Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
18939 материал табылды

Қоғам • 12 Мамыр, 2021

Кәсіпкерлік идеяға – жарты млн теңге

Қазақстанның 20 үкіметтік емес ұйымы өздерінің кәсіпкерлік идеяларын іске асыру үшін 500 мың теңгеден алады. Бұл туралы «Әлеуметтік талдау және әріптестік орталығы» қо­ғам­дық қорының «Қазақстанның ҮЕҰ арасында әлеуметтік кәсіпкерлікті ынталандыру және танымал ету» Республикалық жобасы шеңберінде әлеуметтік кәсіпкерлер арасында шағын грант­­тар конкурсын бастауға арналған онлайн баспасөз кон­фе­­рен­циясы барысында белгілі болды.

Білім • 12 Мамыр, 2021

Заманмен рухтас оқу орны

Биылғы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық және Еуразия университетінің 25 жылдық мерейтойы – жаңаның басы болған жасампаз белесті анық­тайды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев астананы Арқа төсіне көшірер алдында алысты болжап, Ақмоладағы аймақтық универ­ситетті толық жаңғыртуға және оның еуразиялық миссиясын айқындауға тапсырма берді. Тарих көзімен қарағанда, бұл – ғасырлық оқиға.

Әлем • 12 Мамыр, 2021

Францияда мәдениет майданы қызды

ЛОНДОН. Франция президенті Эммануэль Макрон қайтыс болғанына 200 жыл болған Наполеон Бонопарттың қабіріне гүл шоғын қою арқылы елдегі мәдениет майданын одан әрі күшейте түсті. Франциядағы қоғамға түскен жікті жазуға мүмкіндік бар ма, әлде кейбіреулер болжағандай, мемлекет «қанқұйлы азаматтық соғыстың» алдында тұр ма?

Руханият • 11 Мамыр, 2021

Қасым сүйген Сақыпжамал

Ақын Қасым Аманжоловтың өмір жолы да, өнер hәм өлең жолы да күрделі, қайшылықтарға толы болғанын білеміз. Әкесінен ерте айырылып, жетім өсті. Балалық шағы аштық пен жоқшылыққа тап келді. Ұлан-ғайыр даланың бір қиырынан екінші қиырына көшті. Сұм соғыстың сұрапылын бастан кешті. Майдан даласындағы оқ пен оттан, қар мен мұздан, окоптағы сыздан денеге дерт жабысты. Соғыстан кейінгі бейбіт жылдардың өзінде баспананың қиындығын бастан өткерді. Әдебиеттегі «әдеби иттердің» де әлегі көп болды. Осының бәріне қайсар Қасым шыдады. Бөрі секілді білдірмеді. Өзін де, отбасын да отты өлеңдерімен асырады, жылытты, жұбатты...

Руханият • 10 Мамыр, 2021

Кестелі орамал

Кешегі Фин соғысын былай қой­ғанда, 1941-1945 жылғы немістермен бол­ған қан майданда қаншама арысымыз көз жұмды. Елге аман-есен орал­ғандардың соңғы легінің қалғандары да осы күні бірен-саран.

Ең қысқа әңгіме • 10 Мамыр, 2021

Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған қазақтар хақында

Екінші дүниежүзілік соғыс тарихын терең зерделеген ака­демик-тарихшы Манаш Қозыбаев 1993 жылы 8 мамыр күні «Egemen Qazaqstan» газетіне жариялаған «Күркіреп күндей өтті ғой соғыс» мақа­ласында: «Соғыс жыл­дары ерлігі үшін орден және медальдармен наградталғандар қа­тарында 96 638 қазақ жауы­нгері бар.

Таным • 10 Мамыр, 2021

Ескерусіз кеткен есіл ер

Алыстан келген хат Ұлы Жеңістің 22 жылдығын тойлауға қызу дайындалып жатқанбыз. Осы мерекеге «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газеті бүкіл нөмірді арнамақ. 

Қазақстан • 10 Мамыр, 2021

Тәуелсіздік және рухтың күшеюі

Тәуелсіздік туралы жүректен шыққан жырлар, өлеңдер, әндер баршылық. Олардың бәрі тәуелсіздікті дәріптеп насихаттауда, ұрпақ тәрбиелеуде  үлкен рөл атқарады. Қазақстанның әлемдегі бағасы тәуелсіздігімен жоғары, егемендігімен еңселі. Тәуелсіздік  жариялағаннан бастап еліміздің барлық саласының дамуы нарықтық экономикаға көштік дегеннің өзінде  мемлекеттік стратегиялық жоспарлаудың қажет екенін уақыттың өзі  көрсетті.

Спорт • 09 Мамыр, 2021

Сурдлимпиада ойындарында қазақстандық споршылар екі медальға қол жеткізді

XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарының жетінші жарыс күнінде қазақстандық спортышлар күміс және қола медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тарих • 09 Мамыр, 2021

Қилы-қилы тағдырлар

Төбеден жай түскендей болып басталған 1941 жылғы соғыс еліміздің қиыр солтүстігіндегі Майбалық ауылының да бейбіт өмірінің тас-талқанын шығарған. Жүз шақты шаңырағы бар шағын ауыл төрт жыл ішінде майданға 150-ден артық жігіт жіберіпті. Олардың жетпістен астамы қазаға ұшыраған, ал елге тірі оралғандардың ширегі – мүгедектер. Екі-үш ұлынан айырылған, жалғызын жоғалтқан ата-аналар, жетім қалған балалар – сол кездегі ауылдың үйреншікті жағдайы еді. Ал қан майданда от кешкен жауынгерлердің қилы тағдыры кімге болсын ой салып, тағылым алғызары анық.