Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1574 материал табылды

Аймақтар • 07 Сәуір, 2020

Олар үй бетін көрмей күресуде

Петропавлда жаман індет шарпыған жандар бірінші қалалық аурухананың инфекция бөліміне орналастырылған. Жуырда оған облыс әкімі барып, өкпені жасанды жолмен тазартатын бес жаңа аппарат сыйлағанын жазған болатынбыз. Инфекциялық бөлімшенің медициналық қызметкерлері жанкештілікпен әрекет етіп жүргендері белгілі. Соның арқасында өлім-жітім жоқ, керісінше бір жас әйел емделіп, кеше ауруханадан шықты.

Аймақтар • 07 Сәуір, 2020

СҚО: 6 жыл бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылса да, рөлден айырылмаған

Жуырда Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов ауданында учаскелік полиция инспекторы күдікті жүріспен ақырын жылжып бара жатқан «ВАЗ-21099» автокөлігін  байқап қалады. Көлікті тоқтатқанда оның 1985 жылғы жүргізушісінің аузынан алкогольдің иісі мүңкіп тұрған. Медициналық куәландыру оның орта дәрежедегі мас екенін анықтаған.

Аймақтар • 07 Сәуір, 2020

Көше мәдениеті де, көлік тәртібі де төмен

Жыл басынан бері Петропавл қаласында патрульдік полицейлер 4400-ден астам құқық бұзушылық анықтаған. Бұл – 220 мыңдай ғана халқы бар қала үшін өте үлкен көрсеткіш.

Аймақтар • 07 Сәуір, 2020

Даладағы дүбірге дайын

Көктемгі егіске дайындық науқанына еліміздің астықты өңірі – Солтүстік Қазақстан облысы да кірісіп кетті. Биыл біздің облыс 4 млн гектар жерге астық, 250 мың гектарға майлы дақылдар екпек.

Аймақтар • 06 Сәуір, 2020

Вируске қарсы күресіп жүрген ата-аналарға балалары қолдау көрсетті

Петропавл қаласындағы жалпы білім беретін  ІТ-лицейдің 2 «ә» сынып оқушылары үйде отырып, аты жаман індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген ата-аналары – медицина қызметкерлеріне, полицейлерге, әскерилерге суреттер салып: «Әке, біз сізді үйде күтеміз!», «Біз біргеміз!», «Өзіңізді күтіңіз», «Барлығының сауығып кеткенін тілейміз!» деген әсерлі суреттерімен патриоттық клип ойлап тауыпты. Оны «Әрқашан күн сөнбесін!» әнімен орындап, өз аккаунттарына орналастырған. Тек осы сыныптың өзінде-ақ 9 полиция қызметкері мен  ардагерінің және 2 әскери қызметшінің балалары оқитын болып шықты...

Аймақтар • 06 Сәуір, 2020

Жаңа аппараттар өкпені тазартуда

Солтүстік Қазақстанда өкпеге жасанды вентиляция жасайтын тағы 5 аппарат алынды. Аты жаман вирус нақ осы органды жарақаттайтыны белгілі ғой.

Аймақтар • 06 Сәуір, 2020

«Есіл тасып барады жардан асып...»

Солтүстік Қазақстан облысындағы Шал ақын ауданында Есіл  мерзімінен бұрын тасып кетті. Қазір осындағы Сергеев су қоймасының гүрілі адамның тұла-бойын түршіктіріп, бірнеше шақырым жерден естіледі. 

Аймақтар • 05 Сәуір, 2020

СҚО: Жалған хабарлама таратқандар іздестіріліп жатыр

Көрші Ресей Федерациясы тұрғындары мессенджерлер топтарына енген жерлестерімізге бір арамза 13 сөйлемнен тұратын үркіту хатын салыпты. WhatsApp арқылы жеткен бұл хабарламаны ақ-қарасын айырмағандар талай адамға жіберіп үлгерген. Хабарламада тұрғындардың ешкімге есік ашпауы сұралады. Соның ішінде полиция қызметкерлерімен бірге келген дәрігерлерден аса сақ болу керектігі ескертіледі. Өйткені, олар вирустық инфекцияға тест жүргізіп, нәтижесінде өлімге әкеп соқтыратын екпе егеді-мыс делінген.

Аймақтар • 05 Сәуір, 2020

СҚО: Автопатрульдер тұрғындарға карантин режимін ескертуде

Осы күндері Петропавл қаласының көшелерінде 15 автопатруль дыбыс күшейткішпен: «Құрметті қала тұрғындары! 2020 жылғы 1 сәуірден бастап қалаға кіруге және шығуға тыйым салынған. Тұрғындарға тек қана дүкенге, дәріханаға, жұмысқа және үйге баруға рұқсат. Қоғамдық орындарда үш адамнан артық жиналмау, 65 жастан асқан азаматтардың үйде болуы қажет. Балалар ата-аналарымен бірге жүруі қажет. Азық-түлік дүкендері және дәріханалар сол қалпы жұмыс істейді. Сауда үйлері және орталықтары, базарлар жабылады. Супермаркеттер сағатт 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді» деген ескертулерді талмай айтып жүр. Оның нәтижесі де жақсы, қала көшелерінде қазір бейсауат жүрген бір адамды көрмейсіз.

Аймақтар • 04 Сәуір, 2020

Жаңа жағдайға жылдам бейімделу – іскерліктің белгісі

Еліміздің барлық түкпірлеріндегі сияқты Петропавл тұрғындары да карантиндік режімге үйрене алмай, жергілікті билік пен жанашыр қызметтерге түрлі сұрақтарын төпелетіп жатыр.