Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1574 материал табылды

Аймақтар • 16 Қазан, 2020

Петропавлда Абайдың суреті бейнеленген мурал салынды

Қазір монументалдық қылқалам туындыларын мурал деп атайтын болған. Кеше Петропавл қаласындағы Абай мен Әуезов көшелерінің қиылысыныдағы бес қабатты үйде Абайдың 175 жылдығына арналған ұлы ақынның қабырғаны түгел алған сондай муралы ашылды.

Қоғам • 15 Қазан, 2020

Жомарт жүректі жандар

«Ақылды қала» тұрғындарының бір-біріне қамқорлығын естіген болуы керек, бір топ петропавлдық журналистер орыс тіліндегі «You&city» атты ютуб арнасында ток-шоу ұйымдастырған еді. Онда тұрмыстық ахуалы барынша төмен, мұқтаж қала тұрғындары көрсетіліп, олардың проблемалары ортаға салынады. Оны естіген жылы жүректі, қолы ұзын адамдар материалдық көмек, ал түрлі мамандар ақыл-кеңестерін айтып, жәрдем қолын созып жатады.

Аймақтар • 14 Қазан, 2020

СҚО-да аққуды атқан тұрғын ұсталды

Бала кезден барлық халықтарда «аққуды атуға болмайды, киелі құс» деген  ақыл басқа сіңіріліп келеді. Алайда ештеңені қадірлемейтін, қасиет тұтпайтын мал тек тектес адамдар көп қой. Соның бірі қатарында мына бір солтүстікқазақстандық міскінді атауға болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 14 Қазан, 2020

СҚО-да орақ кезінде 32 ұрлық ашылды

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасында «Астық-2020» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады. Ол тамыздың 20 мен қазан 10 аралығында 52 күн бойы өткізілді. 13 ауданның әрқайсында криминалдық полиция, учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полицейлер, кинологтардан тұратын мобильді топтар жұмыс істеді. Егістікте астық ұрлығын анықтау және ескерту көмегіне полицейлер баса назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 13 Қазан, 2020

Жаңғыртылған зауыт жаңа өнімдер береді

Кеше Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов «Маслодел» кәсіпорнының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 13 Қазан, 2020

Өліммен ойнаған өрескелдік

Петропавл қаласының 48 жастағы әйел тұрғыны полицияға қоңырау шалып, үйінде кісі өлтірілгенін хабарлаған. Мұндай төтенше оқиға елдің бәрін елең еткізіп, оқиға орнына Екінші полиция бөлімінің қызметкерлері шұғыл жіберіледі.

Аймақтар • 13 Қазан, 2020

Жаңарған, жарқыраған Петропавл жинақы дамуды қалап отыр

Қазақта «үйі кірсе шыққысыз екен» деген сөз бар. Қай күнде отырған ұясын жұмақтай қылып, әрі сәнді, әрі сайлы қылатын еңбекқор да іскер қожайыны, жол мен жөнді жақсы білетін ісмер бәйбішесі бар үйлер осындай атақ алатын. Осы сөзді қалаға қатысты да айтуға болады. Қазіргі Қызылжар да сондай атауға лайықты шаһарға айналған. Облыс, қала басшыларының іс­кер­­лік әрекеттері қаланы жаңа сапа­дағы деңгейге көтерген.

Аймақтар • 12 Қазан, 2020

Елік атқандар ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысының екі ауданында сібір еліктерін заңсыз атудың екі фактісі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 12 Қазан, 2020

Көлік ұрлаудың басты себебі мастық болып отыр

Көлік айдап​ кету фактілері арасында баланың ойыны секілді оқиғалар да кездеседі. СҚО облысының Аққайың ауданындағы Ленин ауылының бір тұрғыны бөтелкелес досының машинаның ішінде музыка тыңдай тұрайын дегеніне алданғанын айтып, полицияға шағым түсірген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 11 Қазан, 2020

Лаңкестік әрекеттерден қорғалу жайы тексерілді

«Сақтықта қорлық жоқ» демекші СҚО ПД облыстағы халық көп жиналатын нысандардың лаңкестік әрекеттерден қорғалуын тексерді. Өзі де «жауын жаумай су болып жүретін» полиция қазір көрші елдердегі түрлі террористік әрекеттерді алға тартып барлық нысандардың қауіпті жағдайларға дайын болуын қатты қадағалауда. Әрине, қорқып-үркіп, үнемі сақтанып өмір сүруге болмайды, бірақ бәрібір қатерлі әрекеттерге дайын болған жөн.