Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19855 материал табылды

Қоғам • 24 Шілде, 2020

Жемқорлық фактілері азаймай тұр, қайтпек керек?!

Бүгінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметінің негізгі бағыттарына өзгерістер енгізіліп, қылмыскерлерді құрықтап, жазалауға емес, оны болдырмауға, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және жаппай ағартушылыққа басымдық берілуде.

Руханият • 24 Шілде, 2020

Балалардың құқығын қорғау – болашақтың құқығын қорғау

Қазақстан аумағында балаларды тәрбиелеудегі қатынастарды реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық акт – «Неке және отбасы туралы» кодекс. Онда балалардың әлеуметтік және материалдық құқықтары анықталған. Балалар – қоғамның әлсіз қорғалған өкілдері және олар ерекше қорғауды қажет етеді. Сондықтан да мемлекет пен халықаралық қоғамдастық жалпы кәмелетке толмағандарды жеке топқа оқшаулаған.

Пікір • 24 Шілде, 2020

Бас бірікпей, жеңіс жоқ

Мынау бүкіл елді жаулап жатқан пандемия, әсіресе қазаққа қырғидай тиді. Оның ішінде жақсылары мен жайсаңдары, өнер адамдары, талантты­лары мен дарын­дыларынан айырылып қалдық. Бірақ ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолдан келген шараның барлығын жасап жатыр. Біз Прези­ден­тімізді қолдаймыз. Өйткені дәл осындай қиын шақта қазаққа керегі – бірлік.

Спорт • 24 Шілде, 2020

Алаштың «бір жапырақ» баласы (Жақсылық Үшкемпіровтің Олимпиада чемпионы атанғанына – 40 жыл)

1980 жылдың 22 шілдесінде шешуші айқаста болгар Павел Христовтан басым түскен Ж.Үшкемпіров Олимпиада чемпионы атанды. Ол осынау даңқ тұғырына көтерілгенше талай сыннан өтті.

Қазақстан • 23 Шілде, 2020

Жаңа шынайы жағдайлардағы қауіпсіз қадамдар

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясында әр қызметкердің еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеке жауапкершілігін сезінуіне, белгіленген ережелерді сақтауы қажеттігін түйсінуіне үлкен көңіл бөлініп келеді. Салада қауіпсіздік мәдениетін дамыту жөніндегі қандай шаралар қабылданып жатқандығы туралы "ҚТЖ" ҰК" АҚ бас инженері Батыр Котырев айтып берді., - деп жазады Egemen.kz

Пікір • 23 Шілде, 2020

Жоғары сана, жасампаз рух, мықты тәртіп болса...

Әрбір адамның бойында жоғары сана, жасампаз рух, мықты тәртіп болу керек. Әсіресе, бүгінгідей ел басына күн туған кезеңде бұл қасиеттер аса қажет. Бүкіл әлемнің әлін келтірмей, еркіндігін тұқыртып отырған мынау пандемия уақтысы – адам баласының нағыз ойланатын тұсы.

Пікір • 23 Шілде, 2020

Президенттің парасатына сенеміз

Пандемияға айналған вирустың емін табу қиын, қаза көп! Мұндай ерекше зобалаң кезінде кімге сенеміз?! Әрине, Құдайға сенеміз. Бірақ «ауруды жаратқан – Құдай, ауыртқан Құдай емес». Демек, әрқайсымыз өз-өзімізге сенеміз! «Өзіңе сен! Өзіңді алып шығар, ақылың мен еңбегің екі жақтап». Үрейіңді жеңе білуің мен сақтана білуің де сол сенімнің ішінде.

Руханият • 23 Шілде, 2020

Адамшылық қарыз – азаматтық парыз

Адамзат көш-керуені әлем-тапырық. Ақыл алтау, ой жетеу. Жерге кіргір мынау індеттің беті жаман. Шығыс даналығында айтылатындай: «Шөл қысқан адам құмыраның әсемдігін көрмейді». Бүгін ақыл-ой мен ізгі амалдардың кезеңі. Жақыныңа жанашыр болар шақ. Өсек, өтірік, байбаламның уақыты емес.

Руханият • 23 Шілде, 2020

Архив құжаттарына жанашырлық қажет

Жуырда «Egemen Qazaqstan» газетінде Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бөлім меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Сәбит Шілдебай «Қазархив» басқармасы қажет» атты мақала­сында өте өзекті мәселені көтеріпті.

Руханият • 23 Шілде, 2020

Жусан – болмыс

Дүние – үндестік перзенті. Кез келген жаратылыс өз орнына ие. Жұмыр жер бетінде өсімдік атаулының сан мыңдаған түрі өседі. Үлкен-кішілігіне қарамастан, әр өсімдіктің атқарар өзіндік қызметі бар. Кез келген бір жаратылыс жойылар болса, дүние толық емес деген сөз. Дегенмен әр халықтың болмысына жақын өсімдік бар. Біз үшін шөл қойнауында өсетін жусан құнды. Қай елде өмір сүрсе де, әр қазаққа сол жусан іспетті жүрегіміздің төрінен орын сақтаулы. Біз өз болмысымызбен аяулымыз. Ұлтымыз болмаса, әлемнің кеңдігінен не пайда?!