Тарих • 19 Ақпан, 2021
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылы 10 қарашадағы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Жарлығы осы бағытта тәуелсіздік жылдары басталған жұмыстарға жаңа серпін берді. Азаттықтың елең-алаңындағы ізашар істер отандық және әлемдік тәжірибе тұрғысынан толықтырылып, қоғамның ділгір сұранысына сай қайта байыпталмақ. Бұл – өркениет үдерісі, адамшылық пен имандылықтың көрінісі.
Қоғам • 19 Ақпан, 2021
Академик Салық Зимановты заңгер немесе ғалым деп айтар болсақ, оның тұтас тұлғасын біржақты түсінгеніміз. Оның тұлға ретіндегі қырларын ашып көрсету үшін өмірінің негізгі кезеңдеріне үңіліп көрейік.
Тарих • 18 Ақпан, 2021
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылы 10 қарашадағы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Жарлығы осы бағытта тәуелсіздік жылдары басталған жұмыстарға жаңа серпін берді.
Қоғам • 18 Ақпан, 2021
Кезінде Оксфорд университетінде докторлық диссертация қорғаған ал бұл күнде Иерусалим қаласындағы Еврей университетінде әлем тарихы бойынша дәріс оқитын израильдік профессор Ювал Ной Хараридің (Yuval Noah Harari) «Sаpiens: A Brief history of humankind», «Homo Deus: A Brief Hhistory of Tomorrow» және «21 Lessons for the 21st Century» атты айдарлармен сәйкесінше, 2011, 2016 және 2018 жылдары ағылшын тілінде жарық көрген үш заманауи туындысының алдыңғысы адамзаттың 70 мың жылдық тарихын жаһандық ғылымдар тұрғысынан таразыласа, екіншісі болашақтағы адамзаттың интеллектуалдық қабілеті мен сана сапасының болмысына батыл гипотезалық барлау жасайды, ал үшіншісі ХХІ ғасырдағы, яғни бүгінгі өзіміз өмір сүріп отырған жаһандану заманындағы адамзатқа төнген қауіп-қатерлер мен олардың себеп-салдарын талдауға бағытталған.
Спорт • 18 Ақпан, 2021
Қазақстан үстел теннисі федерациясы жылдың қорытынды конференциясын өткізді
Қазақстанның үстел теннисі федерациясы (әрі қарай – ҚҮТФ) ел аймақтарындағы материалдық-техникалық базаны күшейту жұмыстарын одан әрі жалғастыруға ниетті. Бұл туралы бүгін, 17 ақпан күні өткен ұлттық федерацияның жылдық есебінде ҚҮТФ Президенті Данияр Абулгазин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 18 Ақпан, 2021
1965 жылдың қоңыр күзі, қыркүйек айының 28-і күні кештетіп аудандық комсомол комитетінің хатшысы Адырбек Көлбаев Құмкент ауылында тұратын, мектеп мұғалімі Файзулла Үрмізовтің үйіне келеді. Кезекті кәдуілгі өкіметтің таусылмайтын шұғыл шаруасы болатын. Файзулла көкемізді тура үйінен дастарқан басынан тапқанына қуанып кетеді.
Руханият • 18 Ақпан, 2021
«АЙҚАП» журналының алғашқы саны шыққанына – 110 жыл
Мұхамеджан Сералин десе, қазақ журналистері ішкен асын жерге қояды. Мұхаңа басын иеді. Өйткені ол – шынайы қазақ басылымының не екенін еліне тұңғыш көрсетіп, халқының ой-санасын ашқан, халқын мәдениетке сүйреген алғашқы кәсіби журналист, редактор. «Айқап» журналы – Мұхаңның басты еңбегі, оның атын даңққа бөлеген, қаламгердің көркем шығармасы іспетті бірегей туынды.
Білім • 18 Ақпан, 2021
Кәсіптік білім беру жайы қалай?
Жастарға кәсіптік білім беру, оларды жұмысшы мамандықтарына даярлау, мамандарды қайта оқыту және олардың біліктілігін көтеру – мемлекетіміздің білім беру саясатының негізгі бағыттарының бірі. Ел экономикасының қуаты кәсіптік білім беру жүйесінің өндіріс орындарын білікті жұмысшылармен жеткілікті қамтамасыз етуіне тікелей тәуелді. Маман даярлау жалпы білім беру базасы негізінде кәсіптік колледждерде жүзеге асырылады. Ал кәсіптік колледждерде жұмыс жасайтын жоғары білімді оқытушы-педагогтерді даярлау ісі қандай жағдайда?
Қоғам • 18 Ақпан, 2021
Ұлт тарихын жаңғыртып, ұрпағына жеткізуде өлшеусіз қызмет жасап, еліміздің рухани көшін алға сүйреп жүрген ата газетіміз «Egemen Qazaqstan»-ның 2021 жылдың 29 қаңтарындағы №20 санында белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммедтің халқымыздың Екінші дүниежүзілік соғыста қайтпас ерлік көрсеткен қаһарман ұлы, құралайды көзге атқан сұр мергені Ыбрайым Сүлейменов жайлы тың деректерге толы «Өшпес ерлік» атты мақаласы көңілде жүрген көп ойға қозғау салып, көңіл керуенін көтеріп тастады.
Қазақстан • 18 Ақпан, 2021
Өңірдегі өзекті мәселе: Трансшекаралық су ресурстары
Су – планета мен адамзат өміріндегі ең құнды ресурс. Орталық Азия үшін бұл ресурсты өңірді біртұтас жүйе ретінде қалыптастыратын маңызды табиғи-географиялық фактор деп айтуға болады. Тарихта кезінде Окс және Яксарт деген атпен белгілі болған қазіргі Әмудария және Сырдария өзендерінің бассейндері бұл өңірдегі ертеде әртүрлі мемлекеттердің пайда болып, әрі қарай дамуында маңызды рөл атқарды, осы жердегі елдердің тарихи және мәдени ортақ сипатын орнатып, жергілікті экономиканың ерекшеліктеріне әсер етті. Тау бөктері, осы ірі өзендердің алқаптары мен айналасындағы тіршілікке қолайлы жағдай алғашқы адам қауымы кезеңінде отырықшы егіншіліктің пайда болуына себеп болды.