Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
792 материал табылды

Таным • 20 Ақпан, 2020

Аманатқа қиянат жүрмейді

Аманат – адамның бойындағы ең асыл қасиеті. Атамыз қазақ «Аманат– молшылық әкеледі, қиянат– кедейлік әкеледі» деген. Яғни, аманат бұзылған жерде қиянат қанат жаяды. Ондай ортада ынтымақтың іргесі сөгіледі, берекенің қамалы бұзылады. Аманаттың түрі көп. Ең үлкен аманат адамның – жаны. Бұрынғы абыз-жырау аталарымыз: «Алланың аманатқа берген жанын, кезегі келген кезде қайтарамын» деп бекер айтпаса керек.

Руханият • 18 Ақпан, 2020

Алаштың ұясынан ұшқан ғалым

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапхана ұжымы мен Қ.Мұхамедханов атындағы білім мен мәдениет орталығы бірлесіп, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абайтану және Қайым Мұхамедханов» атты дөңгелек үстел өткізді.

Руханият • 17 Ақпан, 2020

Маршал Титоның орындауындағы «Қараторғай»

1967 жылы Мәскеу қаласында Қазан төңкерісінің 50 жылдығы айрықша атап өтіледі. Саяси мәні басым тойға сол кездегі социалистік лагерь елдерінің басшылары, сырт мемлекеттердегі коммунисттік партияның жетекшілері бірі қалмай шақырылғаны анық. Осы тойға құрметті қонақ ретінде Моңғолия елінің басшысы, маршал Юмжагийн Цеденбал да қатысады. Бұл адамның әйелі Анастасия Ивановна орыс ұлтынан, әрі өзі де Кеңес елінде білім алғандықтан орыс тілін еркін меңгерген жайы бар. 

Тарих • 12 Ақпан, 2020

Меккедегі «Қазақ тақиясы»

Керекулік молда атамыз Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ертеде жазған «Қазақ шежіресі» атты еңбегі бар. Онда қазақтардың қажылық сапарға қай кезден бастап барғаны жайлы мәлімет келтіреді. Мәшекеңнің айтуынша, ең алғашқы қажы уақ Нүркен деген адам екен. Екінші рет 1858-ші қой жылы күлік Самай сопы мен ноғай Байжан хазірет қажылыққа барып, сол жақта өлген. Осы сөзді жазып отырған Мәшһүр Жүсіп мен дәл сол жылы туыппын (1858), қазір 70 жас­тамын, дейді. Ал үшінші рет 1874 жылы тобықты Құнанбай, айдабол Қишыл Қыстаубай, атбасарлық Егізек, Жанайдар, құлан қыпшақ Шонтыбай бастаған Орта жүзден 20, Кіші жүзден Досжан халфе, Нұрпейіс хазірет бастаған 100 адам барды, дейді. Бұл қазақтың ескі есебі бойынша қаракиік жылы екен.

Руханият • 07 Ақпан, 2020

Энтелехия

Дәл қазір сексеннің сеңгіріне болат тұяғын тіреп тоқтаған, ұлт­шыл жазушы Мұхтар Мағауин ертеректегі бір сұхбатында: «Көшеде келе жатып қарсы ұшырасқан қазақ­тардың жүзіне қарап-ақ олар­дың тұла бойындағы ұлттық боя­уы мен ана тілін қаншалықты біле­тінін бірден байқаймын» деген екен. Бұл рухани ой-өрісі кемелдеген тұл­ғаның бәріне тән құбылыс. Мұны қазақша – сұңғылалық десе, ғылым тілінде – энтелехия деп атайды.

Тарих • 05 Ақпан, 2020

«Абақияда» сабақ берген алашордашы

2008 жылдың қазан айында «Егемен Қазақстан» газетінде «Ұлыдан ұрпақ қалса игі» атты сұхбат-жазба жарияланды. Тақырыпқа арқау болған дүние – Шәкәрім қажының кіші ұлы Зияттан туған немересі Мереке жайлы екен. Яғни, газет тілшісі Қорғанбек Аманжолға берген сұхбатында Мереке аға өзінің нағашы атасы, яғни анасының әкесі Сейітқазы атты ұстаз адам екенін және ол кісі 1944 жылы Моңғол елінің астанасы Ұлан-батырда қайтыс болғанын, оны анасы Мүнира барып жерлеп қайтқанын, екі жылдан кейін (1946) бұл кісі де сүзек ауруынан қайтыс болып, тоғыз жасында тұл жетім қалғаны жайлы айтыпты. Сұхбат барысында тілші орайын тауып «Сейітқазы ұстаз кім?» деп сауал қойған екен, оған Мереке атамыз: «Нағашы атам Сейітқазы Нұртаев – солтүстік өңірде туып-өскен Айыртаудың қазағы. Бір себептермен қудаланып Абай елін паналаған. Шәкәрім қажымен байланыста болған. Кейін Шыңжаң өлкесіне келіп, Алтай аймағында ұстаздық еткен» деп, өз білерімен бөлісіпті.  

Руханият • 04 Ақпан, 2020

Адалдық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жуықта жарияланған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында ұлы тұлғаның рухани мұрасын парасат биігінен бағам­дай отырып, ақын барлық бас­тамашылдықта адалдықты жоға­ры қояды деген тұжырым жасапты.

Руханият • 30 Қаңтар, 2020

Қазақтың жылқытану өнері

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі» деп атап өтті. Жылқы мәдениеті, атты мініске үйретудің өзі дара ілім. Елбасы айтқандай, қазақтың жылқытану өнері әлмисақтан қанына сіңген төл мұрасы. Яғни генетикалық жадысының туын­дысы.

Технология • 30 Қаңтар, 2020

Смартфонның зияны

2011 жылы Дүниежүзілік ден­саулық сақтау ұйымы ұялы телефонын пайдалану адам денсаулығына зиян­­сыз деген пәтуа айтқан еді. Қа­­зір бұл ұйым жоғарыдағы айт­қан сөзінен айнуға мәжбүр болып отыр. Өйткені, соңғы кезде қо­ғам өміріне дендеп енген «ақыл­ды» телефондардың адам денсау­лы­ғына, соның ішінде балаларға зия­ны туралы педиатр-дәрігерлер да­был қағуда.

Қоғам • 24 Қаңтар, 2020

«Халал стандарты» деген не?

Соңғы жылдары әлем экономикасында «Халал стандарты» дейтін жүйе пайда болды. Тіпті Дүниежүзілік сауда ұйымының құрамында «Total Global Halal industries» атты құрылым өз жұмысын сәтті жүргізіп келе­ді. Құрылымның құрылтайшысы – Малай­зия. Бұл елде шығарылатын өнімнің 95 пайызы халал стандартқа сай.