Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1488 материал табылды

Аймақтар • 13 Наурыз, 2020

Үздік үрдіс үлгісі (Дамыған ауылды көргіңіз келсе, «Целинныйға» барыңыз)

Солтүстік Қазақстан облысындағы экономикалық қуаттылығы жоғары, жер көлемі үлкен, халқының саны көп аудандардың бірі – Ғабит Мүсірепов ауданы. Аудан облыс орталығынан шалғайда орналасқан. Сондықтан мұнда облыс орталығына сапармен келген жоғары дәрежелі қонақтар, депутаттар мен шенеуніктер келе қоймайды.

Аймақтар • 12 Наурыз, 2020

Төтенше жағдайлар департаменті су тасқынына дайын екендіктерін мәлімдеді

Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңірдегі су тасқыны жағдайына тұрақты бақылау жүргізуде екенін мәлімдеді. ТЖ аумақтық органының басшы құрамы мен мамандары жергілікті жерде елді мекендер мен коммуникацияларға қауіп-қатер деңгейін анықтау үшін, қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылда алдын алу сипатындағы шараларды қабылдау үшін облыс аудандарына шығуда.

Саясат • 12 Наурыз, 2020

Тексеріс тиімділігі немесе бюджет қаржысына бақылау орнатылады

Қазір бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыруды бақылаумен Президенттің Жарлығымен құрылған тексеру комиссиясы айналысады.

Аймақтар • 10 Наурыз, 2020

Жол апатына жол бермеу жолындағы күрес

Солтүстік Қазақстанда жол жағдайын жақсарту бүгінгі таңдағы басты міндеттердің бірі болып отыр. Көлік апаттарының көбі нақ осы жолдың тайғағынан болуда. Күндіз жылымықта еріп, түнде қататын қарғын суы ертеңгі түске дейін жолды көктайғақ қылады. Сондықтан жолдарды күту міндетін мойнына алған кәсіпорындар үйілген қарды жолдардың бойынан тезірек әкетіп, қалған бөлігінің еріген суы жолда қалмай, ағып кетуі үшін суағар құбырларды үнемі аршып тұрулары керек. Облыстық Полиция департаментінің әкімшілік бөліністері осы тапсырманы үнемі қадағалап, қатаң бақылауына алған. «Жолдың бойындағы қалың қардың тазаланбауы өту жолдарын да тарылтып, жол көлік апаттарының туу тәуекелін тудырады», дейді Солтүстік Қазақстан Полиция департаментінің бастығы, полковник Марат Төлебаев. 

Аймақтар • 10 Наурыз, 2020

Алыстағы ауданның ахуалы...

Солтүстік Қазақстан облысындағы экономикалық қуаттылығы жоғары, жер көлемі үлкен, халқының саны көп аудандардың бірі - Ғабит Мүсірепов ауданы. Аудан облыс орталығынан шалғайда орналасқан. Сондықтан мұнда облысқа сапармен келген жоғары дәрежелі қонақтар, депутаттар мен шенеуніктер келе қоймайды. Ондайлар келмеген соң аты мен заты да БАҚ беттерінен көріне бермейді. Жуырда «Егеменнің» қосынына келген «Ауыл» партиясы облыстық филиалының төрағасы Темірғали Әбілмәжіновтің ұсынысымен жолдың көктайғақтығына, желдің өткірлігіне қарамай осы алыс ауданға сапарға шыққан едік.

Аймақтар • 09 Наурыз, 2020

Екінші дүниежүзілік соғысы ардагерінің жесірін құттықтады

​«Өлі разы болмай тірі байымас» дегендей Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері өмірден өткен әріптестерінің орнына кіріп шығуды да ұмытпайды. Бұрнағы күні олар, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, бүкіл саналы өмірін құқық қорғау саласында өткізген, Ұлы Отан соғысының ардагері Нәсір Әбілмәжіновтың шаңырағына барып, марқұмның жесірі Бариға әжейді мерекесімен құттықтады.

Аймақтар • 08 Наурыз, 2020

Көп балалы отбасын құттықтады

«Ауыл» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының өкілдері Петропавл қаласында тұратын 15 балалы отбасын көктем мерекесімен құттықтады. 20 жыл бұрын үйленген Павел мен Таьяна Култышевтар балаларды жақсы көретін болғандықтан осынша сәбиге өмір берген екен.

Аймақтар • 07 Наурыз, 2020

Полиция қатарындағы 37 қыз-келіншек марапатталды

СҚО полиция қатарында 494 қыз-келіншек қызмет етеді. Оның 363 –і офицерлер мен сержанттар болса, 81 – әкімшілік мемлекеттікқызметшілер. Сондай-ақ 50 еңбек шарты бойынша жұмыс істейді. Облыстық аппаратта 6 әйел қызметкер дербес бөліністі басқарады, оның 3-уі полиция полковнигі.

Қоғам • 06 Наурыз, 2020

Тасқынға тосқын жасайтын комиссияның отырысы

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде әкімнің орынбасары Руслан Әлішевтің төрағалығымен облыстық эвакуациялық комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.

Қоғам • 06 Наурыз, 2020

Қаңғыбастық қатерге ұрындыруы мүмкін

СҚО-да жыл басынан бері түнгі уақытта көше кезген балалардың 362 ата-анасы жауапкершілікке тартылды. Тек, бір түнде ғана жүргізілген рейдте көше кезіп жүрген үш бала анықталды.