Сараптама • 29 Қараша, 2024
Спорттың алуан түрлі пайдасы бар
Тұрақты спортпен шұғылдану созылмалы аурулардың, соның ішінде жүрек-қан тамырлары ауруларының және екінші типтегі қант диабетінің қаупін азайтады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, физикалық белсенділік жұқпалы емес аурулардан болатын өлімді 30%-ға төмендетуі мүмкін. Мысалы, халықтың 50%-дан астамы үнемі спортпен шұғылданатын Солтүстік Еуропа елдерінде мұндай аурулардан болатын өлім көрсеткіші физикалық белсенділігі төмен елдерге қарағанда 20%-ға төмен.
Пікір • 29 Қараша, 2024
Астанада өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы еліміздің тәуелсіздігі мен тұтастығын нығайтуға, сондай-ақ өңірлік қана емес, жаһандық тұрақтылықты да сақтауға бағытталған іргелі қадам деп айтуға негіз бар. Осы жылдың басынан біздің еліміз ұйымға төрағалық етіп келеді. Бұл уақыт аралығында Қазақ елі заман талаптары мен уақыт сын-қатерлеріне жауап беретін шешімдер қабылдап, өз міндеттемесін ойдағыдай орындады.
Пікір • 29 Қараша, 2024
Күні кеше ғана қол жеткізген өзара келісімдер Еуразия құрлығының кіндігінде орын тепкен екі елдің іргелес жатқан ұзын шекарасы ортақ сенімді одақтас пен сенімді серіктестікке серпін беріп отыр.
Пікір • 29 Қараша, 2024
Сарапшылар кеңесі – дипломатияның бір тармағы
Бүгінде Қазақстан мен Ресейдің арасында экономикалық қарым-қатынас тұрақты дамып келеді. Екі ел ынтымақтастық шеңберінде 100-ден аса бірлескен жобаны жүзеге асырып жатыр. Гуманитарлық, ғылым, білім беру және бизнес саласындағы байланыс жыл санап нығая түсуде.
Зерде • 29 Қараша, 2024
Жалпы, Алла Тағаланың берекесі қонбаған мекеннің үстінде жұрт ел болып ұйыса алмайды, ал ілім қонбаған елдің болашағы мүлде жоқ. Алла сол елге ілімнің гауһар жаңбырын төгем десе, сол елдің ішінен өзіне ғана жүрегі бұрылып, оның асыл діні – Исламға буыны мығым бекіген әулие-әнбиелер арқылы жаудырады. Алланың сүйікті пенделері сол елдің құт-берекесіне, темірқазығына айналып, сол мекеннің алапатын асырып, ырысын молайтады.
Руханият • 29 Қараша, 2024
Елімізде Алатау, Қаратау, Ұлытау сияқты биік, биік тауларымыз бар. Сонымен қатар қазақта рухымызды биікке көтеріп тұрған Әбіш таудың бары да хақ. Таулардың қалай пайда болатынын біз ХХ ғасырда көзбен көрдік. Ол құдіретті дарыннан пайда болады екен. Табиғи дарынға маңдай терін, жүректің лүпілін, еңбектің бейнетін, көкіректің қайғы-шерін қосқан талант қана жазушылық жолдан өтіп, жанының қанын ағызып, алпыс екі тамыры тебен инедей жіңішкергенше талмай қаламын ұстап, адам баласы таңданарлықтай керемет кітаптар туғызады. Қазақтың маңдайына біткен асыл Әбіш аға нақ сондай суреткер.
Таным • 29 Қараша, 2024
Күйші мен домбырашыны шатастырмайық
Жазушы, белгілі ғалым Қойшығара Салғараұлының: «Қазіргі кезде біз сөздің жаңғырығын ғана түсінеміз», деп айтқаны бар еді. Шынымен де, сөздің мағынасына көңіл бөлмеу белең алғаны рас. Әр нәрсенің сөздік ұғымы мен сипаттық ұғымын және мағынасы мен мазмұнын дұрыс түсініп, аражігін айырған жөн-ақ. Бірақ оған көңіл аударуға салғырттық таныту әдетке айналды. Қандай да бір сөздің не атаудың мағынасы мен өзіне тән қадір-қасиеті және өзіндік мәртебесі болады емес пе?
Әдебиет • 29 Қараша, 2024
Орыс прозасында ірі классиктерден сәл төменірек, екінші санатта бағаланатын хас дарындар бар: Лесков, Мамин-Сибиряк, Гаршин, Куприн, Бунин. Бұл жазушылардың бірқатарында қыпшақ қаны бар екені айдан анық, ол дүниені көру һәм қабылдау қасиетінен, сөз магиясынан, стильдік ерекшелігінен байқалып қояды.
Жансарай • 29 Қараша, 2024
«Осыған тоқтадым! Болды! Уәдемде тұрамын, Гүлнәр апа!» Батырбек таңғы тәтті ұйқысынан бастырылыққандай азаппен селт етіп, қалшылдай оянды. Жүрегі зуылдап, ұсқыны қашып, тұра жүгіріп мұздай су құйынды. Мең-зең күйден лезде сергіп, таңғы шайын шапшаң ішті де, кеңшар кеңсесіне тартты.
Отбасы • 28 Қараша, 2024
Осыдан он жыл бұрын Кеңесбек ақсақалмен танысқан едім. Менен мүшел жасқа үлкен екен. Әр сөзінен мейірім, әр әрекетінен қайырым лебі сезіліп тұратын, мұсылмандық бес парызын түгел өтеген, қарттығына абырой-атақпен келген кісі. Бабалары Бөкебай әулетінің қарашаңырағын елге өнеге боларлықтай дәрежеде ұстап, нағыз қазақ шаңырағының үлгісін көрсете білген азамат. Дастарқанынан дәм татып, Түркістан қаласын бірге аралап, сырлас болған Кеңекең жадыма өшпестей әсер қалдырған-ды.