Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1574 материал табылды

Экология • 12 Тамыз, 2020

Браконьерлер табиғатқа 13 млн теңгеден астам залал келтірген

Солтүстік Қазақстан облысында 2397 көл бар, соның 332-сі жалға берілген. Бұлар балығы көп, суы тұщы, құнарлы, үлкен көлдер. Бұл көлдерден рұқсат құжаттары болған жағдайда ғана балық аулауға болады. Жуырда СҚО табиғатты қорғау полициясы аң аулау шаруашылығы қызметкерлерімен және басқа да мүдделі ведомстволармен бірлесе отырып осы көлдер мен қорықтарда, ормандарда табиғатты қорғау заңнамасын сақтау бойынша рейд жүргізді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 11 Тамыз, 2020

Түн тыныштығын бұзатындардың алтауы айыппұл тартты

Биылғы аптап ыстық халықты түнде терезелерді ашып қойып ұйықтауға мәжбүр қылуда. Таңертең жұмысқа баратын адамдар, балалар мен қарттар да түн тыныштығын қажет етеді. Алайда екі дөңгелекті көлігімен жарысқа түсетін есерлер түн тыныштығын бұзып, халыққа зардап шектіруде. Полицияға түскен сондай дабылдардың көбейіп кетуіне байланысты Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтау және мотокөлік құралдарын қауіпсіз жүргізу бойынша республикалық рейдтер жүргізілді. Соның нәтижесінде Петропавлда екі доңғалақты көліктің 6 иесіне айыппұл салынды.

Аймақтар • 11 Тамыз, 2020

Бір айда карантин тәртібінің 700-ден артық бұзушылығы анықталды

СҚО-да карантиндік шектеулерге құрамында әкімдік, прокуратура, санэпидбақылау өкілдеріжәне полиция қызметкерлері бар жұмыс тобы мониторинг жүргізеді, - деп жазады Egemen.kz

Қоғам • 11 Тамыз, 2020

Егінге орақ ерте түсті

Биыл еліміздің астықты өңірлерінің бірі – Солтүстік Қазақстан облысының диқандары ораққа ерте шықты. Жаппай болмаса да егісті көктемде ерте аяқтағандардың астығы жетіліп қалған. Жаздың ыстық болуы астықтың тез жетіліп, пісуіне қолайлы болды.

Аймақтар • 10 Тамыз, 2020

СҚО полицейлері Абайдың 175 жылдығын атап өтті

Мерейлі жыл аясында Солтүстік Қазақстан облысы ПД бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаевтың бастамашылық етуімен ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған "Хәкім Абай даналығы" атты іс-шаралар бастау алды. Осыған орай Абайдың асыл мұрасын насихаттайтын бірқатар іс-шара өткізу жоспарланып, Абай жылының логотипімен екі банер әзірленді. Жаман індетке байланысты аталған іс-шараларды ПД онлайн-форматта өткізуге мәжбүр болды.

Оқиға • 09 Тамыз, 2020

Қырағылығы үшін полициядан алғыс алды

Үстіміздегі жылдың сәуір айында банкоматтан ақшасын алып, кетіп бара жатқан әйелдің артынан баспалап жеткен ұры оның 150 мың теңгесі бар сөмкесін жұлып алып, қашып кеткен. Алайда оның жанында болған әйелді көріп тұрған такси жүргізушісі Сергей Кузенев пен сол маңдағы дүкен сатушысы Лариса Бурлева ұстап, полицияға тапсырған. Әрине, сыбайласы қолға түскен соң ұрының кім екендігі де белгілі болып, арада көп уақыт өтпей ол да ұсталған.   

Аймақтар • 09 Тамыз, 2020

Карантин кезіндегі туған күн караоке-барда тойланған

Петропавлдың орталық аудандарының бірінде орналасқан "Royal Palace" мейрамханасы ең жақсы сауық орындарының бірі. Бірақ қазір карантин болғандықтан оның есігі айқара ашық болмауы керек-ті. Алайда осы мейрамхананың ішінде сауық болып, музыка ойнап жатқандығы, тіпті жанжалдың айғай-шуы естілетіні туралы дабыл полицияға түнгі сағат үште түскен, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан • 09 Тамыз, 2020

Алтын астық қамбаға құйыла бастады

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай Солтүстіктің кейбір шаруашылықтары ерте піскен астыққа орақ түсіріп үлгерген. Қазір кең даланың төсінде астық кемелері күндіз-түні жүйткіп жүр, деп жазады Egemen.kz 

Аймақтар • 09 Тамыз, 2020

Екі күнде балалардың қатысуымен екі жол апаты болған 

Екі күнде балалардың қатысуымен екі жол апаты болған, деп хабарлайды Egemen.kz 

Аймақтар • 07 Тамыз, 2020

Ізін суытпай ашылмаған қылмыстар әшкереленуде

Үстіміздегі жылғы 30 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысындағы Шал ақын ауданынының бір ауылындағы дүкеннің сатушысы таңертең жұмыс орнына келсе оның тоналып қалғанын көреді. Бұл қылмыс ізін суытпай ашылмаған еді. Дүкеннен барлығы 300 мың теңгенің тауарлары ұрланғаны белгілі болған.