Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24557 материал табылды

Әлем • 02 Наурыз, 2022

Польша Ресейден көмір тасуды тоқтатады

Польша Ресей елінен көмір тасымалдамайтынын айтты. Бұл шешімді Премьер-министр Матеуш Моравецкий Еуропалық Кеңестің басшысы Шарль Мишельмен бірлескен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Қаржы • 02 Наурыз, 2022

Сбербанк еуропалық нарықтан кетеді

Сбербанк еуропалық нарықтан кету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Қазақстан • 02 Наурыз, 2022

Тәуелсіздіктің кепілі

ХХ ғасырдың екінші жартысында көптеген жаңа мемлекет үшін БҰҰ-ның жоғары мінберіне көтерілу халықаралық егемендік пен тәуелсіздікті мойындауды білдірді. Бұл 1992 жылғы 2 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымына кірген Қазақстан Республикасы үшін де солай болды.

Қоғам • 02 Наурыз, 2022

Қасиетті Қазақстанымыз аман болсын!

Соңғы алты жыл бойы еріктілер қатарында қайырымды іспен тұрақты айналысып келемін. Осы уақыт ішінде «көп түкірсе көл» болатынына, бірлігі бекем елдің болашағы жарқын болатынына көзім әбден жетті.

Аймақтар • 02 Наурыз, 2022

Тәртіп сақшыларына тәнтімін

Бұл оқиға былтыр жаңа жылдың қарсаңында болған еді. Кешқұрым Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар шаһарына жол тарттым. Туысқандармен жаңа жылды бірге қарсы алуға асыққаным соншалық, көлігімнің жылдамдығын шамадан тыс асырып жібергенімді байқамаппын. «Асыққан – шайтанның ісі» екенін кейін ұқтым...

Қоғам • 02 Наурыз, 2022

Алғыс – барлық ізгі істің бастауы

Алғыс айту – бұл қоғам мүшелерінің Алладан, адамдардан, табиғаттан алған жақсылықтарына оң жауап беру мүмкіндігін беретін игі амал. Көптеген зерттеуде алғыс айту адам бойындағы ең маңызды қасиеттердің бірі ретінде айқындалған. Алғыс айту психологиялық, тұлғааралық, жеке және физикалық тұрғыда пайда әкелетіні дәлелденген. Ежелгі Римнің саяси қайраткері Цицерон алғыс айтуды барлық ізгі істің бастаушысы, негізін салушысы деп түсінген. Ғасырлар бойы философтар мен жазушылар Цицерон пікірімен келіскен секілді, олар алғыс білдіруді ізгілік ретінде қарастырып, жақсылықты бағаламауды, рахметі жоқтықты моральдық кемшілік ретінде қарастырды.

Қазақстан • 02 Наурыз, 2022

Қазақ пен чешен бауырлас

Сан ғасырлар бойы аңсап күткен азат күнге жетіп, тәуелсіздік туын көтерген күннен-ақ Қазақ елі шетелдердегі қандастарды елге шақырды. Қазақ халқы оған дейін де өзге этностарды бауырына басқан қайсар халық екенін білеміз.

Қоғам • 02 Наурыз, 2022

Азаматтардың конституциялық құқықтары қорғалады

Бас прокуратураның кеңейтілген алқа отырысында қаңтар оқиғалары контекстінде қылмыстық процестегі азаматтар­дың конституциялық құқықтарын сақтау мәселелері талқыланды.

Пікір • 02 Наурыз, 2022

«Ата-баба аманаты» ұғымы және саяси ребрендинг

Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде партия атауы «Аманат» деп өзгертілді. Партия Төрағасы және Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Бұл еліміз үшін де, ұлтымыз үшін де айрықша мәні бар киелі ұғым. Егемендігіміз, елдігіміз мен бірлігіміз, кең-байтық жеріміз – бізге бабалардан жеткен аманат» деп нақтылады. «Аманат» категориясы алда атқарылатын партиялық жұмыстың мазмұнына ықпал етіп, кезекте тұрған саяси реформалармен де селбестік табуы қажет.

Пікір • 02 Наурыз, 2022

Бастысы – жастар мәселесі шешімін табады

Өзгенің көшінен қалып кетпеу үшін өзгеріске дайын болу – заман талабы. Елімізде соңғы уақытта болып жатқан жағдайлар тек мемлекеттік органдар ғана емес, партиялардан да, жекелеген тұлғалардан да өзгеріске бейімделіп қана қоймай, сол үрдістің бір бөлшегі болуды талап етеді.

Яндекс.Метрика