Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
1645 материал табылды

Таным • 27 Қыркүйек, 2023

Алаш оқулықтары

Алаш тақырыбын кешенді қара­ғанда ұлт-азаттық қозғалыстың қазақ халқын саяси, мәдени, ру­хани дамудың белгілі саты­сына көтергенін айтамыз. Пат­ша­лық отаршылдық езгіге қар­сы күш ретінде пайда бол­ған Алаш қоз­ғалысы ұлтты ұйыс­ты­рып, сая­си-азаматтық сананы оятып, ата­мекеннің бір­тұ­тастығын қор­ғауға жол ашты. Сондай-ақ ұлт та­рихында бұ­рын-соңды болмаған қоз­ғалыс қа­зақ халқының туған тілін, баба дінін, ұлттық болмысын сақ­тауға септесті.

Пікір • 27 Қыркүйек, 2023

Еңбек нарығының келешегі

Еңбек нарығында әлеуметтік-экономикалық ахуалға, сұранысқа, заман талабына қарай өзгерістер болатыны сөзсіз. Егер жаңашылдықтың пайдасы көл-көсір болса, біз соған мейлінше бейімделіп, қолдау көрсетуіміз қажет.

Пікір • 26 Қыркүйек, 2023

Шикізат өндірудегі келелі ұсыныс

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы мемлекеттің стратегиялық даму жоспарларын халыққа ашық жариялауымен ғана емес, оның орындалу технологиясын мәлімдеуімен де құнды. Жолдау ел ішіндегі ұзақ уақыт бойы тұралап қалған мәселелерді де қамтыды. Бүгінде металлургия және кен байыту, геология, минерология салаларында еңбек етіп жүрген азаматтар Жолдауда айтылған маңызды тақырыптың мәнін ашып, алдағы бағыт-бағдарларын талқылап жатыр.

Зерде • 26 Қыркүйек, 2023

Әліхан төре және замана шындығы

Екі нәрсе барлық тілде жатталар: Бірі – жақсы, бірі – жаман ат болар. Жақсы болсаң, мақтаулы атың сақталар, Жаман болсаң, жаман атың датталар.                                                                                                            Жүсіп Баласағұн

Өнер • 26 Қыркүйек, 2023

Тілендиевтің ізбасарлары

«...Жаз өмірін,мәз өмірін қысқартып,Бара жатыр,бара жатыр құс қайтып...»Нұрғиса Тілендиев көзі тірісінде концертінің бәрін осы әнмен аяқтайды екен. Халқы композитордың аманатын орындап, жанына жақын тартқан дәл осы әнмен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында атақ­ты перзентін ақтық сапарға шығарып салғаны әлі есімізде. Көрермен қауым тағы да филармония­да «Құстар қай­тып барадыны» бірге шыр­қап, компози­­тор рухына тағзым етті.

Пікір • 25 Қыркүйек, 2023

Маңызы зор, мақсаты айқын

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында алда атқарылар жұмыстар мен болашақтың бағыт-бағдары айқындалды. Жолдаудың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» деп аталуының өзі көп жайтты аңғартып отырғандығын халық толық түсініп, қолдау білдіреді.

Тұлға • 25 Қыркүйек, 2023

Әлеуметтану абызы

ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бері еліміз елеулі де маңызды әлеуметтік өзгерістерді бастан өткізіп келеді. Қоғам алдында бір жағынан тәуелсіздіктің салмағы басым болса, екінші жағынан жетпіс жылдай тұрақтап қалған әлеуметтік қатынастар мен байланыстар, ұстанымдар қайта жаңғыртуды қажет етті. Қазақстанда әлеуметтану ғылым және оқу пәні, мамандық ретінде қалыптасуы ресми түрде 1988 жылдан бастау алып, қазір әлеуметтік ғылымдар арасында, қоғамдық үдерістерді реттеуде нақты мәртебеге ие. Елдегі әлеуметтану ғылымын қалыптастырып-дамытуға әлеуметтік ғылымдар докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының құрметті ардагері, Қазақстан әлеуметтанушылары қауымдастығының вице-президенті Кеңес Биекенов айрықша еңбек сіңірді.

Пікір • 25 Қыркүйек, 2023

Шикізатқа тәуелділіктен арылу

Қазір дүние жүзіндегі азық-түлік қауіпсіздігі көкейкесті сипатқа ие болып отыр. Азық-түлік мәселесі мен оған деген сұраныстың артуы күн өткен сайын өткір сезілуде. Сондықтан Қазақ елі үшін де агроөнеркәсіп кешенін дамытуға басымдық берілуі аса маңызды. Қазақтың тарихи тамыры ауыл­да екенін ескерсек, ауыл шаруашылығының өркендеуі – Қазақстанның өркендеуімен пара-пар.

Тарих • 24 Қыркүйек, 2023

Жәңгір хан қай жылы туған?

Бөкей ордасының тарихы еліміз тәуелсіздік алғанға дейін көп зерттеле қоймағаны белгілі. Отандық тарихта Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты зерттеулерде ғана болмаса, өлкеміздің тарихына қатысты деректерді бірлі-жарым ғалымдардың еңбегінен кездестіретінбіз. Кейінгі кезеңде өткенімізден сыр шертетін сан алуан зерттеулер басылып шығып, хан-сұлтандар мен би-батырларымызды біле бастадық. Осындай тұлғалардың бірі – Ішкі Қазақ ордасының негізін қалаған Бөкей хан мен оның ісін жалғаған баласы Жәңгір хан. Жәңгір хан – ресми тарихымызда түрлі бағаланған.

Пікір • 22 Қыркүйек, 2023

Сенімнен – серіктестікке

2015 жылы С5+1 диалог алаңы құрылғалы бері алғаш рет Вашингтонның ұсынысымен мемлекет басшыларының кездесуі өтті. Ал бұған дейін мұндай форматта АҚШ пен Орталық Азия арасындағы диалог пен ынтымақтастық сыртқы саяси ведомстволар басшыларының деңгейінде ғана жүзеге асырылатын еді. Бұл С5 форматының қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді.