Аймақтар • 03 Қараша, 2020
Мемлекеттің кәсіпкерлікті, соның ішінде шағын және орта бизнесті қолдауының бір көрінісі "Даму" қорының әрекетінен көрінеді. Үкіметтің арнайы Қаулысымен құрылған бұл қордың еліміздің кәсіпкерлігін дамытуға қосып отырған үлесі орасан зор. 2013 жылдан бастап оның акцияларының 100 пайыздық үлесі тұтасымен "Байтерек" холдингі АО-ға берілген. Сөйтіп, қордың жалғыз акционері қазір "Байтерек" холдингі болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 03 Қараша, 2020
Дүкенге түскен балалар ұсталды
СҚО Тайынша ауданындағы Келлеровка ауылының бір тұрғыны түнгі мезгілде өзінің дүкенінде шам жарығын байқалғанын айтып полицияға дабыл берген. Шақыртуға келген учаскелік полиция инспекторы мен оның көмекшісі дүкеннің терезесін сындырып кірген 2005 және 2006 жылдары туған екі жасөспірімді ұстады. Бұлардың арасында үшінші бала да болған, бірақ ол полицияны байқап қалып, зытып кетіпті, деп жазады Egemen.kz
Аймақтар • 03 Қараша, 2020
Бейнекамералар жол қауіпсіздігін сақтауды арттыруда
Петропавлдағы "ақылды" қиылыстардың көмегімен Жол қауіпсіздігі ережесінің (ЖҚЕ) 60-тан астам өрескел бұзушылығы анықталды. Қалада аталған жүйелермен 7 қиылыс жабдықталған, деп хабарлайды Egemen.kz
Оқиға • 03 Қараша, 2020
Солтүстік полицейлері «Hi-Tech» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында бір қылмысты ізін суытпай ашты. Петропавлдық бір әйел полицияға ірі банктердің бірі өзіне ресімдемеген несие бойынша 100 мың теңге көлеміндегі төлемді талап етіп жатқаны туралы арызбен шыққан. Криминалдық полиция қызметкерлері әйелдің құжаттары мен банк картасын пайдалану мүмкіндігі бар оның 22 жастағы ұлын ұстады. Баласы анасын алдап, оның 100 мың теңге ақшасын жымқырмақ болған...
Аймақтар • 02 Қараша, 2020
Петропавл қаласының полиция басқармасының қызметкерлері автокөліктен ақша ұрлады деген күдікпен Тараз қаласының 33 жастағы тұрғынын ұстады.
Оқиға • 02 Қараша, 2020
Қыс маусымы түсіп, үйге от жағу жұмыстары басталғаннан бері Солтүстік Қазақстанның өрт сөндірушілері алаңдаушылық білдіруде. Өйткені от жағатын жекеменшік үйлердің кейбірі от қауіпсіздігін сақтамайды. Осыған орай Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Рамил Камалов журналистермен кездесті.
Қоғам • 02 Қараша, 2020
Заң өзгертілсе, атау да дұрысталар еді
Ономастика деген сөздің өзі грек тілінен аударылғанда «ат қою өнері» деген екен. Осы жағынан алғанда қазақ халқының алғырлығы, ат қойғыштығы, әдемі атаулар тапқыштығы басқа жұрттың бәрінен озық болған десек көп қателеспейтін шығармыз. Қазақ бір-ақ сөзбен жердің дәл сипатын беретін ат тауып отырған. Мәселен, «Қызылжар» десе бұл жерде өзен бары, оның жары қызыл екендігі көз алдыңа келеді.
Аймақтар • 01 Қараша, 2020
Комиссияның қатысуымен 100 келідей есірткі күйдірілді
Петропавл қаласында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тәркіленген есірткі құралдарын өрттеу жөнінде акция өткізіп, арнайы комиссияның көзінше 100 келідей улы заттың көзі жойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 01 Қараша, 2020
Екі күнде ішімдік ішіп рөлге отырған 26 жүргізуші ұсталды
26 қазаннан бастап СҚО-да республикалық "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 30 Қазан, 2020
СҚО-да 45 жастағы әйел тұңғыш рет құжат алды
СҚО Аққайың ауданынында тұратын 45 жастағы әйелде осы күнге дейін тек тууы туралы куәлік қана болған. Учаскелік инспектор бұл фактіні анықтап, оған көші-қон қызметіне жүгіну тәртібін түсіндірген, деп хабарлайды Egemen.kz.