Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
843 материал табылды

Тарих • 15 Мамыр, 2020

Жармақтың қанды жорығы

ХIV ғасырдың ортасында Ресей патшасы Сібір даласын отарлау үшін күштік құрылым керек болды. Бұндай тапсырманы үкіметтің солдаттарына тапсырып, патша жаман атты болғанша, Еділ мен Донның бойында қарақшылық жасап жүрген орыс-казактарға тапсырса сөзсіз тиімді болмақ. Бір оқпен екі қоян ату деген осы. Біріншіден, мемлекетке маза бермей жүрген қарақшыларға жұмыс табылып, елдің іші-сырты тынышталады, екіншіден, қарақшылардың күшімен Сібір жұрты талқандалады.

Тарих • 15 Мамыр, 2020

Қазақ даласында әскери бекіністердің пайда болуы

Патшалық Ресей осылай күллі Ібір-Сібірді жаулап, мұхит аймағымен шектесіп, Охотск гаванының іргесін қалаған соң, қазақ даласына мойын бұрды. 1708 жылы Қазақияның солтүстік өңірін жаулап алу мақсатында Сібір губерниясы құрылды. Орталығы Тобыл қаласы болды. 1713 жылы – Сібір губернаторы, князь Гагарин император Петр Біріншіге Ертістің бойын өрлете бекіністер салу туралы ұсыныс жасады.

Қоғам • 14 Мамыр, 2020

Түземдік элита һәм шаман-тәңір ұғымы

Отарлаушылар ойлап тапқан орыс-қазақ мектебі деп аталған миссионерлік мектептер қазақ жерінде орыстың ықпалын күшейтіп, бұратаналардың арасынан «түземдік элита» шығаруды мақсат тұтты. Осындағы түземдік элитанының білімін бастауыштық деңгейде шектеп, отарлық басқару жүйесінің ең төменгі писарь-тілмаш сияқты болмашы қызметке орналастыру арқылы, отарлау ісіне пайдаланды.

Қоғам • 14 Мамыр, 2020

Адамға мысық шапқаны не сұмдық?

Ұлы Отан соғысы аяқталған соң дүйім жұрт жеңіспен бірге Абайдың 100 жылдық  мерей тойын республика көлемінде бірге атап өткені белгілі. Негізгі той Семейде өтеді. Тойдың бас палуанына тағайындалған бәйгені арысқа түспей-ақ Қажымұқан атамыз алады.

Қоғам • 14 Мамыр, 2020

Ақырет аралы

Бұрынғылардан қалған мынадай бір тәмсіл бар: Ертеде  бір мемлекетте патшасы дәл он жыл билік құрғаннан кейін оны тақтан алып, арнайы кемеге отырғызып, елсіз бір аралға тастап қояды екен.

Руханият • 13 Мамыр, 2020

Басра тақуасы

Ғаламға ислам нұры тарай бастаған хижраның 14-ші жылы еді. Парсы патшалығының тұрғындары мұсылманшылықты қабылдап, әрі құран мен хадис ілімін үйренетін ілім ошақтары салынып жатты. Соның бірі араб пен парсы жұртының шекара шегінде орналасқан Басра қаласы еді. Мұнда дін үшін жасалған ұлы жорықтар кезінде мұсылмандар қолына түскен тау-тау олжалар әкелінетін қазына қоры мен әрі көзі тірі сахабалар дәріс беретін ілім орталықтары пайда болды.

Руханият • 13 Мамыр, 2020

Мұқановтың Моңғолияға сапары

Биыл туғанына 120 жыл толып отырған, қазақ әдебиеті алыптарының бірі – академик-жазушы Сәбит Мұқанов 1967 жылдың маусым айында ресми сапармен Монғолия қазақтары қоныстанған Бай-өлке аймағына барған.

Руханият • 13 Мамыр, 2020

Карантин кезіндегі кітапхана жұмысы көпшілік көңілінен шықты

Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесін атап өту қарсаңында Нұр-Сұлтан қалалық Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі біршама игі істер атқарды. Осы орайда, ұйымдастырылған шаралардың дені онлайн форматта өтіп, оған қала тұрғындарымен қатар, ел көлеміндегі ынталы оқырмандар ат салысты.

Тарих • 13 Мамыр, 2020

Алаш ақсақалының өсиеті

1992 жылдың мамыр айы еді. Бір шаруамен Өскемен қаласына барып, сондағы қонақ үйлердің біріне табан тіредік. Кештетіп далаға шықсақ, қонақ үйдің маңайы толған сақшы-қосшылар. «Не болды?» десек, біз жатқан қонақ үйге Түркиядан аса қадірлі мей­ман келіп түсіпті. Мына шапқын сол адамның «қамы» көрінеді. Бопты, дедік те, өз жайымызға кеттік... Қонысымызға қайта орал­сақ манағы даладағы дүрлігіс біз жатқан қабатқа көшіпті. Сақ­шы-қосшылар осында жүр. Себебі, қадірлі қонақ бізбен көрші бөл­ме­де екен.

Руханият • 12 Мамыр, 2020

«Білім артық па, байлық артық па?»

Мұсылмандардың алғашқы төрт халифасының бірі  - Әли ибн Әбу Тәліп аса білімдар адам болыпты. Білімінің арқасында ел ол кісіні «ілімнің қақпасы» деп атаған. Бірде замандастары оған 10 адамды кезекпен жіберіп, бәріне бірдей: «Білім артық па, байлық артық па?» деген  сұрақты қойдырған екен. Сонда хазіреті Әли әрбір сұраққа әртүрлі дәйектемелермен былай деп жауап берген: