Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19850 материал табылды

Президент • 25 Маусым, 2020

Президент ел азаматтарын карантин режимін қатаң сақтауға шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Ана тілі" басылымына берген сұқбатында ел азаматтарын карантин режимін қатаң сақтап, тазалыққа мұқият болуға шақырды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент • 25 Маусым, 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр

Республикалық "Ана тілі" басылымына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты жарияланды. Egemen.kz басылымға сілтеме жасай отырып, оқырмандарына осы сұхбатты ұсынады.

Коронавирус • 25 Маусым, 2020

Коронавирус белгілері жоқ тағы 956 адам тіркелді

24 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 956 тасымалдаушы тіркелді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 25 Маусым, 2020

76 су шаруашылығы нысаны іске қосылады

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурс­тар комитеті «Қазсушар» РМК-ның дерегі бойынша Қазақстанда құны 149 млрд теңгені құрайтын 76 жаңа су шаруашылығы нысаны іске қосылады, 46 нысанның құрылысы республикалық бюджеттің есебінен жүзеге аспақ, оның жалпы құны 79 млрд теңгені құрайды. Сондай-ақ Еуропалық даму және қайта құру банкі мен Ислам даму банкінің заемы арқылы 30 нысан пайдалануға берілмек.

Экономика • 25 Маусым, 2020

«Самұрық-Қазына» Ұлттық қорға 50 млрд теңге аударды

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қазақстан Рес­публикасының Ұлт­тық қорына «Қазатом­өнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның SPO-дан түскен 50 миллиард теңге көлемінде қар­жыны аударды.

Экономика • 25 Маусым, 2020

Ауылдың көсегесін кооператив көгертеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Үкімет, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, ауылдағы кооперациялық желіні дамытуды тапсырды. «Егіс даласынан – дүкен сөресіне дейін» атты қанатқақты жобаны бірнеше өңірде бастауды тапсырамын. Кейін оның ауқымын кеңейтіп, 2021 жылдың ортасына қарай толыққанды бағдарлама әзірлеуге болады», деді Мемлекет басшысы.

Ең қысқа әңгіме • 25 Маусым, 2020

Өмірге қайта келгендей...

Кардиология және ішкі аурулар ғы­лы­ми-зерттеу институтының бас­қар­ма төрайымы Роза Қуанышбекова ин­­ституттың кардиохирургтар ко­ман­­­дасымен аорта қақпақшасын биоло­гия­лық протезбен алмастыру және аорта­ко­ронарлық шунттеу операциясынан ке­йін пациент Алексей Заиканы 78 жасқа толуымен құттықтады. Ол туған күнінде реа­нимациядан палатаға ауыстырылды. Роза Тоқтанәліқызы оның оптимистік көз­қарасы мен ота жасатқан кезде ба­тыл­дығын атап өтті.

Қоғам • 25 Маусым, 2020

Біз – еріктіміз!

Батыс Қазақстан Жоғары меди­ци­на­лық колледжі жанында жас­тарға аза­маттық-патриоттық, эсте­тикалық-эко­логиялық тәрбие беріп, саламатты өмір салтын насихаттайтын пәндік үйір­мелерге 800-ге жуық студент – мүше.

Елбасы • 25 Маусым, 2020

Сәулетші

Көшбасшылық жөніндегі еңбек­тердің басым бөлігінде қарас­тырылған мәселелердің бірі – басшы мен көшбасшы арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтар. Бұл саладағы көптеген зерттеулерде көшбасшылықтың басқарудан өзгеше, деңгейі жоғары процесс екені жөніндегі қорытынды тұ­жырымдар кездеседі. Басшы мен көшбасшы арасындағы ең маңызды айырмашылық – тіпті қиял­дауға болмайтын мақсат тө­ңі­­регінде көпшілікті біріктіріп, сен­діруі, сол іске жұмылдыруы. Сол себепті егер басшы болсаңыз, қолдан келетін, күнделікті істерге көңіл бөлесіз; ал шын көшбасшы болсаңыз, кездейсоқтықты мүм­кіндікке айналдырасыз. Бұл сонымен қатар, көшбасшы мен оның соңынан ерген көпшілік ара­­­сындағы тылсым күшті де көр­сетеді. Осындай көшбасшылар көп­­шіліктің «бұл мүмкін емес» деген нәрселерін жүзеге асыра алады.

Оқиға • 25 Маусым, 2020

Халел жайлы тың дерек

Қазақ әрбір әрекетін айқындайтын ғибратты сөз қалдырған. Соның бірінде «Толған ел тарихын таспен жазады» депті. Арғы-бергі дәуірдің сайын даладағы жылнамасы – әр төбенің басындағы мүлгіген молалар, маңғаз құлпытастар. Атырау облысындағы Тайсойған құмында да көне тарихты бүгінге жалғап жатқан мұндай жәдігерлер жеткілікті.