Технология • 10 Маусым, 2020
Қарашығанақ жобасы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» жергілікті өндірушілерден тауарлар мен қызметтерді сатып алу көлемі бойынша Қазақстан Республикасындағы мұнай-газ секторы кәсіпорындарының ішінде алдыңғы орында келеді. Өнімді бөлу туралы соңғы келісімге қол қойған күннен мыңдаған қазақстандық компаниялар ҚПО бірлестікте халықаралық стандарттар бойынша тәжірибе жинады.
Президент • 09 Маусым, 2020
Мемлекет басшысы Асқар Маминнің есебін тыңдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысы Асқар Маминнің есебін тыңдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 09 Маусым, 2020
Су жоқ: Nur Otan Ақмолалықтардың шағымына жауап берді
Ақмола облысында Nur Otan партиясының Аршалы филиалының партиялық бақылау комиссиясы Жібек Жолы ауылы тұрғындарының ауыз судың жоқтығы туралы шағымы бойынша тексеру жүргізді, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.
Коронавирус • 09 Маусым, 2020
Елордада COVID-19 жұқтырған аналар 11 сау баланы дүниеге әкелді
Бүгін қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова Қазақстан астанасындағы коронавирус инфекциясына қатысты қазіргі жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Парламент • 09 Маусым, 2020
Сенаторлар тұтынушылар құқығын қорғауға қатысты заң жобаларын қарады
Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда цифрлық технологияларды реттеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты заң жобалары қаралды, - деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Қоғам • 09 Маусым, 2020
Жұмысынан айырылған 35 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды
Жыл басынан бері Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 35,5 мың адамды құрады, бұл ретте осы жылдың мамыр айында 5,2 мың азаматқа жәрдемақы тағайындалды, - деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі .
Экономика • 09 Маусым, 2020
Елімізде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі артты
Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2020 жылғы қаңтар-мамырдағы еліміздің ауыл шаруашылығы дамуының қорытындылары туралы баяндады, - деп хабарлады primeminister.kz.
Қоғам • 09 Маусым, 2020
470 мың отбасы "Birgemiz" қорынан 50 мың теңгеден алды
Бұл туралы "Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Instagram парақшасында жазды.
Экономика • 09 Маусым, 2020
Бүгінгі доллар бағамы белгілі болды
9 маусымдағы таңғы сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 398,49 теңге болды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы хабарлады.
Руханият • 09 Маусым, 2020
"Құдалық" - Рахымжан Отарбаевтың соңғы әңгімесі
Жайықты жайлаған жұрт жазушының мерейтойында көңіліне бір көлді байлап беріп, жағрафиялық картаға бедерлеп "Рахымжан көлі" дескен. "Аз ісімді көп қылды" деп масайрағаны да сол тұс. Өмірде аз қуанып, көп қам қылған қаламгердің шығармашылығы да сол көлдей, тебіреніп, толқып жататын кісілік даласындағы көркемдік көлі. Сусаған табар, аңқасы кепкен бас қояр. Рахымжан Отарбаевтың кейінгі жазған көп әңгімесі баспа бетін көрді, бағасын да алды. Соның ішінде көзден таса қалғаны осы "Құдалық" екен. Бұл сірә, қаламгердің соңғы шығармаларының бірі болса керек. Жазушымен жиырма жыл шығармашылық байланыста болған аға-досы, жазушы Несіпбек Дәутайұлына әңгімені "Egemen Qazaqstan"-ға ұсынғаны үшін алғыс айтамыз.