Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1464 материал табылды

Қоғам • 29 Қараша, 2019

Президентіміз қуантты, министріміз мұңайтты...

С.Мұқанов атындағы Қызылжар қазақ сазды-драма театры Тәуелсіздік жылдарында бой көтеріп, қалыптасқан ұжым. Ол қазір облыстық қана емес, республикалық, халықаралық сахналарда өнер көрсетіп, үздік нәтижелерге қол жеткізіп жүр.

Аймақтар • 27 Қараша, 2019

Солтүстік Қазақстанда дихандар мерекесі аталып өтті

Бүгін солтүстікқазақстандықтар Ауылшаруашылығы, азық-түлік және өңдеу өнеркәсібі күнін атап өтті. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан облыс дихандары биыл бес млн тоннадай астық алғандары айтылды. Сонымен бірге бүгінгі таңда облыс саланы әртараптандыру жұмысын жүргізуде де алда келе жатыр.

Аймақтар • 27 Қараша, 2019

Елін сүйген ерге құрмет

Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік архиві Тұңғыш Президент – Елбасы күніне арналған «Ел бақытын ұлықтаған Елбасы» атты көрме өткізді.

Аймақтар • 26 Қараша, 2019

Жол үстінде қатер көп

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы бір айдың ішінде түнгі мезгілде жолға шығып кеткен жылқылардың кесірінен үш жол-көлік апаты болды. Соның ішінде Айыртау ауданында ауыр жүк көлігінің жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан 12 жылқыны соғып кеткен. Мал өліп, жүргізушінің өзі жарақат алды. Жылқышының айтуынша, жылқының бір бөлігі табыннан бөлініп, жолдың жүретін бөлігіне қалай шығып кеткенін байқамай қалған. 

Үкімет • 26 Қараша, 2019

Қоныс аударушыларға арналған үйлерді аралады

Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бастаған үкіметтік жұмыс тобы Солтүстік Қазақстан облысына барды. Оның құрамында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов, Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова, Денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров, Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Есин бар.

Аймақтар • 22 Қараша, 2019

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл орталығы ашылды

Солтүстік Қазақстан облысына кеше жұмыс сапарымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев келді. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен бірге ол Петропавлдағы «Аntikor ortalygy» сервис орталығының ашылу салтанатына қатысты.

Аймақтар • 20 Қараша, 2019

2020 жылы Солтүстік Қазақстанда 3000 пәтер пайдалануға беріледі

Биылдың өзінде 2018 жылмен салыстырғанда облыста пайдалануға берілетін пәтер саны былтырғыдан әжептәуір артық екені белгілі болды. Облыстық әкімдіктің отырысында осы мәселе нақты айтылып, 2018 жылы 2068 пәтер пайдалануға берілгені еске алынды. Бұл – шамамен 200 мың шаршы метр тұрғын үй деген сөз.

Аймақтар • 20 Қараша, 2019

Тапа тал түстегі қарақшылық

Солтүстік Қазақстан облысындағы Ақжар ауданының орталығы Талшық ауылында шолақ мылтықпен қаруланған белгісіз біреулер «Талшық Астық LTD» ЖШС басшысын қорқытып, ғимаратқа басып кіріп, 170 миллионнан астам теңге мен 2 ұялы телефонды тартып әкеткен. 

Экономика • 20 Қараша, 2019

Терістіктің өндірісі жандана бастады

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалық етуімен Qyzyljar арнайы экономикалық аймағына инвесторлар тартуға арналған өңірлік кеңес болып өтті. Кеңесте ұсынылған перспективалы жобалар туралы айтылып, инвестициялық климатты жақсарту мәселелері талқыланды.

Спорт • 19 Қараша, 2019

Азамат Нұрпейісовті еске алуға арналған республикалық турнир өтті

Петропавлда капитан қоян-қолтық ұрыстан Азамат Нұрпейісовті еске алуға арналған республикалық турнир өз мәресіне жетті.