Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21629 материал табылды

Пікір • 13 Қаңтар, 2021

Әділетті мемлекет философиясы

Жақында қазақ елінің бас газеті – «Egemen Qazaqstanda» Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуел­сіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы жария­ланғаны белгілі.

Әлем • 12 Қаңтар, 2021

Трамп АҚШ тарихында инаугурацияға қатыспайтын алғашқы президент

АҚШ президенті Дональд Трамп Капитолийдегі қанқұйлы бүліктің алдында жасаған үндеуінде, жақтастарының бұл әрекетін «толығымен орынды болды» деген пайымға келіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Әлем • 12 Қаңтар, 2021

Трамптың жақтастары тағы да бүлік шығара ма?

АҚШ-тың Федералдық тергеу бюросы Трамптың жақтастары Байденнің инаугурациясы қарсаңында қарулы наразылық акциясын жоспарлап отырғанын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz

Әлем • 12 Қаңтар, 2021

Коронавирустың жаңа мутациясы әлемнің бірнеше еліне таралды

Бір күн бұрын ресейлік әйелден коронавирустың ерекше 18 мутациясы анықталғанын жазғанбыз.  Ресейлік вирусологтың айтуынша, оның антигенінде принципиалды маңызды өзгерістер болмайды, деп хабарлайды Egemen.kz.Бұл туралы РИА басылымы ақпарат таратты. 

Оқиға • 12 Қаңтар, 2021

Күршімдегі жабық жүзу бассейні аудан тұрғындарын қуанышқа бөледі

Бірер күн бұрын бізбен Күр­шім ауданының әкімі Дулат Қажанов хабарласты. – Аудан тұрғындары үлкен қуанышқа бөленіп жатыр. Жақын­да ғана, Жаңа жыл мерекесі қар­саңында аудан орталығы Күр­шім ауылында жабық жүзу бассейні­нің құрылысы аяқталып, барлық санитарлық талапты сақтай отырып ашылу салтанатын өткіз­дік, – деді аудан әкімі Дулат Зай­сан­бекұлы.

Білім • 12 Қаңтар, 2021

STEM – білім берудегі тың бағыт, жаңа тренд

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында цифрландыру барлық реформаның басты элементі екеніне маңыз берді. Бұл – сәнге айналған үрдіске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы, табысты болудың бас­ты кілті. Соның ішінде білім беру, экономика, халыққа қызмет көрсету салаларын цифрландыруға қарқын беру түбегейлі өзгерістерге серпін бермек.

Экономика • 12 Қаңтар, 2021

Қазақстан экономикасының өсімін оң бағалады

Global Economic Prospects-тің 2021 жылғы 5 қаңтардағы жаңартылған есебінде Дүниежүзілік банк 2020 жылы әлемдік экономика серпінін бағалауды арттыру жағын қайта қарады.

Таным • 12 Қаңтар, 2021

Күйші Дәулеткерей туралы жаңа деректер

Дәулеткерей – Бөкей ханның інісі Шығай сұлтанның кенже ұлы. 1815 жылы Бөкей хан дүние салған кезде тақ мұрагері Жәңгір жас қалады. Сондықтан Ішкі Қазақ ордасын басқаруға Шығай сұлтан тағайындалған. 1823 жылы Жәңгір хан сайланып, 1824 жылы Шығай сұлтан биліктен босатылады. 1820 жылдары Теңіз жағалауында (Орынбор губернаторы салуға рұқсат бермесе де) өзі салдырған ағаш үйіне көшкенімен, рахат өмір сүру бұйырмаған екен. 1925 жылдың көктемінде Орынбор генерал губернаторы Эссен графиня Безбородконың жеріне салынған деп, Жәңгірге Шығайды көшір деген бұйрық береді. Сол кездері қызылқұрт руының басшылығына тағайындалған Шығайдың ұлы Өтебәлі әкесінің қарттығы мен денсаулығын себеп қылып кешіктірсе де, күздің қара суық күнінде амалсыздан киіз үйге көшеді. Оның үстіне қалың жұтта малы қырылған бұл отбасына мына жағдай тіптен ауыр тиіп, Шығай сұлтан сол жылдың 14 қарашасында дүниеден өтеді.

Саясат • 12 Қаңтар, 2021

Әділеттілік – тәуелсіздіктің темірқазығы

2021 жыл біз үшін ерекше. Осы жылы біз ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған, қасиетті Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына қадам бастық. Осы қасиетті жылдың басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жетістіктерін ой елегінен өткізіп, бүгінгі таңда қоғамды алаңдатып отырған, әрбір қазақстандықтың көкейіндегі өзекті мәселелерді дөп басып, оны толық, жан-жақты түсіндіріп, алда тұрған мақсаттарды анықтап, шешу жолдарын көрсетіп берді.

Саясат • 12 Қаңтар, 2021

Ұстамды болғаннан ұтылған жеріміз жоқ

Тәуелсіздік – әр ұлттың арманы, бірақ барлық ұлттың бұл арманға қолы жете бермейді. Еркіндікке, дербестікке ие болған бақытты ұлттың бірі – біз, қазақтармыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында үміт пен күдікке толы отыз жылдық тарихымызды саралай келіп, «Өткенге тағы бір мәрте оралып, жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді ой елегінен өткізетін мезет» дейді.