Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
98 материал табылды

Тарих • 21 Қыркүйек, 2023

Амангелдінің айрықша суреті

Мына сурет биыл туғаны 150 жыл толып отырған халық батыры, 1916 жылғы Торғай ұлт-азаттық қозғалысының қолбасшысы Аман­гелді Имановқа қатысты салынған екен. Оған дәлел – суреттің астың­ғы жағында латын әріптерімен «Тор­ғайдың әскери комиссары халық батыры Амангелді» деген жазу тұрса, жақша ішінде «Қастеев картинасынан» деген сілтеме беріліпті.

Зерде • 19 Қыркүйек, 2023

Жоғалған жауынгерлер

Екінші дүниежүзілік соғыс тарихының ақтаңдақ тұстары көп. Соның бірі – Түркістан легионы сапында болған қазақ жауынгерлерінің тағдыры. Соғыстан кейін бұлардың бірлі-жарымы бас сауғалап Түркияның Ыстанбұл, Анкара қаласына барса, бір тобы Адана қаласына тұрақтаған екен.

Тарих • 17 Қыркүйек, 2023

Атанға артқан зеңбірек...

Қазақ тарихында әлі күнге дейін толық зерттеліп, тұжырымдалмаған бір сала бар. Ол – халқымыздың жауынгерлік өнері. Соның ішінде, үлкен ақын Ілияс Жансүгіров «Күйші» поэмасында: «Ат сайлап, қылыш қайрап, сарбаз ерлер, Зеңбірек атанға артқан найзагерлер, Жарқылдап сыбызғылы күй тартқандай, Алатау берік қорған жұмақ жерлер» дегеніндей, қазақ жауынгерлері атан түйенің үстіне зеңбірек немесе отты қару орналастырып, жаумен шайқасқаны жайлы біле бермейміз.

Тарих • 11 Қыркүйек, 2023

Есіл бойы һәм «Хан жолы»

Патшалық Ресей заманында өмір сүрген картограф һәм тарихшы Семен Ремезов деген адам болған. Ол 1642 жылы қазақ даласының батыс пұшпағымен шектесіп жатқан Тобылда туып, 1721 жылы өмірден өтіпті. Картографтың 1701 жылы «Чертежная книга Сибири» атты кітабы жарық көрген екен.

Жәдігер • 07 Қыркүйек, 2023

Талды ханзадасы

Тәуелсіздік жылдары та­былған құн­ды қазы­на­мыздың бірі – Тал­ды хан­задасы. 2009-2010 жыл­­дары археолог Ар­ман Бей­­сеновтің жетекші­лігі­мен Қарағанды облысы Қар­қаралы ауданы орталы­ғы­нан 44 шақырым қашықта орна­ласқан обаға қазба жұ­мыс­тары жүргізілді. Өңірде бір-біріне жалғасып жатқан жеті қорған-оба тізбегі Талды өзені аңғарын көлбей қоныс теп­кендіктен ғылыми тілде «Тал­ды қорғандары» деген атау­ға ие.

Тарих • 05 Қыркүйек, 2023

Қазақ қазынасын асырған

Қазақ өнерінің жанашыры, этнограф-зерттеуші, Қазақстанның тұңғыш Халық әртісі Александр Викторович Затаевич 1920 жылдан бастап өзі өмірден өткен 1936 жылға дейін 16 жыл қазақ өнерін үздік­сіз зерттеді. 2000 ән мен 50-ге тарта күйді қағазға түсірді. Нәти­жесінде, «Қазақтың 1000 әні» (1925 жыл) және «Қазақ халқының 500 ән-күйі» (1931 жыл) атты екі іргелі еңбек жазып қалдырды.

Әдебиет • 04 Қыркүйек, 2023

Қобдадағы тұңғыш роман

Қазақ халқының әдеби-мәдени кеңістігі зор. Өйткені рес­публика шекарасынан тыс жерде халқымыздың үштен бір бөлігі өмір сүріп жатыр. Үлкен тарихшы-ғалым Зардыхан Қинаятұлы айтқандай, «олар да ән салып, әдебиет жасаған». Соның бірі – байөлкелік қазақтар арасынан шыққан дарынды қаламгер, өлке тарихында тұңғыш роман жазған жазушы Елеусіз Мұқамәдиұлы.

Жәдігер • 20 Тамыз, 2023

Тақсай ханымы

Тәуелсіздік жылдарында еліміздің рухани қазынасына қосылған құндылықтың бірі – Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы жерінен табылған Тақсай ханымы (кей деректе абыз әйел).

Елорда • 09 Шілде, 2023

Есіл бойындағы ескі қала: Бозоқтың өткені мен бүгіні

Жаңа ас­тана тақыр жер, тайғақ өлкеде ғайыптан пайда болған жоқ. Оған дәлел – елорданың батысы Үркер шағын ауданының сол­түстік қапталында орна­ласқан Бозоқ қалашығы. Бұл нысан хронологиялық тұрғыдан – ежелгі түрік, ортағасырлық қыпшақ, кейінгі Алтын Орда ке­зеңін бастан өткерген, яғни даладағы қала мәде­ние­тінің үлгісі іспеттес әрі сонымен қатар бүгінгі Аста­намыздың іргетасы екені толық дәлелденді.