Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1574 материал табылды

Аймақтар • 11 Сәуір, 2020

Браконьерлер мемлекетке 2,5 млн теңге шығын келтірген

Солтүстік Қазақстанда короновируспен қатар 1-15 сәуір аралығында «Биоресурстарды қорғау» републикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Полицейлер аңшылық шаруашылығы және орман шаруашылығы қорықшыларымен тығыз байланыста жұмыс істеуде және бұл іс-шараға шекарашы қызметкерлер де тартылды.

Аймақтар • 11 Сәуір, 2020

Қиын күндер, сұрапыл сындар...

Коронавирустың қасіреті біздің халқымыздың санасына әлі толық жете қойған жоқ. Оған әлі де жеңіл-желпі қарап, көңіл аудармайтындар көп. Тіпті оны саясатпен салғастырып, өздерінің мақсаттарымен жымдастырғысы келетін қитұрқылар да бар.

Аймақтар • 10 Сәуір, 2020

Солтүстік Қазақстандық сақшылар жүк көліктерін құтқарды

Теріскейден жеткен циклонның немесе халық «жынды боран» деп атайтын қатты желдің кесірінен азық-түлік әкеле жатқан алматылық екі фура да жолдан тайып кетеді.

Аймақтар • 10 Сәуір, 2020

Тілсіз жауға тізгін бермеу керек

Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында 118 өрт болып, онда 15 адам қаза болып, тағы үшеуі күйік алған. Бұл туралы журналистерге ТЖ департаменті бастығының орынбасары, полковник Нұрлан Атығаев айтып берді.

Аймақтар • 09 Сәуір, 2020

Петропавлда саяжайларды атты сақшылар күзетуде

Қазір Петропавлда «Заречное» және «Новопавловка» кенттерінде саяжай қоғамдастықтарындағы тәртіпті қадағалауға салт атты полицейлер шықты.

Аймақтар • 09 Сәуір, 2020

Тасқынға – тосқын

Қарғын суға қарсы тұру жұмыстары Солтүстік Қазақстандық ТЖ ерте күннен қолға алынған. Баспасөз қызметінен алынған хабарға қарағанда, олар өздерінің алдына бірінші кезектегі мақсат етіп – тұрғын үйлердің су басуын болдырмауды қойған. Осы мақсатты орындау үшін жергілікті билік органдарымен бірлесе отырып, бірнеше шаралар жасалған.

Аймақтар • 08 Сәуір, 2020

Дезинфекцияны автоматты түрде жасайтын құрал

Кеше кешке Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтікелей эфир арқылы бифинг беріп, халыққа облыстағы бүгінгі ахуал туралы баяндап берді. Алдымен ол аты жаман індетке шалдыққандар санының соңғы 2-3 күнде көбеймегенін, біреуі емделіп шыққанын, қалғаны 24 адам екенін айта келіп: «Бұл біздің жіті жұмыс істеп жатқанымыздың нәтижесі. Мен індетпен күресіп жатқан медициналық қызметкерлердің бәріне тағы да алғысымды білдіремін», деді. Одан әрі әкім науқастарды емдеп жатқан дәрігерлер мен медициналық қызметкерлердің аман сақталуына қатысты шараларға тоқталды.

Аймақтар • 08 Сәуір, 2020

Тасқынның бүгінгі ахуалы

Қазір Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖ департаменті өңірдегі көлдер мен өзендер суының көтерілу деңгейін күнде бақылап отыр. Бүгінгі таңда барлық су қоймаларының мұздары барынша жұқарып жатыр. Өзендерде сең жүру де басталған.

Аймақтар • 08 Сәуір, 2020

Салехардтан келген циклон

Кеше Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖ департаментінің бастығы Рамил Камалов өңірдің бүгінгі таңдағы гидрометеорлогиялық ахуалы туралы мәлімдеме жасады.

Аймақтар • 08 Сәуір, 2020

Тасқынға мониторинг жүргізілді

Екінші және үшінші сәуірде Солтүстік Қазақстандағы су тасқыны жағдайын мони­торингтеу мақсатында қауіпті аймақтарға әуеден бақылау жүргізілді. Бортында Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин, облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев, ІІМ ТЖК СҚО ТЖ департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камалов бар тікұшақ Айыртау, Ғ.Мүсірепов, Шал ақын, Есіл және Қызыл­жар аудандары мен Петропавл қала­сының аумағын аралап, ұшып өтті.