Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
843 материал табылды

Коронавирус • 04 Сәуір, 2020

COVID-19 сәуірдің соңында тоқтайды - қытайлық дәрігер

Коронавируспен күрес жөніндегі Қытай Үкіметінің кеңесші дәрігері һәм ғалымдар тобының жетекшісі Зон Наншань кеше Шэнжэнь қалалық телеарнасына сұхбат беріп: «Бұйырса, осы сәуір айының соңына таман жаһанды жайлаған індеттің беті қайтып, бақылау мүмкіндігі артатын болады. Десе де, одан кейінгі жағдай көмескі. Келер көктемде қайта бас көтеруі де мүмкін екенін жоққа шығара алмаймын. Сондықтан біз вирустың болуы мүмкін екінші дауылына да төтеп берудің жолын қарастырып жатырмыз», - деді.

Коронавирус • 04 Сәуір, 2020

Коронавирустың көлемі һәм ол қалай тарайды

Жаһанды жайлауға шақ қалған коронавирус жайлы дәрігер вирусологтар қазіргі таңда жатпай-тұрмай, таңды таңға ұрып зерттеу жасап жатыр. Өйткені, індеттің шығу тегін, сапа-сипатын, мөлшер-көлемін, өмір сүру мерзімін, таралу жолы мен жұғу факторын анықтап алмайынша, онымен күресу тәсілі  нәтиже бермейді дейді дәрігерлер.

Қазақстан • 03 Сәуір, 2020

Оралман қасқыр (этнографиялық әңгіме)

Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары Алтайдың арғы бетіндегі туған ауылыма бардым. Сонда естіген мына бір оқиға әлі есімде. Бізге жамағайын, алыс рулас апамызға үйленген, әрі көп жыл көрші отырған Саяси атты жездеміз бар. Мен барғанның ертеңінде сол жетті.

Руханият • 03 Сәуір, 2020

Арман аласармасын

Жуықта қытайлық кинематографис­тер жасаған ортағасырлық тарихтан сыр шертетін сериалды тамашалап отырып, мына бір эпизодты аңдадық. Бас кейіпкер патша уәзірлерін шақырып: «Үш ұлымның қайсысы мұрагерлікке лайық екенін айтыңдар» дейді. Көпшілік көркем мінезді үлкен ұлды құп көреді. Патша: «Ол жарамайды, өйткені оның бойында ұлы арман жоқ, яғни армандай алмайды», – деді. Осы сөзді естігенде ойыма бірден атақты Шыңғыс қағанның «Арманың қанша асқақ болса, арғымағың сонша шабысты болады» деген ұлағаты орала кетті.

Спорт • 03 Сәуір, 2020

Сырты бір қоңыр бағлан, іші бір кекті қабылан

Бокс спортында қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Бекзат Саттарханов тірі болса ертең, яғни 4 сәуірде қамал алар 40 жасқа толар еді. Әттең, дүние-ай! Аққан жұлдыздай жарқ етті де, жоқ болды. Осы орайда, қазақтың батыр ұлының туған күніне орай мақала жариялап отырмыз.

Руханият • 02 Сәуір, 2020

Ұланбатырда Шыңғыс хан музейі бой көтереді

Өткен жылы 3 шілде күні Моңғол елінің Мәдениет министрі қала орталығындағы бұрынғы «Табиғат һәм тарих» музейі құлаталып, оның орнына 9 қабаттан тұратын әлемге әйгілі «Шыңғыс хан» музейін салу жайлы шығарған үкімет шешімін жариялаған болатын.

Әлем • 02 Сәуір, 2020

Филиппин: Карантин ережесін бұзған адамды атады

Ел тұрғындарына коронавирус дертінің жайылу екпіні тізгін бермей күшеюінен алаңдаған Филипин басшысы Родриго Дутерте кеше кешке телеарна арқылы жалпақ жұртқа жар таратты.

Руханият • 02 Сәуір, 2020

Көкала қойдың жамбасы (этнографиялық әңгіме)

Алтайдың теріскейі Қобда бетіндегі аз қазақтың ата қонысы қайсы еді дегенде Текелі жайлауының текшесі мен Көксерке тұйығына мөлдіреп біте қалған көгілдір көл еске келеді. Ал бұл жаққа киіз туырлықты көшпелі қазақтың қоныс аудару тарихына үңілсек, сонау 1930 жылдардағы алапат кезеңге тірелеміз. Оған дейін Өр Алтайдың Көктоғай, Бурылтоғай жерлерін мекендеп тұрған (бұл енді жеке әңгіме). Сол Көксерке, Текелі жондарының ақбас шыңдары мен ақсамайлы доңғылдарында ізі, жұрттарында атының түгі қалған аталарымыздың бірі - Тәкібай Сайырбайұлы. Ол - ауылына ғана емес, аймағына сыйлы кісі екен. Айналасына бет-беделі бар, ақылгөй адам болған. Сол кісінің алабөтен малсақтығы, адам сенгісіз қырағылығы туралы мына бір оқиғаны кейініректе көзін көрген ақсақалдардан естіп едік.

Таным • 01 Сәуір, 2020

Қиындықтан құтылудың жолы – жақсылық жаю

Өмір болған соң жақсылық пен жамандық, қиындық пен қызық болмай тұрмайды. «Дүниенің басы сайран, түбі ойран» деп Абай атамыз айтқандай, пенде баласы біз  алда болатын тағдыр-талайымызды болжай алмаймыз. Ислам шариғатында, Жаратушы өз пендесін қиындық һәм дүние-байлық арқылы сынайды дейтін ашық аят бар. Сондықтан иманы кәміл мұсылман тәңірден «бізге көтере алмайтын сынық бере көр ме» деп тілеген.

Руханият • 01 Сәуір, 2020

Тұратыда туған тарландар

Егерде сіз Ресей Федерациясының Таулы Алтай өлкесіне жолыңыз түсіп жатса, көңіл сергітер көптеген қуанышқа кенелеріңіз хақ. Басқасын айтпағанда, ақ самырсын көмкерген сәнді жағажайлар, тас бұлағы таудан құлап аққан қырқа-қырат. Сонымен қатар, биыл 75 жыл толып отырған Жеңіс мерекесіне орай Барнаул мен Бийск арасын жалғап жатқан құла айғырдың сауырындай биік сарыжонға Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Кеңес Одағының Батыры атағын алған адамдар туралы баннер тұрғызылған. Қасқа жолдың қос жиегіне жағалай орналасқан зәулім тақтада айпарадай айғайлап қос қазақтың есім-сойы тұр. Бірі – Қадыран Туғанбаев, екіншісі – Жәнібек Елеуісов.