Тарих • 10 Наурыз, 2021
Алаш күресінің ұраны болған қайраткер
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласында «Біз кезінде елге қызмет етудің озық үлгісін көрсеткен Алаш қайраткерлерінен тағылым аламыз», деп атап көрсетілген еді. Соның ішінде Алаш қозғалысының көшбасшысы Әлихан Бөкейханды бүгінгі қазаққа таныстыра беру, ұлт үшін жасаған өнегелі істерін жас ұрпаққа үлгі ету, патриоттық тәрбиенің туы ету – бүгінгі идеологиялық жұмыстардың өзегі болуы керек.
Руханият • 09 Наурыз, 2021
Қастерлі мекен қамқорлыққа алынды: Президент назарындағы ескі мешіт музейге айналады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтарға жұмыс сапары барысында жергілікті халықты түрлі сала бойынша толғандырып жүрген мәселелер бойынша тиісті тапсырма беріп, оның орындалу барысын қадағалап отыратыны белгілі. Осы орайда Президенттің Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Петропавл қаласындағы «Соборлық мешітті» «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде аса маңызды діни ескерткіш ретінде қалпына келтіруді тапсырған еді.
Аймақтар • 06 Наурыз, 2021
СҚО полициясында 374 қыз-келіншек қызмет атқарады
Келе жатқан әйелдердің жарқын мерекесімен оларды СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев құттықтады.
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Екі-ақ төрті бар екен, қалғанының бәрі бес...
Бүгін Қызылжардағы «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінде Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығына арналған «Әлихан Бөкейхан –Тәуелсіздік жаршысы» атты жылжымалы көрменің ашылуы болды. Көрме Ә.Бөкейханның Семейдегі музейінен келіпті, енді ол екі апта бойы Қызылжар тұрғындарына таныстырылады.
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Тірі туысын «жерлемекші» болған алаяқ ұсталды
СҚО Шал ақын ауданында арсыз алаяқтық әшкереленді. 29 жастағы алаяқ өткен жылдың желтоқсан айында аудан орталығы Сергеевканың бір тұрғынынан әпкесінің жерлеуіне қатысуға барайын десе ақшасы болмай тұрғанын айтып, мүләйімсіп 50 мың теңге қарыз алып, тайып тұрады. Артынан белгілі болғанындай оның ешқандай әпкесі жоқ екен.
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Жаяуларды сыйламайтындар енді оңай жазаланады
Жаяу жүргіншілердің соқпағына (тротуарға) көліктерін көлденең қойып кетіп, өзінен басқа ешкімді сыйламай жүретін жүргізушілер Петропавлда да көп. Бала сүйреткен әйел, таяққа сүйенген қарт адамдар сондайлардың қысастығынан тар жерлермен қысылып-қымтырылып өтуге мәжбүр. Енді сондайларға бір тиым ойлап табылды.
Аймақтар • 04 Наурыз, 2021
«Nissan Primera» көлігі жылқы соқты
СҚО Ақжар ауданының аумағындағы «Көкшетау-Омбы» республикалық маңыздағы жолының 178 шақырымында 40 жастағы жергілікті тұрғын жүргізіп келе жатқан «Nissan Primera» көлігі жолды кеспек болған жылқыны соқты. Жүргізуші малдың кенеттен пайда болғанын айтады. Нәтижесінде жылқы тірі, ал машинаға қатты зақым келген. Жүргізушінің өзі зардап шеккен жоқ.
Аймақтар • 04 Наурыз, 2021
Төрт күнде тұрмысы қолайсыз 400-ден астам отбасы тексерілді
СҚО полицейлері ақпанның 26-сы мен наурыздың 1-і аралығындағы төрт күнде «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп, 400 тұрмысы қолайсыз отбасыларын тексерді.
Аймақтар • 04 Наурыз, 2021
Тасқынға – тосқын күн тәртібінен түспейді
Оқырманның есінде болса, ақпанның басы жылымық болып, Солтүстік Қазақстанның төтенше жағдайлар қызметі сол кезден қарғын судың тасқынына қарсы шараларды белгілей бастағанын «Егеменге» жазған болатынбыз. Бірақ ақпан алдап түсірген екен. Басы жұмсақ болғанымен 4-5 күннен кейін 30-35 градусқа дейін жететін аяз болып, ат құлағы көрінбейтін дүлей борандар соғып, ақпан ақырып берді. Үймелеп түскен қармен арпалыс тіпті қарғын суын да ұмыттырып жіберген еді. Алайда наурыздың күні күлімсіреп туып, тасқынның алыста емес екенін қайта еске түсірді. Осыған байланысты облыстық әкімдіктің кезекті отырысы тасқынның алдын алу шараларына арналды. Онда тиісті қызметтер тасқынның өздеріне қатысты мәселелерін баяндап берді.
Аймақтар • 04 Наурыз, 2021
Асығыс шешім қателікке ұрындырмасын
Жаман індеттің құрықтала бастауымен қатар мектеп оқушылары жаңаша оқу форматына шұғыл көшіріліп жатыр. Облыстық білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова: «Өңірдің «жасыл аймаққа» өтуіне байланысты білім беру ісін ұйымдастыруда қалыпты режімге біртіндеп көшу басталды», деді.