Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19031 материал табылды

Президент • 23 Тамыз, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағандыда еліміздің индустриялық-инновациялық дамуы жөнінде кеңес өткізді

Жиынды ашқан Мемлекет басшысы Қазақстанға жаһандық, әсіресе өңірлік нарықта табысты бәсекеге қабілетті, қуатты әрі технологиялық тұрғыдан прогрессивті өнеркәсіп қажет екенін атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қоғам • 23 Тамыз, 2019

Дәурен Абаев фейк жаңалықтармен күресу туралы айтты

Үкіметте өткен баспасөз конференциясында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бұқаралық ақпарат құралдарында жалған ақпарат таратумен күресу және оны заңнамалық тұрғыдан реттеу туралы айтып берді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Қазақстан • 23 Тамыз, 2019

Норвег зерттеушілері Қазақстандағы бизнес ахуалын саралады

Норвегиялық сарапшылардың тобы жуырда толығымен Қазақстанға арналған «International Business» баяндамасын әзірледі. Жоба бір жыл бойы жүргізілді және оған Норвегиялық ғылым және технология университеті, Норвегиялық экономика мектебі және BI Norwegian Business School қатысты.  «Innovation Norway» мемлекеттік корпорациясы демеу көрсетті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан • 23 Тамыз, 2019

Tax free жүйесі елімізге келетін туристер санын арттырады

Алматыдағы шетелдік туристер осы күзден бастап Tax free жүйесінің қызығын көре бастайды. Global blue компаниясымен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде Tax free жүйесін Қазақстанға енгізудің қанатқақты жобасы әзірленді. Қаржы министрінің бұйрығымен ағымдағы жылдың 15-тамызынан бастап қанатқақты жоба заңды күшіне енді. Салықты қайтару жүйесі бір жарым айдан кейін Алматы сауда орталықтарының бірінде іске қосылмақ. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 23 Тамыз, 2019

Жоғалған альпинистің жұбайы құтқарушыларға алғыс айтты

Бүгін Алматы қаласында Қырғыз мемлекетіндегі Жеңіс шыңында жоғалған қазақстандық альпинистерді іздеу операциясының қорытындысы бойынша Қорғаныс министрінің баспасөз-конференциясы өтті. Шараға іздеу-құтқару операциясының мүшелері Қорғаныс министрлігінің әскери альпенистері капитан Мақсұт Жұмаев, аға лейтенант Василий Пивцов, сондай-ақ Альпенизм және спорттық құзға шығу федерациясының бас хатшысы Қазбек Валиев қатысты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан • 23 Тамыз, 2019

Сауд Арабиясы Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына инвестиция салуға қызығушылық танытуда

Рияд қаласында Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшісі Берік Арын Саудтық ауыл және мал шаруашылығы саласындағы инвестициялық компанияның (SALIC) басшысы Мэттью Дженсенмен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен SALIC арасында ынтымақтастық орнату, еліміздің ауыл шаруашылығы саласына сауд инвестицияларын тарту мәселесі талқыланды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қоғам • 23 Тамыз, 2019

Депутат Б.Мамраев: Сыбайлас жемқорлықты төмен еңбекақы алумен ақтау — қылмыс

Бүгін Үкіметте өткен баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бейбіт Мамраев БАҚ өкілдеріне өзінің пікірінше ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев Nur Otan партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында алға қойған міндеттері қалай іске асырылуы тиіс екені жайында айтып берді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады. 

Қоғам • 23 Тамыз, 2019

Қорғаныс министрлігі альпинистерді іздестіру-құтқару операциясының қорытындысын хабарлады

Әскери альпинистер тобы тамыздың 19-22 аралығында Тянь-Шань жотасының Жеңіс шыңы ауданында өткізілген іздестіру-құтқару операциясынан оралды. Операция жетекшісі аға лейтенант Василий Пивцов, капитан Мақсұт Жұмаев пен майор Аманжол Рахметов 15 тамызда жоғалып кеткен Александр Чечулин, Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеевті іздеді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 23 Тамыз, 2019

Демалыс күндері ауа температурасы төмендейді - Қазгидромет

24-26 тамыз аралығында республиканың солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарының кей жерлерінде найзағаймен жаңбыр, желдің дауылды күшеюі күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Аймақтар • 23 Тамыз, 2019

Еліміздің барлық аймақтарында қоршаған ортаның радиологиялық мониторингі жүргізілді

Халықтың қоғамдық денсаулығын радиациялық факторлардан қорғау мақсатында Ұлттық сараптама орталығының радиологиялық зертханалары күн сайын қоршаған ортадағы гамма сәулелену дозасының қуаттылығына мониторинг жүргізеді. Бұл туралы ДСМ ҰСО Баспасөз-қызметі хабарлады.