
Руханият • 18 Ақпан, 2020
Елордадағы Ұлттық академиялық кітапхана ұжымы мен Қ.Мұхамедханов атындағы білім мен мәдениет орталығы бірлесіп, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абайтану және Қайым Мұхамедханов» атты дөңгелек үстел өткізді.
Руханият • 17 Ақпан, 2020
Маршал Титоның орындауындағы «Қараторғай»
1967 жылы Мәскеу қаласында Қазан төңкерісінің 50 жылдығы айрықша атап өтіледі. Саяси мәні басым тойға сол кездегі социалистік лагерь елдерінің басшылары, сырт мемлекеттердегі коммунисттік партияның жетекшілері бірі қалмай шақырылғаны анық. Осы тойға құрметті қонақ ретінде Моңғолия елінің басшысы, маршал Юмжагийн Цеденбал да қатысады. Бұл адамның әйелі Анастасия Ивановна орыс ұлтынан, әрі өзі де Кеңес елінде білім алғандықтан орыс тілін еркін меңгерген жайы бар.
Тарих • 12 Ақпан, 2020
Керекулік молда атамыз Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ертеде жазған «Қазақ шежіресі» атты еңбегі бар. Онда қазақтардың қажылық сапарға қай кезден бастап барғаны жайлы мәлімет келтіреді. Мәшекеңнің айтуынша, ең алғашқы қажы уақ Нүркен деген адам екен. Екінші рет 1858-ші қой жылы күлік Самай сопы мен ноғай Байжан хазірет қажылыққа барып, сол жақта өлген. Осы сөзді жазып отырған Мәшһүр Жүсіп мен дәл сол жылы туыппын (1858), қазір 70 жастамын, дейді. Ал үшінші рет 1874 жылы тобықты Құнанбай, айдабол Қишыл Қыстаубай, атбасарлық Егізек, Жанайдар, құлан қыпшақ Шонтыбай бастаған Орта жүзден 20, Кіші жүзден Досжан халфе, Нұрпейіс хазірет бастаған 100 адам барды, дейді. Бұл қазақтың ескі есебі бойынша қаракиік жылы екен.
Руханият • 07 Ақпан, 2020
Дәл қазір сексеннің сеңгіріне болат тұяғын тіреп тоқтаған, ұлтшыл жазушы Мұхтар Мағауин ертеректегі бір сұхбатында: «Көшеде келе жатып қарсы ұшырасқан қазақтардың жүзіне қарап-ақ олардың тұла бойындағы ұлттық бояуы мен ана тілін қаншалықты білетінін бірден байқаймын» деген екен. Бұл рухани ой-өрісі кемелдеген тұлғаның бәріне тән құбылыс. Мұны қазақша – сұңғылалық десе, ғылым тілінде – энтелехия деп атайды.
Тарих • 05 Ақпан, 2020
«Абақияда» сабақ берген алашордашы
2008 жылдың қазан айында «Егемен Қазақстан» газетінде «Ұлыдан ұрпақ қалса игі» атты сұхбат-жазба жарияланды. Тақырыпқа арқау болған дүние – Шәкәрім қажының кіші ұлы Зияттан туған немересі Мереке жайлы екен. Яғни, газет тілшісі Қорғанбек Аманжолға берген сұхбатында Мереке аға өзінің нағашы атасы, яғни анасының әкесі Сейітқазы атты ұстаз адам екенін және ол кісі 1944 жылы Моңғол елінің астанасы Ұлан-батырда қайтыс болғанын, оны анасы Мүнира барып жерлеп қайтқанын, екі жылдан кейін (1946) бұл кісі де сүзек ауруынан қайтыс болып, тоғыз жасында тұл жетім қалғаны жайлы айтыпты. Сұхбат барысында тілші орайын тауып «Сейітқазы ұстаз кім?» деп сауал қойған екен, оған Мереке атамыз: «Нағашы атам Сейітқазы Нұртаев – солтүстік өңірде туып-өскен Айыртаудың қазағы. Бір себептермен қудаланып Абай елін паналаған. Шәкәрім қажымен байланыста болған. Кейін Шыңжаң өлкесіне келіп, Алтай аймағында ұстаздық еткен» деп, өз білерімен бөлісіпті.
Руханият • 04 Ақпан, 2020
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жуықта жарияланған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында ұлы тұлғаның рухани мұрасын парасат биігінен бағамдай отырып, ақын барлық бастамашылдықта адалдықты жоғары қояды деген тұжырым жасапты.
Руханият • 30 Қаңтар, 2020
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі» деп атап өтті. Жылқы мәдениеті, атты мініске үйретудің өзі дара ілім. Елбасы айтқандай, қазақтың жылқытану өнері әлмисақтан қанына сіңген төл мұрасы. Яғни генетикалық жадысының туындысы.
Технология • 30 Қаңтар, 2020
2011 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұялы телефонын пайдалану адам денсаулығына зиянсыз деген пәтуа айтқан еді. Қазір бұл ұйым жоғарыдағы айтқан сөзінен айнуға мәжбүр болып отыр. Өйткені, соңғы кезде қоғам өміріне дендеп енген «ақылды» телефондардың адам денсаулығына, соның ішінде балаларға зияны туралы педиатр-дәрігерлер дабыл қағуда.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2020
Соңғы жылдары әлем экономикасында «Халал стандарты» дейтін жүйе пайда болды. Тіпті Дүниежүзілік сауда ұйымының құрамында «Total Global Halal industries» атты құрылым өз жұмысын сәтті жүргізіп келеді. Құрылымның құрылтайшысы – Малайзия. Бұл елде шығарылатын өнімнің 95 пайызы халал стандартқа сай.
Руханият • 23 Қаңтар, 2020
Өткен ғасырдың 90-шы жылдары... айтыс лап етіп тұтанды да, жарқ етіп жанып шыққан ақындар шықты. Кеңес кезінде тоқырап қалған бұл өнер тәуелсіздік жылдары төскейден сарқырап аққан бұлақтай тулады. Мәнері бөлек, сарыны тосын, келбеті ерек ақындар туды. Соның бірі, халық арасында «хайлайлым» атанып кеткен жетісулық Айтақын Бұлғақов.