
Тарих • 29 Қараша, 2024
Құлагер – қазақ тарихында қасіретті оқиғаның құрбаны болған ерен жүйрік. Иесі – атақты Ақан сері Қорамсаұлы. Серінің: «Құлагер шешең сұңқар, әкең тұлпар, Соғып ем дөненіңде сегіз арқар» немесе «Құлагер топтан озған жүйрігім-ай, Жарасар келте жібек құйрығың-ай» дейтін зарлы толғауында жырланатын жануар осы. Бұл тұлпар хақында дүлдүл ақын Ілияс Жансүгіров «Құлагер» атты поэма жазды.
Архив • 28 Қараша, 2024
Елорда төрінде орналасқан Ұлттық архивте Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Архив-2025: нәтижелер мен мәселелер» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Руханият • 27 Қараша, 2024
Хат танитын қазақтың бәрі білуі керек. Өте көне ғасырдан бері келе жатқан «Аязби» дейтін ертегі бар. Ертеде Мадан деген хан болыпты деп басталады, ол өзінің қырық уәзірі арқылы жер бетіндегі ең жаман (болашақ Аязби) адамды іздестіреді. Уәзірлер «ең жаман адам» деп біреуді алып келеді. Оған «атың кім?» десе, «Жаманмын» деп жауап береді.
Таным • 23 Қараша, 2024
1972 жылы 26 тамыз – 11 қыркүйек аралығында Мюнхен қаласында ХХ Олимпиа ойындары өтті. Аталған дүбірлі дода КСРО-ның құрылғанына 50 жыл толған даталы мерекемен орайлас келгендіктен, кеңес елінің спортшылары олимпиадаға «қара терін төгіп, қызыл қанын ағызып» дайындалды. Нәтиже жаман емес, одақ құрамасы 52 алтын, 27 күміс, 23 қола медальға қол жеткізіп, 57 мемлекет арасынан жалпыкомандалық бас бәйгені жеңіп алды.
Тұлға • 20 Қараша, 2024
Танымал спортшы, Қазақстанда таеквондо мектебінің негізін қалаушы Мұстафа Өзтүрік ұлтжанды, дарынды және қазақ десе ішкен асын жерге қоятын біртуар азамат еді. Ол 1954 жылы қараша айының 24-і күні Түркияның Кайсери қаласына қарасты Мұсаходжалы атты шағын ауылда дүние есігін ашты. Биыл арыс азаматтың туғанына 70 жыл толды. «Көзден кетсе, көңілден болады өзге» деп бұрынғылар айтпақшы, таеквондо тарланы ескерусіз қалмасын деген ниетпен мақала жазып отырмыз.
Архив • 16 Қараша, 2024
Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын, Халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың мұрасын перзенті Алмас Онғарсынов елорда төріндегі Ұлттық архивтің қорына тапсырды.
Таным • 15 Қараша, 2024
Кәнігі құсбегілер «тоқ бүркіт түлкі алмайды» дейтін қағиданы берік ұстанып, құсына жем беру тәсілін шебер меңгерудің арқасында аңшылық құра білген. Бүркіттің аңға түсуі мен бабының келуі оның жеген жеміне, яғни тамақтануына байланысты. Жемі сәйкеспесе, бүркіттің күйі келмейді. Күйі келмеген бүркіт аңға түспейді.
Таным • 14 Қараша, 2024
Өткен ғасыр басында Жетісу өлкесіне білімнің шырағын жағып, ағартушылық бағыт ұстанған Мамания мектебіне биыл 125 жыл толса, оның негізін қалаушылардың бірегейі Тұрысбек қажы Маманұлының туғанына 180, өмірден өткеніне 120 жыл толып отыр.
Тарих • 08 Қараша, 2024
Романовтар тойына қатысқан қазақ
Мына бір фотода 12 адамның бейнесі тұр. Жетеуі – патшалық Ресей кезіндегі шенді офицерлер де, қалған бесеуі – азияттар. Бұл жәдігер қазір Орталық мемлекеттік архив қорында сақтаулы. Фотоның ресми анықтамалығында «1913 жыл. Жетісу делегациясы Санкт-Петербург қаласында Романовтар билігінің 300 жылдығын мерекелеу шарасында» деп жазылыпты.
Тұлға • 01 Қараша, 2024
Кеңес билігі тұсында халқымыздың жоқшысы атанған тұлғаның бірі – Өзбекәлі Жәнібеков. Бұл қайраткер хақында Шерхан Мұртаза «ақ жүріп өткен аяулы азамат» деп өзінің жүрекжарды сөзін тауып айтқан.