Жақсыбай САМРАТ
Жақсыбай САМРАТ«Egemen Qazaqstan»
1574 материал табылды

Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2020

Тіркеме төңкеріліп қалды

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданының аумағында Петропавлдан Есіл ауданына көмір апара жатқан 38 жастағы жігіт жүргізуіндегі "КамАЗ" автомобилінің тіркемесі аударылып қалып, жолға және жол жиегіндегі темір қоршауларға зақым келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2020

Қысқа дайындық қызған шақ

Қылышын сүйретіп қыс келе жатқанда қала басшыларын қатты әбігерге салатын дүние – тұрғын үйлердің қысқа дайындығы. Әсіресе, сары аязы сақылдап тұратын Петропавл қаласының қысқа дайындығы осы күндері күн тәртібінен түспейді.

Аймақтар • 20 Қыркүйек, 2020

Учаскелік инспекторлар желтоқсан айына дейін барлық тұрғындармен жеке танысады

Жалпы еліміз бойынша «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасына сәйкес барлық солтүстікқазақстандық  учаскелік полиция инспекторлары өз қарамағындағы әр үйге, әр пәтерге барып, жеке танысып, өзінің байланыс нөмірлері көрсетілген визиткаларын таратады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2020

Алыстан жеткен алғыс

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері өздерінің атына халықтың атынан алғыс айтылып жатса риза болып қалады. Өйткені, олар да пенде ғой. Көбінесе халық наразылығын ғана еститін олар бізге де жылы сөздер айтылады екен деп көңілдері де көтеріліп, жұмыстарына деген ынтасы да артып қалады. 

Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2020

СҚО-да есірткіге қатысты 162 қылмыс ашылған

Жыл басынан бері солтүстікқазақстандық полицейлер 162 қылмысты ашты. Соның бірін жуырда "Өрмек" жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде Петропавл қаласының ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімі қызметкерлері анықтап, 34 жастағы қала тұрғынын ұстады. Оның үйін тінткенде бір келіден астам марихуана алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020

Петропавлда терезеден құлай жаздаған кейуана құтқарылды

81 жастағы жалғыз тұратын кейуана өзінің туған күні қарсаңында таңғы сағат 10 кезінде үшінші қабаттағы пәтерінің терезесіне асылып қалған. Оның неге асылғаны белгісіз, тек терезенің алдын жумақ болып қатты еңкейіп, қайта түзелуге толық денесі икемге жібермеді ме әлде сіңірі тартылып қалды ма, белгісіз. Оның асылып тұрып, көмек сұрап айғайлаған дауысын алдымен бірінші қабаттағы "Мечта" дүкенінің қызметкерлері естіп, құтқаруға келеді. Көшедегі адамдар да полицияның 102 нөміріне хабарлап, патрульдік полицейлер де оқиға орнына жетіп үлгереді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020

Қаруды қауіпті жағдайда ұстағандарға 429 хаттама толтырылды

Солтүстікқазақстандық полицейлер өңірдегі орман, су алқаптарына профилактикалық рейдтерді аңшылық маусымы басталған 5 қыркүйектен бері жалғастырып келеді. Онда аң-құсты заңсыз  ату ғана емес, отты қаруды сақтау және тасымалдау қағидалары, өрт және жеке қауіпсіздік техникасын сақтау, аңшылық құжаттарының бар-жоғы және т.б. тексеріледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Қоғам • 18 Қыркүйек, 2020

Ауруханаға шабуыл жасады

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен келген мына хабарға таңғалмасқа лажың жоқ. Онда Есіл ауданының бір тұрғыны аудандық ауруханаға келіп, дәрігерлерді ұрып, «жедел жәрдем» көлігін айдап әкетпек болғаны туралы айтылады.

Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2020

Алтын орақ аяқталып келеді

Солтүстік Қазақстан облысының диқан­дары астық жинау науқанын аяқтауға жақын. Қазірдің өзінде барлық алқаптың 90 пайызға жуығы жиналып алынды. Бар­лық астық көлемі 4 млн гектарға жуық болатын. Қазір соның 400 мың гектардайы ғана қалып тұр.

Абай • 18 Қыркүйек, 2020

Ұлы ақынның жаңа бейнесі

Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Қызылжарда ерекше ескерткіш жасалып жатыр. Ол Абай және Мұхтар Әуезов көшелерінің қиылысындағы бес қабатты үйдің қабырғасын тұтас алғалы тұрған ақынның бейнесі салынған панно.