен жартылай феодалдарды жоюы аграрлық экономика мен әлеуметтік салаға орны толмас зиян әкелгенін енді ғана ұғынудамыз. Адасқанның айыбы жоқ, қайта үйірін тапқан соң, деген халықпыз ғой. Өткеннің қателігін түземей, дұрыс болашақ құру мүмкін емес.

Әдебиет • 13 Қаңтар, 2021

Үшінші тармақтың үрметі

Үшінші жолдың ұйқастан басы азат. Еркіндіктің бәрі осы үшінші жолда тұрады. Үшінші жолды оқығанда арқа-басың кеңіп қалғандай болады. Кейде өлеңге осы үшінші жолдың еркіндігін берсе ғой деп ойлайсың. Бірақ ақындар үшінші жолды ешқашан менсінген емес.

Қоғам • 13 Қаңтар, 2021

Бассейнді басқарудың балама тәсілі

Назарбаев Университеті Жоғары мемле­кеттік саясат мектебінің қауымдас­ты­рылған профессоры Стефанос Ксенариос Қазақстанда бес жылдан астам уақыт бойы су ресурстарын басқару мәселелерін зерттеп келеді. Ол саланың қазіргі жағда­йына түсініктеме беріп, менеджмент мәсе­лелерін қалай шешуге болатынын айтты.

Руханият • 13 Қаңтар, 2021

Жетісу ән өнерінің мұрагерлері

Жетісу ән өнерін дамытушылардың көбін әнші-ақындар тобына жатқызуға болады. Алайда, олардың сал-сері болмағаны белгілі. Әнші-ақындарға тән қасиет – ақындық пен әншілігі, өнерпаздығы қатар келуінде. Олар ән мәтіні мен әуенін өздері шығарып қана қоймай, оны асқан шеберлікпен орындай білген. Әнші-ақындар өзі өмір сүрген заманына қарай халықтың әр түрлі тарихи-әлеуметтік мәселелеріне, тұрмыс-тіршілігіне қарай лирикалық әндер тудырған.