Тарих • 27 Наурыз, 2021
Осындай тосын атаумен 90-жылдары публицистикалық кітап жариялаған Шерхан МҰРТАЗА:
Әлем • 26 Наурыз, 2021
ҚЫТАЙ САЯСАТЫНДА ЕКІ КЕСЕ ШАЙ: Си Цзиньпин ешқайда асықпайды
Қытай тілінде «人走茶凉» деген тұрақты сөз тіркесі бар. «Кісі кетсе, шайы суыйды» деген сөз. «Бақ тайса басыңнан...» деген мағынада айтылады.
Тарих • 26 Наурыз, 2021
Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани Хикметі» қорық–музейдің қорында
Еліміздің тәуелсіздік алуымен Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұралары терең зерттеліп, зерделеніп, жарыққа шығып, халқымыздың игілігіне айналып келеді.
Саясат • 26 Наурыз, 2021
Кадр резерві іріктеуінің бірінші кезеңінен өтті
Кадр резервіне қатысуға 1 650 қазақстандық өтінім берді. Еске сала кетейік, аталған жобаның іске қосылғаны туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 1 наурызда жариялаған болатын, тілек білдірушілердің 12 күн ішінде жеке деректерін толтырып, біліктілігі туралы құжаттарды тапсыру мүмкіндігі болды.
Пікір • 26 Наурыз, 2021
Жер пайдасын толық көре алмай отырмыз
Ең алдымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жердің шетелдіктерге жалға да берілмей, сатылмайтыны туралы шешімін атап өтпеске болмас. Бұл халықтың көптен күткен шешімі еді. Бәріміз бір адамдай осыны қаладық.
Пікір • 26 Наурыз, 2021
Кез келген мәселе халықпен келісіліп шешіледі
Еліміздегі Жер реформасы жөніндегі комиссияның тарихы 2016 жылдан бастау алады. Биыл сол жұмыс қайта жанданып, екінші кезеңге қадам басып отыр. Сондықтан қоғамда туындаған даулы мәселелердің шешімін табуға негізделген мұндай алаңдардың пайда болғанын әрқашан қолдаймын. Маңызды мәселелер жабық есік жағдайында емес, халықпен келісіле, талқылана отырып шешілгені жөн.
Әдебиет • 26 Наурыз, 2021
1. «Ол байғұс өлген шығар, өлмесе бір жерде мұғалім боп жүрген шығар». Ескі жұрттан қалған тәмсілді бекер еске алып отырғам жоқ. «Асқар Сүлейменовтің «Бесатар» повесі он алтыншы жыл туралы емес». Есін елес алғандай күбір еткенін өз құлағыммен естідім.
Таным • 26 Наурыз, 2021
Қазақ хандығын кімдер басқарды?
Осыдан алты жыл бұрын Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығы елімізде кеңінен аталып өтіп, бағзыдағы бабалар тарихы туралы әңгіме тереңнен қозғалды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты жиында сөйлеген сөзінде атақты Мұхаммед Хайдар Дулатидің деректеріне сүйене отырып, 1465 жылы Қозыбасы тауының етегінде болған тарихи оқиғаға да тоқталды. «Керей мен Жәнібек хандар Әбілқайыр ұлысынан бөлініп, Шу мен Таластың арасында Қазақ хандығының шаңырағын көтерді. Алты Алаш анттасып, айырылмасқа сөз байласып, Ұлытауға таңбаларын қашап жазды. Осылайша, тарих сахнасына Қазақ деген халық шығып, ұлан-ғайыр өлке Қазақ жері деп атала бастады. Одан соң қасқа жолды Қасым хан хандықтың іргесін бекітіп, керегесін керді. Хақназар хан шекарасын Еділдің бойына дейін кеңейтсе, Тәуекел хан Түркістан өлкесін түгелдей Қазақ хандығына қаратты. Еңсегей бойлы ер Есім елдің іргесін бекіту жолындағы күресте қолбасшылығымен танымал болды. Салқам Жәңгір хан Орбұлақ түбіндегі шайқаста жоңғарларға ойсырата соққы берсе, Әз Тәуке «Жеті Жарғыны» енгізді», деді Н.Назарбаев. Бүгін Елбасының сол сөзіне арқау болған Қазақ хандығына билік жүргізген хандар туралы деректерді ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Әлем • 26 Наурыз, 2021
АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхиты әскери қолбасшысы қызметінен кетіп жатқан адмирал Филип Дэвидсон 9 наурызда өткен сенат комитетінің жиыны барысында Қытайдың алдымыздағы алты жыл ішінде Тайваньға шабуыл жасап, ол елді жаулап алуды көздеп отырғаны жайлы айтқан болатын.
Пікір • 26 Наурыз, 2021
Барлығы ел мүддесіне бағытталуы қажет
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 25 ақпанда жер дауына қатысты мәселеге нүкте қойғанын үлкен тарихи жетістік деп айтар едім. Себебі «жер жекеменшікте болуы керек» деген нарықтық экономиканың құйтырқы шарттарына бағынбайтын, жерді сатуды ананы сатумен тең көретін арлы ел екенімізді дәлелдей білдік. Ендігі кезекте жер реформаларынан туындайтын өзгерістер мен толықтырулардың тек қана халық мүддесіне бағытталуын қамтамасыз етуіміз қажет. Ол үшін Жер реформасы жөніндегі комиссия жұмысының күн тәртібіне бірнеше мәселені енгізу керек.