Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1464 материал табылды

Аймақтар • 11 Наурыз, 2021

Мемлекетаралық іздеуде жүрген рецидивист ұсталды

СҚО полицейлері Қостанай облысының Рудный қаласында тонау жасағаны үшін сотталып, бас бостандығынан айрылған 39 жастағы тұрғын жазадан қашып кеткен екен. Оған рудныйлық полиция мемлекетаралық іздеу салады. Қашқын Петропал қаласының тумасы болғандықтан солтүстікқазақстандық полицейлер қылмыскердің жүруі мүмкін жерлерін мұқият тексерді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның жүрген жері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 10 Наурыз, 2021

СҚО-да мереке күндері 4 әйел ажал аузынан қалды

СҚО-да мереке күндері ТЖ қызметкерлері 4 әйелге жедел көмек көрсетті, деп хабарлайды Еgemen.kz

Оқиға • 10 Наурыз, 2021

Қазақ тілін білуден өткен байқауда полиция қызметкері жеңіске жетті

СҚО әкімдігі жанындағы Тілдерді оқыту орталығы Жамбылдың 175 жылдығына орай ұйымдастырған онлайн-байқауда Петропавл қаласы ПБ аға сержанты Серафима Окишева бас бәйгені жеңіп алды, деп хабарлайды Еgemen.kz

Руханият • 09 Наурыз, 2021

Қастерлі мекен қамқорлыққа алынды: Президент назарындағы ескі мешіт музейге айналады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтарға жұмыс сапары барысында жергілікті халықты түрлі сала бойынша толғандырып жүрген мәселелер бойынша тиісті тапсырма беріп, оның орындалу барысын қадағалап отыратыны белгілі. Осы орайда Президенттің Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Петропавл қаласындағы «Соборлық мешітті»  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде аса маңызды діни ескерткіш ретінде қалпына келтіруді тапсырған еді.

Аймақтар • 06 Наурыз, 2021

СҚО полициясында 374 қыз-келіншек қызмет атқарады

Келе жатқан әйелдердің жарқын мерекесімен оларды СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев құттықтады.

Аймақтар • 05 Наурыз, 2021

Екі-ақ төрті бар екен, қалғанының бәрі бес...

Бүгін Қызылжардағы «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінде Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына арналған «Әлихан Бөкейхан –Тәуелсіздік жаршысы» атты жылжымалы көрменің ашылуы болды. Көрме Ә.Бөкейханның Семейдегі музейінен келіпті, енді ол екі апта бойы Қызылжар тұрғындарына таныстырылады.

Аймақтар • 05 Наурыз, 2021

Тірі туысын «жерлемекші» болған алаяқ ұсталды

СҚО Шал ақын ауданында арсыз алаяқтық әшкереленді. 29 жастағы алаяқ өткен жылдың желтоқсан айында аудан орталығы Сергеевканың бір тұрғынынан әпкесінің жерлеуіне қатысуға барайын десе ақшасы болмай тұрғанын айтып, мүләйімсіп 50 мың теңге қарыз алып, тайып тұрады. Артынан белгілі болғанындай оның ешқандай әпкесі жоқ екен.

Аймақтар • 05 Наурыз, 2021

Жаяуларды сыйламайтындар енді оңай жазаланады

Жаяу жүргіншілердің соқпағына (тротуарға) көліктерін көлденең қойып кетіп, өзінен басқа ешкімді сыйламай жүретін жүргізушілер Петропавлда да көп. Бала сүйреткен әйел, таяққа сүйенген қарт адамдар сондайлардың қысастығынан тар жерлермен қысылып-қымтырылып өтуге мәжбүр. Енді сондайларға бір тиым ойлап табылды.

Аймақтар • 04 Наурыз, 2021

«Nissan Primera» көлігі жылқы соқты

СҚО Ақжар ауданының аумағындағы «Көкшетау-Омбы» республикалық маңыздағы жолының 178 шақырымында 40 жастағы жергілікті тұрғын жүргізіп келе жатқан «Nissan Primera» көлігі жолды кеспек болған жылқыны соқты. Жүргізуші малдың кенеттен пайда болғанын айтады. Нәтижесінде жылқы тірі, ал  машинаға қатты зақым келген. Жүргізушінің өзі  зардап шеккен жоқ.

Аймақтар • 04 Наурыз, 2021

Төрт күнде тұрмысы қолайсыз 400-ден астам отбасы тексерілді

СҚО полицейлері ақпанның 26-сы мен наурыздың 1-і аралығындағы төрт күнде «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп, 400 тұрмысы қолайсыз отбасыларын тексерді.