Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22266 материал табылды

Қазақстан • 24 Ақпан, 2021

Жақсылықтың қарымтасы да бар

Қап тауын жайлаған біздің шешен-ингуш халқы да зобалаң шақтың зардабын әбден тартқандығы – баршаға мәлім. 1943 жылдың аяғы мен 1944 жылдың басында жүк пойыздарына еш жазығы жоқ бейкүнә шешен-ингуш халқын күштеп артып, көз көріп, құлақ естімеген Шығысқа қарай көшіру ұлы қасіреттің басы еді.

Қазақстан • 23 Ақпан, 2021

Жайылым мәселелері алаңдатады

  Жуырда Парламент Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының іске асырылуы туралы» тақырыбына арналған кеңейтілген отырысы өтті. Парламент депутаттарын республикадағы жайылымдық жерлердің жеткілікті болғанымен ауыл тұрғындарына қолжетімсіздігі алаңдатады.

Әлем • 23 Ақпан, 2021

Ауғанстандағы «мәңгілік соғысты» аяқтау қажет

СТОКГОЛЬМ. Кеңес Одағы әскерінің Ауғанстаннан шығарылуына 32 жыл толуына орай Кабулда сөйлеген сөзінде ел президенті Ашраф Гани маңызды мәселеге тоқталды. Ауғанстанды күйреткен азаматтық соғыс Кеңес әскерлерінің кетуінен емес, Ауғанстанның болашағы үшін өміршең жоспар құра алмауынан туындады. АҚШ әскерін елден шығаруды жоспарлап отырғандықтан, осыдан сабақ алуы тиіс. 

Тарих • 23 Ақпан, 2021

Шу өңіріндегі ашаршылық

1928-1930 жылдар аралығында Шу аймағындағы кішігірім аудандар Алматы округінің құрамында болған. Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің 1930 жылдың 23 шілдесінде шыққан қаулысы негізінде округтер таратылып, оның орнына аудандық әкімшілік-аумақтық басқару ұйымдастырылады. Осы қаулымен жаңадан құрылған 121 аудан қатарында Шу ауданы құрылады. Орталығы Шу селосы болып бекітіледі. Аталған қаулының негізінде 1930 жылғы 17 желтоқсандағы Қазақ АКСР Орталық Комитетінің және Халық Комиссарлар Кеңесінің қаулысымен бұрынғы Алматы округінің құрамында болған Шоқпар мен Мойынқұм аудандары және Вознесенск (қазіргі Қонаев ауылдық округі) селосы біріктіріліп, Шу ауданы болып қайта құрылды.

Медицина • 23 Ақпан, 2021

Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидасы бекітілді

2020 жылғы 30 қарашада «Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығы әзірленді

Қаржы • 23 Ақпан, 2021

Егер сіз қиын жағдайға тап болсаңыз, несиеңізді қалай өтеуге болады?

Несиелеу - алға қойылған мақсаттарға жылдам қол жеткізу үшін сенімді қаржы құралы. Алайда, несие ауыр жағдайларға, қиындыққа алып келетін кездер де бар. Мәселен, отбасындағы қайғылы оқиғалар, жұмыстан шығып қалу, экономикалық ахуалдың өзгеруі және өзімізге тәуелді емес, бірақ болуы мүмкін басқа да көптеген факторлар.

Тарих • 23 Ақпан, 2021

Әлихан Бөкейханның ғылыми мұрасы жете зерттеуді қажет етеді

Тарихымызға өшпес із қалдырып, халқымыздың айрықша құрметіне бөленген көрнекті тұлғалардың бірі – Әлихан Бөкейхан. Ол – Қазақстан мен Ресейдің қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» азаттық қозға­лы­сы­ның және Алашорда автономиялы үкіметінің басшысы, ғалым, журналист және аудармашы.

Тарих • 23 Ақпан, 2021

Қолдан жасалған «істің» құрбандары

Өткен ғасырдың басында халқы­мызды сарсаңға салып, қасірет шектір­ген сая­си қуғын-сүргіннің зобалаңы тарих­тың ақтаңдағы ретінде көңілден көшпей, жүректен өшпей келе жатқаны рас. Осыған орай, өткен жылғы қарашаның 24-інде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлыққа қол қойып, жедел түрде комиссия құрамы да жасақталып, жұмысын бастап кетті.

Тарих • 23 Ақпан, 2021

Ақтаңдақты ғылыми тұжырым ғана айқындайды

Тарих ғылымы басқа гуманитарлық ғылымдармен салыстырғанда, мемлекет тарапынан әділетті қолдауға аса мұқтаж. Мұның себебі өткен ғасырда оның шын мәнінде «сарай ғылымына» айналып, тоталитарлық жүйенің біржақты саясатын бұқара арасында насихаттаушы қуатты идеологиялық құралға айналуында жатыр. Шүкіршілік, еліміз тәуелсіздік алған соң тарихымыз да сая­си еркіндікке, рухани дербестікке қол жеткізді. Енді тарихшылар ақиқатқа негізделген тәуелсіз ойларын өз зерттеулерінде қаймықпай, жалтақтамай жаза алатын жаңа заман мүмкіндігіне ие болды.

Медицина • 23 Ақпан, 2021

Індеттің екінші толқынына дайынбыз ба?

Қытайдың Хубэй провинциясындағы Ухань қаласында алғаш рет тіркел­ген қатерлі COVID-19 вирустық инфекциясы адамзатқа үлкен үрей туғызып, бүкіл әлемді жаулап алғанына міне, бір жылдан асты. Осы мезгілде бұл ауыр індет дүние жүзінің 215 еліне тарап, 110 млн-нан астам адам ауырып, олардың 2,5 млн-ы көз жұмып­ты.