Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
843 материал табылды

Руханият • 15 Қазан, 2020

Арқаның арыстаны – әйгілі күш иесі Балуан Шолақтың қазасы жайлы дерек

Балуан Шолақ атамыздың туып-өскен жері Ақмола облысының Бұланды ауданы. Астана-Көкшетау бағытында Елтай атты шағын станса бар. Балуан атамыздың соңғы тұрақ тапқан жері, яғни зираты осы стансаның сыртындағы Тастыөзек шұрайлы қойнауында. Атамыз көзі тірісінде келімсектермен қатты жауласқан екен. Олар Шөкең өлген соң да тыныштық бермесін сезген елдің үлкендері Қайрақты өзенінің бойына жалған зират орнатып, оларды алдаған дейді, осы күнде Макинск ауылында тұратын өлкетанушы Ақшатай Изахметова апамыз.

Руханият • 13 Қазан, 2020

Елбасы кітапханасының виртуалды көрмесі әлем мәдениетінің құнды мұрасы «Пазырық кілемі» жәдігерін ұсынды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы «Бір жәдігер тарихы» жобасы аясында «Пазырық кілемі» атты виртуалды көрмесін көпшіліктің көзайымына айналдырды.

Руханият • 12 Қазан, 2020

Расул ҒАМЗАТОВ, авардың халық ақыны: Менің жұлдызым – авар тілі

Адамзатқа не себепті көз, құлақ, тіл берілген. Мәселен, екі көзбен көріп, қос құлақпен естіген дүниені бір тіл жарық дүниеге сөз етіп таратады. Тілден шыққан сөз қия жартастағы сүрлеуден өтіп, кең жазираға жеткен тұлпар секілді. Әлбетте, жүрекке жетіп, санаға сіңбеген сөзді сөйлеуге бола ма? Сөз әсте жай болмайды. Не қарғыс, не алғыс, әйтпесе жағымпаз, тіпті ауру, харам, өтірік, шын, әртүрлі.

Қоғам • 09 Қазан, 2020

Титаник синдромы

Жазушы-драматург Сұлтанәлі Балғабаев соңғы жылдары жазған «Қазақтың қызыл кітабы» атты пуб­ли­цис­тикалық мақалалар жинағында: «Мен жасы жетпістен асып бара жатқан зия­лы ақсақалды білемін. Дербес зейнеткер, оқыған-тоқыған адам. Әйтсе де, өзінің балалары мен немерелерінің біреуі бірауыз қазақша білмейді.

Оқиға • 08 Қазан, 2020

Елбасы баяндамасына – бес жыл

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре­зи­денті Н.Ә.Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассам­блеясының 70-сессиясында оқыған баянда­ма­сының бес жылдығына орай Елбасы кітапха­насында ғылыми кеңестің кезектен тыс кеңей­тілген отырысы өтті.

Оқиға • 07 Қазан, 2020

Елбасы музейінде – ақ халатты абзал жандар

Жарты жылдан бері жер-жаһанды жаулаған көрінбейтін жаумен күрескен дәрігерлер Елбасы музейінің жаңа ғимаратына келіп, мұндағы экспозицияда тұрған жәдігерлермен танысты.

Спорт • 07 Қазан, 2020

Дағыстандықтар дес бермей тұр

Мына бір дерекке назар аударыңыз: дәл қазір барлық жан саны 3 млн-ға жетеқабыл дағыстандық ағайындар арасынан соңғы 50 жылда самбо, дзюдо, еркін және грек-рим күрестері түрлерінен Олимпиада, әлем, Еуропа чемпионы атанған 320-ға жуық балуан шығыпты. Ал біздің 13 млн 910 мың (әлем бойынша нақты қазақтың саны) қазақтан шыққан соңғы 50 жылда Олимпиада, әлем, Еуропа чемпионы атанған азаматтарды санап көріңіз. Бұл – бір.

Абай • 05 Қазан, 2020

Ұлылар Ұлан-Батырда ұлықталды

Өткен аптаның жұма күні Моңғол елінің астанасы Ұлан-Батыр қаласында Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен ағартушы-ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы және ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Абай және Әл-Фараби тағылымы» атты кеш ұйымдастырылды.

Қоғам • 05 Қазан, 2020

Ұялы телефонның зияны

Израиль елінің Реховот қаласында ор­на­ласқан Вайзман медициналық ғылыми-зерттеу инсититутының профессоры, қатер­лі ісік дертін емдеудің танымал маманы Рони Сегер мырза ұялы телефон­ды әр кез қол­дан­ған тұста бөлінетін электромагниттік өріс бар­лық тіршілік иелеріне, cоның ішінде адам ағзасына аса үлкен зиян тигізетінін дәлелдеп шықты.

Оқиға • 02 Қазан, 2020

Үсенбай датқаның мөрі

Түркістан төрінде орналасқан «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музей қорында оңтүстік өңірде аты мәлім тарихи тұлға Үсенбай датқаның мөрі сақтаулы.