Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1464 материал табылды

Аймақтар • 22 Мамыр, 2020

Жастар неге хайпқа құмар?

Қазір жастар өздеріне қайтсе де жұрт назарын аудару үшін түрлі айла-шарғыға барып жатыр. Солайша тез танылудың жолын іздейді. Бұл қазақтың «атың шықпаса жер өрте» дегенінің нақ өзі.

Аймақтар • 22 Мамыр, 2020

Қоғамдық көліктерде санитарлық нормалардың сақталуы шарт

Санитарлық нормаларды сақтау шартымен қазір Солтүстік Қазақстан облысында барлық қоғамдық көліктер жүре бастады. Алайда нормаларды сақтау жиі бұзылады. Сондықтан бұл талаптың орындалуын тексеріп тұрмаса болмайды.

Аймақтар • 21 Мамыр, 2020

СҚО: Соңғы 7 жылда 180 адам суға батып кеткен

Солтүстік Қазақстанда биыл жаз маусымы ерте басталып, карантиндік шектеулер азайтылып, суға түсу көбеюіне байланысты облыстық ТЖ департаментінің бастығы, полковник Рамил Камалов брифинг беріп, қауіпсіздік мәселелерін  ескертті. 

Аймақтар • 21 Мамыр, 2020

СҚО: Еріктілер мен полицейлер интернет-алаяқтыққа қарсы күш біріктіруде

«Қамқор» еріктілер клубының өкілдері полицейлермен бірге халыққа оңай олжа іздеушілердің қылмыстық әдіс-тәсілдері туралы ескертетін жадынамалар таратты.

Аймақтар • 20 Мамыр, 2020

Жол инфрақұрылымы жоғары деңгейде болуы керек

СҚО-да жол сапасы үлкен проблеманың бірі. Сапасыз салынған жолдар аз уақытта бұзылып жатады. Ал дұрыс жолдарды күтіп ұстауға тиісті қызметтер талапты жеткілікті дәрежеде орындамайды.

Аймақтар • 20 Мамыр, 2020

Еріктілер есірткіге қарсы күресте көмек көрсетуде

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 76 есірткі қылмысы тіркелді. Заңсыз айналымнан 4,5 килограм түрлі есірткі заты, оның ішінде бір килограмдай синтетикалық есірткі алынды.

Тағайындау • 19 Мамыр, 2020

Ғани Нығыметов СҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Бүгін Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың өкімімен Ғани Нығыметов әкімнің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Аймақтар • 19 Мамыр, 2020

Солтүстік Қазақстан облысы музейлері «Халықаралық музей күнін» атап өтті

СҚО музейлері «Халықаралық музей күнін» атап өтті. Соның ішінде Қызылжардағы ең басты да маңызды музей – «Абылай хан резиденциясы» музей кешені де бар. Карантин режіміне бейімділік танытқан бұл музей қазір өз жәдігерлерінің көрмесін онлайн режімде таныстыруда. Облыста бірінші рет көшбасшы музей экскурсияны қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жүргізуді бастады.

Аймақтар • 18 Мамыр, 2020

Солтүстік Қазақстан облысы: Жартысынан көбі жабылды

Төтенше жағдай жарияланып, карантин режімі енгізілген уақыттан бері Солтүстік Қазақстанда 43 блок-бекет ашылған еді. ТЖ аяқталып, шектеу шаралары жеңілдетілгеннен бері соның 19 ғана жұмысын жалғастыруда.   Олар Қызылжар, Есіл, Аққайың және Шал ақын аудандарынан басқа аудандарда тұр.

Аймақтар • 18 Мамыр, 2020

Қоймадағыны қолды қылмақ болған

Диханшының көктемдегі ең қажетті нәрсесі тұқым болса, екіншісі гербицид деп айтуға болады. Өйткені, тұқымды жерге сіңіріп тастағаннан кейін арамшөп өскіннен басып озып, бидайға бас көтертпейді. Сондықтан арамшөпті алдымен құртып жіберетін гербицидтің пайдасы шаш-етектен.