Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1464 материал табылды

Аймақтар • 03 Мамыр, 2020

Қырағы лейтенант ұрыны қапы қалдырды

Кеше Петропавл қаласындағы қоғамдық тәртіпті бақылауға шығатын 22 жасар қазақ қызы, жас лейтенант Зарина Елубаева бастаған шағын топ бір қылмысты ізін суытпай ашуға қол жеткізді.  Әрине, ол жырынды баукеспелер жасайтын ауыр қылмыс емес – велосипед ұрлығы. Бірақ соның өзі мүліктің иесіне қаншалықты психологиялық соққы, қоғамға залал бергенін ұмытпау керек.

Аймақтар • 03 Мамыр, 2020

Этномәдени орталықтар көтеріңкі көңіл-күй туғызды

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай «СҚО-ның полициясында 19 ұлттың өкілдері қызмет етеді» деген хабарды бізге қуанышпен жеткізді.

Қоғам • 02 Мамыр, 2020

Қоғам болып күрескенде ғана жеңеміз

Жемқорлық індеттің зиянкестігі мемлекет үшін аты жаман вирустың зардабынан кем емес. Оған қарсы жетілдірілген заңнамалық құжаттар қабылданып жатқанымен қоғамға ендеп кірген бұл дерт әбден жайылып барады.

Аймақтар • 01 Мамыр, 2020

Жол азабын жүрген білер

Солтүстік Қазақстанның автожолдары еліміздің басқа өңірлеріндегі сияқты ешқашан жоғары талап деңгейінен табылған емес. Жыл сайын бәлен миллиардтаған ақша бөлінсе де биыл істелген жол көп болса 2-3 жылға ғана шыдап, қайта жөндеуді талап етіп жатады. Жаңадан салынған және жөнделген жолдың сапасы қатаң тексерілмейді, соның нәтижесінде жолдың жыры ешқашан бітпейді. Осы мәселені мемлекеттік деңгейде қолға алып, тәуелсіз комиссияның мониторингіне беретін кез жетті. Сол комиссияны ұстауға кететін шығын өзін 10-15 есе ақтар еді. Өйткені, жолдардың сапасы жақсарып, жөндеу жұмыстарына кететін артық шығындар азаяр еді.

Аймақтар • 30 Сәуір, 2020

​Тәртіптің арқасында аймақ ақырындап жандануда

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында облыста карантиндік режімнің жұмсартылуының екінші кезеңі 4 мамырдан басталатынын айтты. Дәл осы сөздерді оның орынбасары Руслан Әлішев те жариялады.

Аймақтар • 30 Сәуір, 2020

Ерке ме, есер ме... Әйтеуір бір ессіз

Жуырда Петропавл қаласының көшесінде маска киіп алған азамат мотоциклмен қашып,  полицияның ысқырығы түгіл соңына түсіп қуғанына қарамай, ақыры соңынан дабылын безілдеткендердің 5-6-уын ертіп барып, қоршауға түскенде ғана күшпен тоқтатылды. Сөйтіп, қаншама халықтың үрейін ұшырды, жол тәртібін бұзып апатты жағдай туғызды. Оның қашуы мен қуғынының бейнекөрінісі кеше және бүгін барлық әлеуметтік желілердің бетінен түспеді.

Аймақтар • 30 Сәуір, 2020

Қыстан қысылмай шықтық...

Еліміздің Солтүстігіндегі тұрғындарының үлкен жауларының бірі – қысқы бүрсең қақтыратын қатты суық. Желтоқсан, қаңтар, ақпан айларындағы суық мұнда 20-30 градустан кем болатын күндері аз. Кейде тіпті 40-45 градусқа дейін төмендеп кететін кездері де болып тұрады.

Аймақтар • 29 Сәуір, 2020

Тілсіз жау күтпеген жерден келді

Кеше Петропавлдың орталық көшелерінің бірі – К.Сүтішев, 51 үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шығып, қаланың қақ ортасын қатты дүрліктірді.

Аймақтар • 29 Сәуір, 2020

Карантинде қалып қойғандар

Павлодар қаласында уақытша тұрып келген Молдова азаматтары енді елдеріне жетпек болып, Петропавл қаласы арқылы Ресей Федерациясына өтпек болған. Отбасы құрамында 7 ересек жан мен 5 бала бар. Бұлар Павлодар облысында тұратын туыстарына қонаққа келген екен.

Аймақтар • 29 Сәуір, 2020

Қолыңнан келсе қолдау жаса...

Солтүстік Қазақстандық қоғамдық ұйымдар ерекше режімде еңбек етіп жатқан полицейлер мен медициналық қызметкерлерге қолдан келген көмектерін көрсетуде.