Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1574 материал табылды

Аймақтар • 24 Ақпан, 2021

Ақ боранның азаптары

СҚО-да ақпанның соңғы күндері ақырып кетті. Кеше қара боран түні бойы дүрілдеп, өкірді де тұрды. Таңертең тұрсақ қарды да үйіп тастапты, қаланың шеткі көшелері түгіл орталық көшелерінің өзін басып қалып, автомашиналар зорға қозғалып жатты. Бүгін күні бойы жүзден артық қар тазалау техникалары бір тынбай жұмыс істеді.  

Аймақтар • 23 Ақпан, 2021

Интернет-алаяқтар өзгені қойып, студенттердің қалтасына түсе бастаған

Бұл туралы петропавлдық полицейлер қала колледждерінің шәкірттерімен өткен кездесуде сөз қозғады. Жыл басынан облыс орталығында студенттерге қатысты жасалған 4 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген.

Аймақтар • 23 Ақпан, 2021

Синтетикалық есірткілерді ауылда дайындаған топ құрықталды

СҚО Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткілерді сатып келген отбасын құрықтады.

Аймақтар • 23 Ақпан, 2021

Жанған үйдің тұрғындары назардан тыс қалмайды

Кеше «ЕҚ» сайтында Петропавлдың бес қабатты үйінде төменгі қабаттағы кафеде жарылған газ балонының кесірінен үлкен өрт болып, үйдің бір кіреберісі толық өрттеніп, көптеген адамдардың жапа шеккенін айтқан болатынбыз.

Аймақтар • 22 Ақпан, 2021

Бір адамнан бес мылтық шықты

СҚО полицейлері «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Қызылжар ауданының бір тұрғынынан «ИЖ» маркалы қарудың тұтас арсеналын тапты.

Аймақтар • 21 Ақпан, 2021

Тілсіз жау тағы да бас көтерді

«Жұт жеті ағайынды» деген рас-ау, кеше ғана Жамбыл облысындағы Жаңатас қаласындағы көпқабатты үйдің бірінен шыққан өрттен бес бала мерт болып қайғы жұтып қалып едік, бүгін Петропавл қаласындағы бес қабатты үйдің бір кіреберісі тұтастай өрттеніп, әзірге белгілі болғанындай 2 адам қаза болып, он адам жарақат алды.

Аймақтар • 20 Ақпан, 2021

Нөмірі жоқ машинаға басқаныкін салған

Ауыл арасында кейде жол тәртібін өрескел бұзушылық кездесіп қалады. Жуырда СҚО Есіл ауданында полиция «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында отын әкеле жатқан «Урал» жүк көлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде оның нөмірлік белгілері басқа көлікке тіркелгені, ал рөлде отырған Қызылжар ауданының 33 жастағы тұрғынында көлік жүргізу құқының болмағаны анықталды. Ол 2014 жылы жүргізуші куәлігінен 6 жылға айырылған. Айыру мерзімі өтсе де, ол жүргізу құқығын қалпына келтірмеген. Ал нөмірді кәсіпорындағы басқа машинаныкін байқамай алып кетіппін деп түсіндірген.

Аймақтар • 20 Ақпан, 2021

Адасқан балықшы аман табылды

Ақпанның ақ бораны Тайынша ауданында да қатты болып, Петропавлдан келген 37 жасар балықшыны адастырып жіберген. Ол өзінің Макашев ауылының түбіндегі Құндыкөлдің маңында адасқанын қалтафонмен полицияға хабарлап үлгерген.

Аймақтар • 20 Ақпан, 2021

СҚО-да заңсыз сақталған жеті қару тәркіленді

Бүгінгі таңда СҚО-да 7292 азаматтық қару иесі тіркелген. Оларда 12270 қару бар, оның ішінде 998-і ойықты. Қарудың қылмыста пайдалану қаупін төмендету мақсатында полицейлер ақпанның 17-сі мен 19-ы аралығында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 20 Ақпан, 2021

Боранда адасқан балалар құтқарылды

СҚО Есіл ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Бірлік ауылының маңында екі баланың адасып кеткені жайлы хабарлама келіп түскен. 18 ақпанда 17 және 7 жастағы ағайындылар шанаға жегілген атпен Есіл өзенінің жағасында бағылып жүрген жылқыларды қарауға шыққан. Көп ұзамай қар жауып, көз ашырмас қатты боран соққан. Ал балаларда қалтафон болмаған.