Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1574 материал табылды

Аймақтар • 16 Ақпан, 2021

Індеттің таралуы іркілгендей

Солтүстік Қазақстан облысы да жаман індеттен әлі толық арыла алмай тұр. Қазір өңір – «сары аймақта». Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың соңғы мәліметтеріне қарағанда, КВИ-мен тіркелгендер саны 11,6 мыңдай адамды құрайды. Соның ішінде симптомдысы 7151 болып отыр. Бұл – барлық сырқаттың 61,8 пайызы. Ал сырттан әкелінгендер саны – 391, бұл 3,4%. Қалған сырқаттың бәрінде ауру белгісі болмаған.

Аймақтар • 15 Ақпан, 2021

Үй-ішілік жанжалды оқ атумен реттемек болған бұзақы ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы орталығының тұрғындары беймезгіл кезде гүрс-гүрс етіп атылған мылтық дауысынан шошып кетті. Оны істеп жүрген Тайынша қаласының 1995 жылы туған тұрғыны болып шықты. Отбасылық жанжалдан туған ашудан ол тіркелмеген аңшы мылтығымен бірнеше рет оқ атқан. Абырой болғанда туыстарының ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Қоғам • 15 Ақпан, 2021

Құрбандарды толық ақтау – парыз

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде «Қазақ­стан­дағы саяси қуғын-сүргін: методологиялық тұжырым­дары және ғылыми-зерт­теулерге жаңа көзқарас» атты ғылыми-тәжі­рибелік конференция болып өтті.

Аймақтар • 14 Ақпан, 2021

Қоймаға түскен ұры ұсталды

СҚО Қызылжар ауданы Соколов кентіндегі «Дизель» ЖШС қоймасына құлпын бұзып желтоқсан айының ортасында ұры түскен еді, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 13 Ақпан, 2021

Петропавлда жүкті әйелді көлік қағып кетті

Петропавл қаласында жүкті әйел зардап шеккен жол-көлік оқиғасына қатысушы жасырынбақ болып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 12 Ақпан, 2021

Қолдан арақ жасап сатқан «іскер» ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері де ақпанның 9-нан 12-сі аралығында республикалық «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізген. Оның мақсаты – отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жол бермеу. Полицейлер профилактикалық есептерде тұрған адамдарды тексеріп, құқық бұзушылықтарды жасауға бейім тұлғаларды анықтады.

Аймақтар • 12 Ақпан, 2021

Тілсіз жау төрт адамды ажал құштырды

Солтүстік Қазақстан облысы М.Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт болып, 1993 жылы туған үй иесі және оның 1992 жылғы әйелі мен олардың 2017 жылы туған ұлдары және қонып жатқан бөгде әйел – төртеуі де от құшағында қалып, қаза тапты.  Өрттің күшеюіне жарылған газ балоны қатты әсер еткен. Соның кесірінен үйдің төбесі де ұшып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 12 Ақпан, 2021

Мал бағу ережесін сақтамаудың салдары

СҚО-ның «Тайынша-Келлеровка» автожолында 31 жасар петропавлдық «Lexus» автокөлігімен жылқыға соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 10 Ақпан, 2021

Петропавлда қаланың қақ ортасында жол-көлік оқиғасы болды

Кеше Петропавлдың «Егемен Қазақстан» және «Евгений Брусиловский» көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды. Бұл қаланың қақ ортасы, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 10 Ақпан, 2021

Дүкендерден бірнеше рет ұсақ ұрлық жасаған петропавлдық ұсталды

Солтүстік Қазақстан ПД баспасөз қызметінің хабарына қарағанда Петропавлдың 38 жастағы (аты-жөні айтылмаған) бір тұрғыны қаңтар айында ғана үш рет дүкендерден ұсақ ұрлық қылғаны үшін ұсталған. Барлық жағдайда да «екіжақты келісімге келді» деген себеппен ол жазасыз құтылып отырған.