Білім • 05 Сәуір, 2021
Мектепке дейінгі ұйым педагогтері де қамтылса...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында қашықтықтан оқуға көшу жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгерткенін айта келіп, еліміздегі жағдайда мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар күндіз-түні WhatsApp-тан бас көтермейтінін сынға алған еді. Бұл сыннан қорытынды шығару – мұғалімдердің ғана емес, мектепке оқушыларды дайындайтын балабақша педагогтерінің де міндеті.
Елбасы • 05 Сәуір, 2021
Тұңғыш Президенттің ерен еңбегі
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздегі парламентаризмді дамыту мен тәуелсіз мемлекетімізді қалыптастырудағы және Отанымыздың халықаралық деңгейде биік беделге ие болуындағы рөлі ерекше.
Қазақстан • 05 Сәуір, 2021
Тасқынға тосқын қоюға дайын болайық
Қара жерге қар жауғанда қарды көрген де, қара жерден қар кеткенде жерді көрген де – бір мұрат. «Кеудесі түкті Жер-Ана, құт дарыт та, жарылқа» деген шаруакөңіл халқымыз табиғаттың райын жіті бақылап, көктемнің әр күнінен шаруашылығына медет тілеген.
Коронавирус • 04 Сәуір, 2021
Жаңа дәрілік заттарды әзірлеу қажеттілігі
Қытайдан шыққан COVID-19 деп аталған жаңа қауіпті коронавирус инфекциясының таралуы жайындағы алғашқы ақпараттарға бір жылдан астам уақыт өтті. Өте қысқа мерзімде жұқпалы дерт әлемге жылдам тарады.
Таным • 04 Сәуір, 2021
Туған ел тарихын тану, ұлт тұлғаларын ұлықтау – маңызды міндет. Тәуелсіздік дәуірінде бұл бағытта атқарылған іс аз емес. Әсіресе кеңестік кезеңде тарих сахнасына шығып, сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны болған бірегей тұлғаларымызды тану, олардың елге сіңірген еңбегіне лайықты баға беру үдерісі жүріп жатыр. Ал кешегісіне байыппен үңіліп, бүгінгісін бағамдаған, ертеңіне сеніммен қараған жұрттың қыр асатыны, ұрпағының руханият қайнарынан қана сусындайтыны ақиқат.
Экономика • 02 Сәуір, 2021
ForteBank тағы да «Қазақстанның үздік банкі» болып танылды
ForteBank-ті Global Finance журналы төртінші жыл қатарынан «Қазақстанның үздік банкі» деп таныды, деп хабарлайды Egemen.kz
Пікір • 02 Сәуір, 2021
Жастарды қолдаудың жаңа үлгісі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде: «Біз бауырлас елдердің жастарына Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде бакалавриат бағдарламасы бойынша оқу үшін 50 грант бөлуге дайынбыз (Ясауи атындағы стипендия)», деді.
Қоғам • 02 Сәуір, 2021
Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды
Қазақстанда инклюзивті білім беру күн өткен сайын қолжетімді бола түсуде. Енді Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері мен Ресурстық орталықтар тек облыс орталықтарында ғана емес, шалғай ауылдарда да ашылуда.
Пікір • 02 Сәуір, 2021
Бауырлас елдер ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі
Бүгінгі таңда геосаяси жағдай жаһандық деңгейде де, аймақтық контексте де тұрақсыз, сондықтан тиімді аймақтық ынтымақтастықты қамтамасыз ету туралы мәселе өзекті болып қала береді. Бұл үшін барлық түркітілдес мемлекеттер арасындағы екіжақты және көпжақты форматтағы байланыстардың қазіргіден де жоғары деңгейге көтерілуі өте маңызды.
Қоғам • 02 Сәуір, 2021
«Бұл – менікі емес, үкіметтікі...» деген пиғыл қашан түзеледі?
Терезеден сыртқа көз тастасам, үйдің маңындағы саяжолдың көп орындығының бірнешеуі шалқасынан құлап жатыр. Желдің екпінінен құлайтындай жеңіл емес еді. Әрі жерге темірмен бекітіліп орнатылғанын өз көзіммен көргенмін. Не болса да, «Тепсе темір үзетін» бір «мықтының» тындырған шаруасы екені анық. Ал анасымен серуендеп жүрген балдырған орындықты орнына қоймақшы болып бір бұрышынан тартып әлек.